фазалы ағындардың гидродинамикасы. Барботаж
Газдың сұйықтық арқылы қозғалысында газ сұйық ортада көпіршік түрінде тарайды. Заттың мұндай дисперстік күйін көбік деп атайды. Мұндай көбіктер тұрақсыз болады және заттың таралуы тоқталса, көбік те бұзылады. Тұрақты көбіктер сұйықтыққа беттік белсенді заттарды қосқанда түзіледі.
Көбік газ мөлшерімен және газ-сұйықтық арасындағы меншікті бетпен сипатталады. Көбіктегі газ мөлшері дегеніміз көбіктің жалпы көлеміндегі газ фазасының көлемдік үлесі. Меншікті бет дегеніміз көбіктің бірлік көлеміндегі газ-сұйықтық аралығындағы фазалардың әсерлесу беті.
Көбіктің аталған сипаттамаларын біле отырып, көпіршіктің орташа беттік-көлемдік диаметрін анықтауға болады. Ол үшін V м3 көлемде n көпіршік мөлшері болсын делік, онда газ мөлшері тең болады:
(1.0)
Ал меншікті бет:
(1.1)
Екі теңдіктен де көлемді анықтап, екі мәнді теңестірсек:
(1.2)