орта аралығындағы жылу алмасу, жылу беру немесе конвективті жылу алмасу деп аталады. Конвективті жылу алмасуда қатты дене бетінен сұйықтық орталықтарына немесе сұйықтықтан қатты дене бетіне жылудың берілуі жылу өткізгіштік және конвекция арқылы жүреді.
Конвективті жылу алмасудың қарқындылығы шекаралас ламинарлы қабаттың болуымен және оның қалыңдығымен анықталады (1-сурет). Осы қабат арқылы жылу тек жылу өткізгіштік арқылы беріледі.
1-сурет. Сұйықтықты қыздырғандағы шекаралас
қабаттағы температураның өзгерісі