Австралия Одағы презентация

Әкімшілік-территориялық құрылымы

Слайд 1Австралия, ресми атауы — Австралия Одағы (ағылшынша ‘Commonwealth of Australia’ — латын тіліндегі australis —

оңтүстік деген сөзінен шыққан) — Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Австралияның астанасы – Канберра қаласы. Ірі қалалары — Сидней, Мельбурн, Халқының саны 21 миллион адам.

Австралия Одағы


Слайд 2Әкімшілік-территориялық құрылымы


Слайд 3Австралия Одағы Туы


Слайд 4Австралия Одағының Елтаңбасы


Слайд 5Жер бедері
Австралия жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биікт.

600 м-ден аспайды. Орограф. ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады. • Батыс Австралия таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биікт. 936 м), оңт.-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр. • Орталық ойпаттың биікт. 100 метрден аспайды, ал Австралиядағы ең темен жер — Эйр к-нің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңт.-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар. • Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жот асы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Австралияда ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.

Слайд 6Штаттар:
Виктория штаты — жер аумағы: 237 629 км² (Австралия штаттары мен

территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;
Батыс Австралия штаты — жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;
Квинсленд штаты — жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты — жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сидней қаласы;
Тасмания штаты — жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
Оңтүстік Австралия штаты — жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаида қаласы;


Слайд 7Геологиялық құрылысы және кен байлықтары

Құрлықтың іргетасын, негізінен, Австралия платформасы мен Шығыс

Австралия геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Австралия платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солт.-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс Австралияның Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңт.-батысында көп ұшырасады.


Слайд 8Ауа райы
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңт. ендік), ал солтүстігі мен

оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағала-уының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Австралияның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28°C ға дейін), тек қыс айларында (шілде — тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40°C болатын аудан құрлықтың солт.-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1°C). Тұрақты аяз тек оңт.-шығ-тағы Австралия Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлш. 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.


Слайд 9Гидрология
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша

кебетін өзен арналары — криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады.


Слайд 10Халқы
2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546

адам болған. Австралияның негізгі хал­қы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағыл­шын тілділер, оларды австралиялықтар деп то­лық айтуға болады, өздеріне тән құн­ды­лықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қа­лыптасқан. ХХ ғасырдың 70-жыл­дары демографиялық дағдарыс және эко­но­миканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пай­далануды талап етті. Австралияға ағылып араб­т­ар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конс­титуцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәсе­ле­леріне бай­ланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орын­дарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді.


Слайд 11Мемлекеттік құрылымы
Австралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес

Австралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Австралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.
Австралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:
заңшығарушы тарау: Австралия Парламенті;
атқарушы тарау: Федералдық Атқарушы Кеңес;
соттық тарау: Австралияның Жоғарғы Соты.

Слайд 12Парламенті
Австралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы — Сенат, төменгісі — Өкілдер

Палатасы. Сенатта — 76 сенатор ал Өкілдер палатасында — 150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы 3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12 сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар.


Слайд 13Жетекші саяси партиялары
Австралияның Лейбористік Партиясы (Australian Labor Party) (1891 жылы құрылған),

Австралияның Либералдық Партиясы (Liberal Party of Australia) (1944) және Австралияның Ұлттық Партиясы (National Party of Australia) (1916).
Либералдық және Ұлттық партияларының коалициясы 1996 мен 2007 жылдар аралығында үкіметті басқарды және 2004 жылдан бастап Сенаттыда бақылауға алған. Дегенмен 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда, төменгі палатада көпшілік дауысты Лейбористер партиясы жеңіп алды. Сонымен қатар олар елдің бүкіл штаттардың мен территориялардың Парлменттерінде көпшілік дауысқа ие.


Слайд 14Әкімшілік құрылымы


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика