ІІ нұсқа
Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған.Олардың кейбір түрлері Қазақстанның Оңтүстік- шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс жатады.Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Дала тышқаны, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі кездеседі. Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шымшық торғай,т.б. Батыс Тянь- Шаньды ұзын құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Өзен, көл аймақтарындағы қарақұс, сұр шымшық,елік,ақ тышқан және балық түрлеріне бай.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть