Қазақстандық қор биржа қызметінің негізгі бағыттары презентация

Содержание

Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы , стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда немесе валюта

Слайд 1
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОР БИРЖА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ





Орындаған:Шаймова А.С
Тексерген:Тиштықбаева А.Ж

Слайд 2Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда  сұраныс

пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы , стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда немесе валюта саудасы іске асырылады.

Слайд 3


Әлемде 200-ге жуық қор биржалары бар.


Слайд 8Биржаның жетекшілігі


Қабашев Мақсат Рахымжанұлы – Президент


Сәбитов Идель Марсильұлы – Бірінші Вице-президент


Цалюк

Андрей Юрьевич – Вице-президент


Хорошевская Наталья Юрьевна – Вице-президент


Слайд 9Биржа көрсететін қызметтер
Биржадағы листинг:
KASE листингілік

талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
Бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі мен мерзімдері, бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару процедурасы, оларды тізімнің бір сананына екіншісіне, ақпараттарды ашу бойынша талаптар, листингілік алымдарды төлеу тәртібі, сондай-ақ басқа да листингілік талаптар мен процедуралар Биржаның ішкі құжаттарында анықталады.

Слайд 10Ақпараттарды ашу бойынша қойылатын талаптар
Бағалы қағаздардың листингі және KASE ресми

тізімінде тұрған кезінде ақпараттарды ашу бойынша қойылатын талаптарды Биржа анықтайды. Осы талаптарға мыналарға қатысты қойылады:
бағалы қағаздар листингіне байланысты ұсынылатын құжаттар, соның ішінде, эмитенттің қызметіне және оның бағалы қағаздары туралы негізгі ақпараттар көрсетілетін, сондай-ақ қаржылық жағдайына талдау қамтылған, инвестициялық меморандумның мазмұны;
эмитенттің қаржылық есеп берушілігі және осы бойынша аудиторлық есептер;
эмитенттің қызметіне және оның бағалы қағаздарына қатысты кез келге елеулі ақпаратты ашу.


Слайд 11Листинг процедурасы
Компанияның бағалы қағаздарын Биржаның ресми тізіміне енгізу туралы шешімді арнайы

органмен – Литсингілік комиссиясымен қабылданады.
Бағалы қағаздар Биржаның ресми тізімге енгізілгеннен кейін, осы бағалы қағаздардың сауда-саттығы тізімге енгізілген күннен кейін үш ай аралығында ашылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына инвесторларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер жүйесі белгіленген. Атап айтқанда, салық төлеуші мынадай кірістер бойынша салық салынатын кірістерін азайтуға құқы бар:
сыйақылдар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар
Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатылғандағы, сатылу датасына осы қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар құнының өсімінен түскен кірістер


Слайд 12KASE нарықтарының индекстері мен индикаторлары
КASE индикаторы

KASE нарығы, Биржа нақты уақыт тәртібінде, сондай-ақ сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша есептейтін және жариялайтын, индикаторлардың жиынтығымен сипатталады.
KASE Индексі
KASE ресми тізімінің ең өтімді акцияларымен жасалған, мәмілелердің бағалары бойынша есептелетін, нарықтық капитализация бойынша орташа сараланған композиттік индекс. Индекс нақты уақыт тәртіптемесінде әр жасалған мәміледен кейін есептеліп отырады.

Слайд 13АКЦИЯЛАР, КОРПОРАТИВТІК ОБЛИГАЦИЯЛАР, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ, ШЕТЕЛДІК МЕМЛЕКЕТТІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР, ВЕКСЕЛЬДЕР,

АВТОМАТТЫҚ ЖӘНЕ ТІКЕЛЕЙ РЕПО ИНСТРУМЕНТТЕРІ, ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОПЕРАТОРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Слайд 14Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен

әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу

Слайд 15"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа) 2011–2013 жылдарға
даму

стратегиясы Биржаның аталмыш кезеңдегі негізгі даму бағыттарын
анықтап, Биржа өз алдына қойған мақсаттардың 2011–2013 жылдарға
негізгі стратегиялық даму бағыттарын анықтауда,
Биржа төменде берілген қағидаларға жүгінеді:


Қазақстандық қор нарығын дамыту мемлекет масштабындағы мәселе болып
табылады және дамудың негізгі позициялары бойынша барлық уәкілетті
мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдардың,
соның ішінде Биржаның, өзара келісімін талап етеді.

Биржа, диверсификациялау және бәсекелеске қабілеттігін арттыру арқылы,
экономиканың тұрақты және баланстандырылған өсуінің мемлекеттік
стратегиясын жүзеге асыруға.


Слайд 16Биржа Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының сауда-саттық алаңының операторы болып табылады, оның көздеген

мақсаты 2020 жылға дейін азиялық өңірдегі жетекші халықаралық аймақтық қаржы орталықтарының ондығына кіру.


Слайд 17KASE қызмет көрсететін нарықтар:

шетел валюталары
(соның ішінде
валюталық своп
операциялары);
мемлекеттік бағалы


қағаздар;

үлестік бағалы
қағаздар (акциялар
мен пайлар);

корпоративтік
борыштық бағалы
қағаздар;

репо операциялары;

деривативтер.


Слайд 18Биржа коммерциялық ұйым болып табылады, сондықтан қаржылық тұрақтылықты және бизнестің үздіксіздігін

сақтай отырып, пайда табысын максимизациялауды мақсат етеді.
Биржа, қызметтері Қазақстан қор нарығын дамытуға бағытталған мемлекеттік мекемелермен, жеке ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен біріге отырып, қаржылық секторды дамытуға жұмсалатын күш-жігердің тиімділігі мен келісімділігін арттыру мақсатында, осы күш-жігерлерді біріктіруге ниеттенеді.


Слайд 19 KASE ИНДЕКСІ: 947,13 0,68 %


Слайд 21KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІ, ОСЫ ИНДЕКСТІ ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІ ТІЗІМГЕ ЕНГІЗІЛГЕН АКЦИЯЛАР

БАҒАСЫНЫҢ, ОЛАРДЫҢ ЭМИТЕНТТЕРІНІҢ КАПИТАЛҒА АЙНАЛУЫН ЖӘНЕ ЕРКІН АЙНАЛЫСТАҒЫ (FREE FLOAT) ОСЫ АКЦИЯЛАР САНЫН ЕСКЕРІП, ӨЗГЕРУІН КӨРСЕТЕТІНІН ЕСКЕ САЛАМЫЗ. БІР НОМИНАЛДЫ АКЦИЯНЫҢ KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛЫ 15 %-ДАН АСПАУЫ ТИІС.




Слайд 22KASE Индексінің мәні, осы индексті есептеуге арналған өкілетті тізімге енгізілген акциялар

бағасының, олардың эмитенттерінің капиталға айналуын және еркін айналыстағы (free float) осы акциялар санын ескеріп, өзгеруін көрсететінін еске саламыз. Бір номиналды акцияның KASE Индексінің мәніне ықпалы 15 %-дан аспауы тиіс.

Слайд 23 Ақпараттар ұсыну

және бағдарламалық қамтуларды әзірлеу жөніндегі биржалық топ компанияларының қызметтері
Қазақстан қор биржасы және оның еншілес компаниялары – "ИРБИС" қаржы нарықтарының ақпараттық агенттігі және eTrade.kz мынадай қызметтер көрсетіп, ақпараттық өнімдер ұсынады:

Қазақстан қор биржасы:
Сауда-саттық трансляциясы – веб-сервис.
Биржалық нарық индикаторлары – тегін веб-сервис.
Жаңалықтар – сайттың тегін бөлімі.
Хабарландыру жүйесі – тегін тарату.

Ирбис:
IRIS Finance – үстел үстілік қосымша құралы.
Қаржы нарығының жаңалықтары – сайт бөлімі.
Сауда-саттық мұрағаты – веб-сервис.
Сауда-саттық қорытындысы – тарату.
Мұрағаттық жаңалықтар, валюта бағамы және нарықтар бойынша – файлдар.

eTrade:
Сауда-саттық жүйесімен – ақпарат алмасу модулі – KASE СЖ қосымшасы.
Транзиттік бұйрықтарды табыс ету жүйесі – СЖ қосымшасы.
Сертификаттау орталығы – бағдарламалық өнім, СЖ кіруге рұқсат алу кілттерін
генерациялауға және олар туралы ақпараттарды сақтауға мүмкіндік береді.
eDoc.kz – электрондық құжатайналым жүйесі.
eTransfer.kz – файлдарды қауіпсіз тапсыру жүйесі.
Ақпарат экспорты – KASE мәліметбазасынан үшінші тараптарға ақпарат
трансляциялау.
KASE сайтындағы жарнама – KASE веб-сайтында баннерлер мен сілтемелерді
өндіру және орналастыру.


Слайд 24Назарларынызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика