XVII ғасырда физикада жарық туралы екі теория дамып, қалыптасты презентация

Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән. Толқындардың түзу сызықты таралудан ауытқуы немесе бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады (difractus -лат- сынған).

Слайд 1XVII ғасырда физикада жарық туралы екі теория дамып, қалыптасты.
Ньютон (1643-1727):
жарық

дегеніміз жарық көзінен жан-жаққа кететін бөлшектер- корпускулалар ағыны (зат тасымалы).
Гюйгенс (1629-1695):
барлық денелердің ішіне өтетін ерекше гипотетикалык ортада — эфирде таралатын толқындар.

Слайд 2Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасын интерференция және дифракция құбылыстары тән.
Толқындардың түзу сызықты

таралудан ауытқуы немесе бөгеттерді орағытып өтуі дифракция деп аталады
(difractus -лат- сынған).

Слайд 3Гюйгенс- Френель принципі
Френель Гюйгенс принципін екінші реттік толқындардың интерференция идеясымен біріктіріп

барып, толқындық теорияны негіздеуде айтарлықтай табыстарға жетті. Френель идеясы бойынша кез келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз екінші реттік толқындарға жай ғана жанама бет емес, олардың интерференциялануының нәтижесі болып табылады.



Слайд 4Минимумдар шарты : Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жолдарының

айырмасы тақ санды жарты толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы минимал болады: ∆d = (2k+1) λ/2, мұндағы k=0, 1,2...

Слайд 5


Максимумдар шарты: Егер ортаның берілген нүктесіндегі тербелістерді тудыратын екі толқынның жол айырмасы бүтін санды толқын ұзындықтарына тең болса, онда сол нүктедегі тербеліс амплитудасы максимал болады. ∆d = kλ, мұндағы k=0, 1,2...


Слайд 7Егер жарық дифракцияланатын бөгет жарық көзі мен бақыла нүктесіне жақын болса,

онда байқалатын жарық дифракциясы Френель дефракциясы немесе тоғысатын сәулелер дифракциясы деп аталады.


Слайд 8Егер бөгет жарық көзінен өте алыс болса, онда сол бөгетке түсетін

жарық шоғы параллель болады, өйткені шексіз қашық толқындық бетті жарық  бет деп санауға болады. Егер осындай жарық жазық толқыны дифракцияланған соң жарық сәулелері параллель болып таралса, онда байқалатын құбылысты Фраунгофер дифракциясы немесе параллель сәулелелр дифракциясы деп аталады

Слайд 9Егер жарық бір саңылаудан емес, қатарласқан бірнеше са-ңылаудан өткізілсе, онда байқалатын

дифракциялық жолақтар енсіз және жарығырақ болады. Енділігі бірдей, өзара параллель орналасқан саңылаулар жиыны әдетте дифракциялық решетка деп аталады.

Слайд 10 Түрлі саңылаулардағы дифракция
d > λ
d ≥

λ

d ≤ λ


Слайд 11 Түрлі бөгеттердегі механикалық толқындар дифракциясы
d > λ
d ≥ λ
d ≤

λ

d


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика