Слайд 1Оптикалық-талшық бойымен ID Net желісін ұйымдастыру
Орындаған: Құттыбаев А.А.
Қабылдаған: Джанузакова Р.Н.
Слайд 2Мақсаты: ID Net оптикалық талшықты желілермен негізделген, бұл Ғаламтор желісіне қатынау
саласындағы жаңа сөз. Бұл желілер байланыс саласындағы ең келешегі бар және жылдам дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Негізгі артықшылығы – жоғары өткізу қабілеттілігі. Бұл дегеніміз, енді біз үлкен файлдарды жоғары жылдамдықпен қабылдап, тарата аламыз.
Слайд 3 Телекоммуникацияда және мәліметтерді тарату әлемі жиіліктер қорына қарқынды сұраныстың өсіп келе
жатқанымен соқтығысады. Бұл қарқын негізінде Ғаламтор желісін пайдаланушыларының көбеюімен, халықаралық байланыс операторларының өзара әрекеттесуімен және берілетін мәліметтер көлемінің көбеюімен байланысты. Бір адамға шаққандағы өткізу жолағы қарқынды түрде өсуде. Осы себептен байланыс операторлары өздерінің мәліміттер жүйесін құрған кезде талшықтыоптикалық кабельдерін өте жиі қолданады. Бұл ұзақ қашықтықтарға созылған магистральді желілерді және локальды есептеу желілерін құрғанменде байланысты.
Слайд 4 Оптикалық талшық (ОТ) қазіргі уақытта ең жетілдірілген мәліметтерді тарату ортасы болып
табылады, сонымен қатар ұзақ қашықтықтарға көп көлемдегі мәліметтерді тарату үшін де болашағы зор тарату ортасы болып табылады. Қазіргі таңда оптикалық талшық мәліметтерді таратумен байланысты есептердің барлығында қолданыс табады. Міне, сондықтан ID Net желісі оптикалық талшық бойымен таратылады.
Слайд 5 ID Net бұл Ғаламторға қолжеткiзу қызметі, негізі оптикалық желiлердiң технологиясы «Fiber
to the home» (FTTH) – ғаламторға қосылудың жылдамдығын үлкейту де ғана емес, толық телекоммуникациялық спектрдегі қызметтердi береді. «Fiber to the home» технологиясы, тиiмдi, жеңiл және техникалық шешімдерді шешуге рұқсат береді және мәлiметтерлердi ең жоғарғы жылдамдықта беруді қамтамасыз етедi – 100 мбит/секундқа дейiн, сондықтан ID Net – Қазақстанда сапалы жоғары жылдамдықты Ғаламтор. ID Net желісін жобалауда біз оптикалық талшықты кеңінен қарастыратын боламыз.
Слайд 6 Үй Ғаламторы үшiн, ID Net жақсы таңдау. Жаңа өзектiлiк ғаламтордың үйде
пайда болуда, ескі мақал есіңе түседі: «Менiң үйiм – менiң бекiнiсiм» – енді үйден шықпай кешкi ас тапсырыс беруге болады, тiптi киiмдi, аяқ киiм, тұрмыстық техниканы сатып алуға болады. ID Net бүгiнгi күнде жоғары жылдамдықты Ғаламтор қызметiнiң басты жеткiзушiлерiнiң бiрi бiздiң елде болып cаналады. ID Net қосатын әрбір қолданушы, сапалы сервис және тиімді баға бойымен шапшаң қосыла алатындығына мүмкіндік және кепілдік береді. ID Net – инновациялық жоба Megaline қызметімен салыстырғанда жоғары сапалы қамтамасыз етедi, бұл дауыстың және видеоның ғаламтор желісінде берілуіне қол жеткiзеді, бүгiнгi күнде ақпаратты қазiргi заманауи және сапалы беру тәсілі – талшықты-оптикалық байланыс желiсi екені белгiлi.
Слайд 7 ID Net - ғаламторға жоғары жылдамдықпен қолжеткiзудiң мүмкiндiгі ғана емес, тиiмдi
тарифтерінің қолайлы бағалары, әр түрлiлiгi және сапасы жоғары қызмет бере алады.
Слайд 8 Кез-келген желiнiң құрылысын жасау үшін жобалаудан басталатыны белгiлi. Қабiлеттi тәжiрибелi толық
мәнді жобалаушыларды қолдана отырып, олар бастапқы мәлiметтердi анализдейді, қажеттi есептерді шешіп және оңтайлы жолын анықтайды, сүйене, сан том, қолданыстағыға нормативтiк және регламент белгiлейтiн құжаттар, сонымен бiрге жобалаудың тәжiрибесi, байланыс операторымен стратегиялық жоспарлауды мәнін шешіп береді және қазiргi желiнiң құрылысы, айғақсыз шығындар шығарып тастауға мүмкіндік береді.
Слайд 10 PON (Passive Optical Network, пассивті оптикалық желі) — оптикалық талшық бойымен
кеңжолақты көп сервистiк қолжеткiзудiң өте перспективалы және тез іске қосылатын технологиясы (2-сурет). Мұнда OLT – оптикалық сызықтың терминалы (сызықты терминал),ONT – оптикалық желілік терминал (абоненттік түйін), ОТШ – оптикалық тармақтаушы шкаф, ОТК – оптикалық тармақтаушы қорап (бокс), ОРА – оптикалық абоненттік разетка, ОКТ – оптикалық тармақтаушы кросс.
Слайд 12PON желінің қасиеттері:
бір талшық бойымен бұтақты сәулет тасымалдауды бір-біріне екі
түрлі толқын ұзындықтарында: 1550 ·10-9 м (орталық түйіннен абоненттерге, төмен түсетін ағын) және 1310·10-9 м (абоненттерден орталық түйінге, жоғары шығатын ағын);
аралық түйіндер арасында пассивті оптикалық таратқыштар (сплит-теры) орналасады;TDMA қатынау әдісті қолдануы абоненттер арасында өткізу жолағын оңай өзгертуге мүмкіндік береді;
орталық түйіннен (OLT) бір талшыққа 32 абоненттік түйіндерді (ONT) қосуға болады; барынша көп қашықтау 20 шақырымды құрады.
Негiзгi PON архитектурасының ойы – ONT абоненттiк құрылғыларға көп ақпарат тарату үшiн, бір ғана OLT қабылдау-тарату модулының пайдалануы және олардан ақпараттар тәсiлін алу.
Слайд 13 PON технологиясының мәні оның атауымен және тармақтаушы желісі активті құрамдас бөлiктердi
қолданбағандықтан оңай түсіндіріледі. Бiр талшықты оптикалық байланыс желiсiнде оптикалық сигналды тарамдау үшін пассивті оптикалық тармақтаушылардың, яғни сплиттер көмегімен жүзеге асырады. PON — кең жолақты қолжеткiзу қағидасы FTTH (Fiber to the Home — «үйге дейін талшық») бойынша оптикалық тармақталған желi, және де қабылдап - таратушы модульде орталық түйіннің ең төменгі санымен және желі сегментінде орталық түйін мен абоненттік терминалдың аралығында активті құрылғының жоқтығымен ерекшеленеді.
Слайд 14Ойлану керек, бүгін-ертең оптикалық желiлердi жобалауды үлкен масштабты түрде абоненттік қолжеткізу
аумағында қолдану керек болады. Ең жақсы шешім – бұл жобалау ұйымында жеке топта PON желісімен жобалау. Сондықтанда, ID Net желісі – осы PON желісімен жобаланады.
Слайд 15Кез-келген пассивті оптикалық желі үш негізгі элеметтерден тұрады: станциялық терминалдан OLT
(Optical Line Terminal), пассивті оптикалық сплиттерден және абоненттік құрылғыдан ONU (Optical Network Unit). OLT терминалы PON желісін сыртқы желiлермен өзара байланысын қамтамасыз етедi, сплиттер – PON трактының аумағының оптикалық сигналды тарамдауды жүзеге асырады, ONU абоненттiк жақтан қажеттi интерфейстердi өзара байланыстырып тұрушы.
Слайд 17Бұл суретте желілік түйiн АТС-тан тұрады, қызмет көрсету ауқымы, негiзiнде, PON
желiнiң қамту аймағымен анықталады. Түйiнде PON шлюз жабдығы белсендi шоғырланады, осыған сай оны OLT (OLT—Optical Line Terminal) орындайды, яғни Ғаламтор желiсi мен шеткi абонентті байланыстырушы, басқада медиаконтинет ұйымдастыру үшiн, дауыстың беру қызметін, мәлiметтердi және видеоны.
PON кiрісінің порттары OLT жабдығы оптикалық кросс ODF OLT оптикалық баулардың көмегімен қосылады.Оптикалық кроспен кабельдердiң бағытын, коммутациялап үлестiрудi жүзеге асырады және станциялы оптикалық кәбіл сплайстақта арқылы сызықты қосылады. Әдеттегiдей, оптикалық кросс сол аумақтың АТС-да (ЛАЦ, кросс) орналасады, және онда OLT тұғыры орнатылады.
Слайд 18Жоғарыда айтып өткеніміздей, FTTH оптикалық талшықтың пәтерге дейін немесе тұтынушының жеке
меншік үйіне дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. FTTH желілерін ұйымдастырудың екі түрі бар: Ethernet негізінде және PON негізінде ұйымдастыру. ID Net желісін жобалауда PON негізімен ұйымдастырамыз.
Слайд 19FTTH желілерінде әрбір абонентке біреу есебімен орнатылатын болғандықтан, көптеген түрлендіргіштер қажет
болады. Осыдан басқа, осы типті желілерде көп мөлшерде оптикалық талшықтар, тармақтаушылар және оптикалық кросстар талап етіледі (6-сурет).
Слайд 20Көптеген елдерде FTTH желілерін дамытумен негізінен коммуналдық және муниципалдық қызметтер, артынан
байланыс операторлары да айналыса бастады. FTTH кететін шығындардың көптігі құрылғының бағасына, сондай-ақ монтаждаудың жоғары бағасына негізделген. Оптикалық кәбілдің құны магистралды коаксиалды кәбілдің құнына жақындағанына қарамастан, қабаттар арасындағы тіреуіштерге және абоненттіңк жәшіктерден теледидарларға тартылатын RG6 типті таратқыш коаксиалды кәбілге (КК) жете қойған жоқ.
Слайд 21Егер FTTB кезінде олар бір үйге біреу есебімен орнатылатын болса, онда
FTTH кезінде әр қабатқа немесе әрбір абонентке біреу есебімен орнатылады. Бірақ FTTH желілерін дамыту кезіндегі негізгі шығындар құрылыс жұмыстарына кетеді, ал оптикалық талшықтың өз құны аздаған бөлігін ғана құрайды. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын оптикалық-талшықты кәбілдің саны есепке алынбайды. Алайда FTTH желісі мен оның электронды құраушыларының өмір сүру циклы бірнеше жылды құрайды, оптикалық-талшықты кәбіл мен оптикалық тарату желісінің қызмет көрсету мерзімі ұзақ болады, ол жуық шамамен ең кемінде 30 жыл. Мұндай ұзақ уақыт бойы қызмет ету мен FTTH-желісін дамытуға кететін үлкен шығындар оптикалық-талшықты желілерді жобалаудың қатаң нормативтерін сақтауды талап етеді, себебі құрылып қойған желіге өзгертулер енгізу айтарлықтай шығынды талап етеді.
Слайд 22FTTH желілерінің архитектурасын негізгі үш сатыға бөлуге болады:
Ethernet-коммутаторлар "сақинасы".
Ethernet-коммутаторлар
"жұлдызшасы".
PON пассивті оптикалық желісінің технологиясын пайдалану арқылы "бұтақ".
Біз арине PON техгологиясын пайдаланамыз.
Ендігі мақсат ID Net желісін FTTH арқылы PON технологиясымен тұрғын үйге жабдықтарды орналастыру (7-сурет). Мұнда тұрғын үй бес қабаттан, төрт кіреберістен, әр қабатта төрт пәтерден. Барлығы сексен пәтер.
Слайд 23Еуропалық кеңестiң бағасы бойынша FTTH бойымен, 2013 жылы FTTH бойымен қосуларды
қолданушылардың саны 15 миллион шектен шығады, соның iшiнде қалаларда - 10 миллионнан көп. FTTH-та құрылыс ошағын жүргізу аз қабатты аудандарға құрылыс ошағын жүргізуге қарағанда, қалалық аудандарда құрылыс ошағын жүргізу экономика шағынан тиiмдiрек.
Сонымен, жасалынған мақала нәтижесінде ID Net желісіне абоненттік қолжетімді PON-технологиясы негізінде ұйымдастырдым. Бас станциямен, барлық қажетті құрылғылар, кәбілді инфрақұрылым және тұтынушы түйіндері (торабтары) жасалынды.
Слайд 24Бүкіл желі жаңа технологиялар негізінде жобаланды, және болашақтағы оған қойылатын талаптарға
толығымен сәйкес болады. Желі құру аяғында келесі нәтижелер алынды:
Біріншіден, тасымал жылдамдығының өсу салдарынан оптикалық талшық магистралды жә не шағын желілерді құруға ең жақсы орта болып табылады.
Екіншіден, пассивті таралу түйіндері желінің сенімділігін ұдайы көтереді, сондықтан, орталық және тұтынушы түйіндер арасындағы активті элементтердің жоқ болуы.
Үшіншіден, FTTH (талшық пәтерге дейін) ең дамыған концепциясы арқасында, әр тұтынушы терминалды болады.