Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Есептер шығару презентация

Содержание

ОҚУ МАҚСАТЫ: 8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру; 8.4.1.7 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;

Слайд 1 Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Есептер шығару


Слайд 2 ОҚУ МАҚСАТЫ:
8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық

мағынасын түсіндіру;
8.4.1.7 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;


Слайд 3ЖIПКЕ ЗАРЯДТАЛҒАН ШАРДЫ IЛIП, ОҒАН ЭЛЕКТРЛЕНГЕН ШЫНЫ ТАЯҚШАНЫ ЖАҚЫНДАТАЙЫҚ.


Слайд 4 Электрлiк әсердiң берiлу процесiне ауа қатыспайды.

Ондай болса, зарядталған денелердiң өзара

әсерлесуi не арқылы жүзеге асады?

Слайд 5 Бұл сұрақтың жауабын ағылшын ғалымдары М.Фарадей (1791–1867) және Дж. Максвелл (1831–1879)

өз еңбектерiнде бердi.

Слайд 6 Фарадей мен Максвеллдiң еңбектерiне сүйенсек, зарядталған денелердi қоршап тұрған кеңiстiк, басқа

денелердiң айналасындағы кеңiстiктен өзгеше.

Слайд 7 Зарядталған денелердiң айналасында электр өрiсi болады.

Электрлiк әсерлесу осы

өрiс арқылы жүзеге асады.


Слайд 8 Сонымен, электр өрiсi – кез-келген зарядталған денелердiң айналасында болады және заттардан

ерекше, материяның айрықша бiр түрi болып табылады

Слайд 9ЭЛЕКТР ӨРІСІНІҢ ЗАРЯДТАРДЫҢ МАҢАЙЫНДА ПАЙДА БОЛУЫ


Слайд 10 Электр өрісін көру немесе ұстау мүмкiн емес.
Электр өрiсiнiң бар немесе

жоқ екендiгiн, тек оның әсерi арқылы бiлуге болады.


Слайд 11ЭЛЕКТР ӨРIСIНIҢ НЕГIЗГI ҚАСИЕТТЕРI ҚАРАПАЙЫМ ТӘЖIРИБЕЛЕР АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛАДЫ.
Зарядталған дененiң электр өрiсi,

осы өрiстегі кез-келген зарядталған денеге қандай да бiр күшпен әсер етедi.
Зарядталған денеге жақын аралықта өрiс күштiрек, ал алыста әлсiздеу. Мұны тексеру үшiн тағы да зарядталған гильзамен жасалған тәжiрибенi қарастырайық.


Слайд 12 Электр өрiсiнiң зарядталған денеге (бөлшекке) әсер ету күшiн электрлiк күш деп

атаймыз: Fэл — электр күшi.

Слайд 13Электр өрiсiн графиктік кескiндеу үшiн Фарадей заманынан бастап күш сызықтары қолданылады.


Слайд 14Электр өрісінің күш сызықтары қалай көрсетілген?
Төмендегі суреттен нені байқап тұрсыңдар?


Слайд 15 Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің күштік сипаттамасы болатын векторлық шама.



Слайд 16ЭЛЕКТР ӨРІСІ КЕРНЕУЛІГІНІҢ БАҒЫТЫ
Электр өрісінің кернеулігінің бағыты күш сызықтарының бағытымен сәйкес

келеді.

Слайд 181) Күш сызықтары оң зарядтан (+) басталып, теріс зарядта (-) аяқталады немесе

шексіздікке кетеді.
2) Күш сызықтары ешқашан қиылыспайды.


Слайд 19ЭЛЕКТР ӨРІСІНІҢ КҮШ СЫЗЫҚТАРЫНЫҢ ГРАФИКТІК БЕЙНЕЛЕНУІ:

Жеке оң зарядтың айналасында пайда болатын

өрістің күш сызықтары


Слайд 20Жеке теріс зарядтың айналасында пайда болатын өрістің күш сызықтары



Слайд 21Екі әр аттас зарядтардың айналасында пайда болған өрістің күш сызықтары


Слайд 22Екі аттас зарядтардың айналасында пайда болған өрістің күш сызықтары


Слайд 23ЭЛЕКТР ӨРІСІ МЕН КЕРНЕУЛІГІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
- Жоғарыда көрсетілген күш сызықтарының бағыттарын түсіндіріңдер

(ол нені көрсетеді).
- Электр өрісі кернеулігінің бағыты сәйкес келеді...
Электр өрісі кернеулігінің анықтайтын формуласы...
Электр өрісі кернеулігінің Кулон заңынан өзгешелігі қандай?


Слайд 24ЭЛЕКТРОСТАТИКАЛЫҚ ӨРІСТІӉ КҮШ СЫЗЫҚТАРЫНЫӉ ҚАСИЕТТЕРІ:
Күш сызықтары үздіксіз.
Күш сызықтары қиылыспайды.
Күш

сызықтары әрқашанда өткізгіш беттеріне перпендикуляр бағытталған болады.
 


Слайд 25 Өріс кернеулігінің қабаттасу (суперпозиция) принципі: Зарядтар жүйесініӊ өрістіӊ берілген

нүктесіндегі кернеулігі, осы нүктеде әр бір зарядтыӊ пайда еткен кернеуліктерініӊ векторлық қосындысына теӊ.

Слайд 26



10см қашықтықтағы 2,7*10-6Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз. Заряд суда

орналасқан.
а) 243*104Н/Кл; в) 253*105Н/Кл; с) 243*102Н/Кл.

2. Бетінің электр өрісінің кернеулігі 4*106Н/Кл болса, радиусы 3см металл шарға қандай заряд берілген?
А) 4*10-7Кл; В) 4*10-8Кл; с) 4*107Кл.

3. Кернеулігі 130Н/Кл болатын жердің электр өрісінде орналасқан электрондарға осы өріс қандай күшпен әсер етеді?
А) 2,08*10-10Н; в) 2,08*10-17Н; с) 2,08*10-7Н.

Слайд 27
























4. Сутек атомдарының электрондары орбитасындағы электр өрісі кернеулігін анықтаңыз. Орбитаның радиусы

0,5*10-8см.
А) ~5,8*1011Н/Кл; В) ~5,8*1010Н/Кл;С) ~58*1011Н/Кл.

5. Өрістің қандай да бір нүктесінде, 2нКл зарядқа 0,4мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңыз.
А) 200Н/Кл; В) 2000Н/Кл; с) 20Н/Кл.

6. Электр өрісінің кернеуліктері 2кВ/м-ге тең нүктеге орналасқан 12нКл зарядқа қандай күш әсер етеді?
А) 2440мкН; В) 24мкН; с) 24мН.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика