Бүкіләлемдік тартылыс заңы : Кез-келген екі материалдық нүктелердің арасында олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадраттарына кері пропорционал өзара тартылыс күші әсер етеді:
Ауырлық күші және салмақ. Салмақсыздық
Жермен байланысқан санақ жүйесінде кез-келген массасы m денеге ауырлық күші әсер етеді.
Дененің салмағы деп Жерге тартылыс әсерінен дененің, оны еркін құламас үшін ұстап тұратын, тіреуге (немесе аспаға) түсіретін күшін айтады.
Егер дене тыныштықта немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалса, онда
Егер дене ауырлық өрісінде кез келген траектория бойымен және кез келген бағытта еркін қозғалса, онда
Өріске енгізілген кез келген денеге
тартылыс күшінің әсер етуі тартылыс өрісінің негізі қасиеті болып табылады.
Тартылыс өрісі кернеулігі бірлік массаға әсер ететін күшпен, ал бағыты сол күштің бағытымен анықталады. Кернеулік тартылыс өрісінің күштік сипаттамасы.
Егер өрістің барлық нүктелердегі кернеуліктері бірдей болса, онда тартылыс өрісі біртекті, және егер өрістің барлық нүктелеріндегі кернеулік векторлары қандай да бір инерциалды санақ жүйесіне қатысты қозғалмайтын А нүктесінде қиылысатын, түзулер бойымен бағытталса, онда өріс орталық деп аталады.
– тартылыс өрісінің потенциал – өрістің энергетикалық сипаттамасы
Космостық жылдамдықтар
Бірінші космостық жылдамдық деп – дене Жердің айналасында дөңгелек орбитамен қозғала алуы, яғни Жердің жасанды серігіне айналу үшін берілетін минимал жылдамдық.
Үшінші космостық жылдамдық деп Күннің тартылысын жеңіп, Күн жүйесін тастап кетуі үшін денеге берілетін жылдамдық.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть