Слайд 1Ашық сабақ. Аустралияның географиялық орны,жер бедері.
Орындаған:Матқасым Марал
Қабылдаған:Акашова Атиргуль
Слайд 2Жоспар:
Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Аустралия материгінің географиялық орнын,табиғи ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге
құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам? жеті жұмбақ, «ең, ең, ең,….» ойыны сәйкестендіру тест.
Құрал-жабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар.
Слайд 3Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау
«Саяхат сабақ» әдісі
бойынша, Африка материгінен Аустралия материгіне жету үшін жолдағы кедергілерден өту.
1-кедергі:
А)Африка атауы қайдан шыққан?(африги тайпасынан)
Б)Африканың шеткі нүктелері? (Эль-Аьбяд,Ине,Алмади,Рас-Хафун)
В)Биосфераның Алтын қорына енген қай жер?(Сахара,Мадагаскар)
2-кедергі:
А) Африканың жалпы ауданы. ( 30,3млн км2)
Б)Мадагаскардың ауданы?(590 мың.км)
3-кедергі:
А)Африканы зерттеген саяхатшылар? (Д. Ливинстон, В. Юнкер)
Б)Африканы қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?(экваторлық,субэкваторлық,тропик,субтропик)
В)Африканың өзендері?(Ніл,Конго,Занбези)
Слайд 4ІІІ. Жаңа сабақ. «Үш аялдама» әдісі.
Ең кіші материк қалай аталады?
1-аялдама: Географиялық
орны, шеткі нүктелеріне тоқталу.
2-аялдама: Аустралияны зерттеген саяхатшылар туралы, олардың ашқан жаңалықтарына тоқталу.
3-аялдама: Жер бедері, пайдалы қазбалар туралы айту.
Сергіту сәті.
«Кім жылдам» ойыны.
( Географиялық нысандардың аты аталады, сіздер оның не екенін айтасыздар)
1.Сахара (шөл) 11. Скандинавия (түбек)
2.АҚШ ( мемлекет) 12. Мадагаскар (арал)
3.Гималай (тау) 13. Гольфстрим (ағыс)
4.Танканьика (көл) 14. Антарктида ( материк)
5.Амазонка (өзен) 15. Гибралтар (бұғаз)
6.Альмади (мүйіс) 16. Суэц (канал)
7.Отты жер (арал) 17. Орисаба (жанартау)
8.Игуасу (сарқырама) 18. Сомали (түбек)
9.Мыс (металл) 19. Лондон (қала)
10.Гвинея (шығанақ) 20. Аконкагуа (шың)
Слайд 5«Ең, ең, ең,......» ойыны.
Ең биік шың (Джомолунгма)
Ең үлкен түбек (Арабия)
Ең кіші
материк (Аустралия)
Ең халық көп материк (Еуразия)
Ең терең шұңғыма (Мариана)
Ең үлкен көл (Каспий)
Ең ұзын өзен (Ніл)
Ең биік сарқырама (Анхель)
Ең суыққа төзімді құс (пинг10. Ең кішкентай мұхит (Солт. Мұзды мұхит)
11. Ең үлкен ойпат (Амазонка)
12. Ең терең көл (Байкал)
13. Ең ірі дүние бөлігі (Азия)
14. Ең үлкен арал (Гренландия)
15. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
16. Ең ұзын тау (Анд)
17. Ең үлкен шөл (Сахара)
18. Ең биік ағаш (Секвойя)
19. Ең кішкентай мемлекет (Ватикан)
20. Ең суы мол өзен (Амазонка)
Слайд 6Келесі кезең «Жеті жұмбақ» -пән аралық байланыс.
1. Қаласы бар, үйі жоқ.
Орманы
бар, бүрі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ.
Тауы бар да, тасы жоқ,
Ойлаңдаршы, балалар,
Оның қиын түгі жоқ. (географиялық карта)
2. Жан-жағы су болып жатыр,
Ортасы ну болып жатыр. (арал)
3. Теңіз, тауларды, халықты,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (жер)
4. Жиналған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (қар)
Слайд 75. Азықсыз, көліксіз,
Сусынсыз, серіксіз
Әлемді шарлайсыз,
Жиһанкез болып сіз. (глобус)
6. Аралдай сауыры,
Мұхиттың алыбы
(кит)
7. Мөлдір әрә түссіз, өзі табиғи отын. (газ)
Слайд 8ІV. Сабақты бекіту
Фотолар галириясы. Мазайка құрастыру.
1-топ Аустралия материгін құрастыру.
2-топ Ең көп
тараған пайдалы қазбасын құрастыру.
3-топ Саяхатшы Тасманның суретін құрастыру
Құрастырып, сол туралы толық мазмұндап айту.
Тест . Бүгінгі сабақтан не білдік, не үйрендік. (әр балаға тест беру)
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. Аустралия материгін оқып, мазмұндау.