Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы/ Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы презентация

Содержание

Мемлекеттің қаржысы – мемлекетке оның органдарын ұстау және оған тән функцияларды орындау үшін қажетті ақшалай қорларды жасау және бөлу жүйесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Алғашқы рет «мемлекеттің қаржысы» термині Францияда 16 ғасырда

Слайд 1Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
Мемлекет қаржысының ұғымы
және құрамы


Слайд 2Мемлекеттің қаржысы – мемлекетке оның органдарын ұстау және оған тән функцияларды

орындау үшін қажетті ақшалай қорларды жасау және бөлу жүйесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Алғашқы рет «мемлекеттің қаржысы» термині Францияда 16 ғасырда қолданыла бастады және шамамен қазіргі кездегідей мазмұнда, бірақ өндірістің айқындаушы үстемдік тәсілі және мемлекеттің таптық табиғаты тұрғысынан қарастырылды.

Мемлекет қаржысы


Слайд 3Мемлекет қаржысының экономикалық мәні мемлекеттің мемлекеттік компанияларының қаржылық ресурстарын қалыптастыру және

алынған қаражаттарды олардың функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құнынжәне ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлумен және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіретіндігінде.

Мемлекет қаржысының экономикалық мәні


Слайд 4ақшалай қаражаттардың қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу және оларды пайдалану

механизмі әрекеттердің айқын тәртібін, мезгілдерін, шарттарын және дәйектілігін көрсетеді. Бұл қаржы жүйесіндегі мемлекет қаржысының мәнділігін оның тұрақты және сапалы деңгейіне жету тұрғысынан айқындайды;
мемлекеттің қаржысы оның сақтанымпаздығынан және аз икемділігінен неғұрлым тәртіпке келтірілген және болжамдалған, сондықтан ол реттелмелі және басқарымды болады;
мемлекет қаржысының әлеуметтік және кейбір жағынан саяси мәнділігі оның жұмыс істеу механизмін бақылаудың және қадағалаудың айрықша деңгейін айқындайды.

Мемлекеттің қаржысы қаржы жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл, ең алдымен, мыналардан білінеді:


Слайд 5Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі

мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс ХІХ ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы – «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс.

Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы


Слайд 61) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық өмірдің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен;

бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:


Слайд 7Мемлекет қаржысының және оның элементтерінің анықтаушы функциялар


Слайд 8Жоспарлау функциясы мақсаттарды қалыптастыруды және билік пен басқарудың орталық және жергілікті

орындары арасында өкілеттіктер мен жүргізу предметтерін айыру негізінде оларға жету жолдарын таңдауды ұйғарады. Жоспарлау функциясына әдетте дамудың басымдықтары мен мақсаттарын негіздей отырып, уақыттық аспектіде қаржылық ресурстардың шектелген көлемін бөлуді де, оларды республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің арасында қайта бөлуді де жатқызады

Жоспарлау функциясы


Слайд 9Мемлекет қаржысының ұйымдастыру функциясы бюджет құрылысында, бюджеттік сыныптамада басқаша түсіндіріледі және

бюджетті құру, бекіту және атқару тәртібін анықтау қажеттігін, уәкілетті кредит мекемелерін таңдау, бюджеттік үдерістегі биліктің заңнамалық және атқарушы органдарының өкілеттіктерін айыру, қаржы органдарының функциялық бөлімшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау. Бұл функциямен бюджет ағындары және мемлекеттің қаржы ресурстарын бақылаудың және реттеудің ішкі жүйесінің ұйымдық құру үдерісімен байланысты.

Ұйымдастыру функциясы


Слайд 10Ынталандыру функциясы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қызметке негізделеді. Осы функцияның көмегімен

қаржылық қызметке ықпал ететін және оның ақшалай қаражаттарға қажеттілігін ескеретін факторлар түсініледі.

Ынталандыру функциясы


Слайд 11Мемлекет қаржысының бақылау функциясы қаржылық ресурстар мемлекет пен биліктің жергілікті органдарының

қарамағына қаншалықты уақтылы және толық түсуін, бюджеттік қаражаттарды бөлуде пропорциялардың іс жүзінде қалай қалыптасатынын, олардың тиімді пайдаланғанын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет қаржысының бақылау функциясы туралы тар және кең мағынада айтқан жөн.

Бақылау функциясы


Слайд 12Бақылау функциясы мына бағыттар бойынша іске асырылады:


Слайд 13Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың әрекеті қолайлы. Бұл ретте

мемлекет қаржысының бөлгіштік функциясы орналастыру, қайта бөлу және тұрақтандыру қосалқы функцияларымен тәптіштеледі. Сондықтан бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн.

Бөлу функциясы


Слайд 14Қосалқы функциялар


Слайд 15Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдықтауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету рыноктық жүйе арқылы

қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді.

Орналастыру қосалқы функциясы


Слайд 16Түрлі фискалдық құралдар арасында қайта бөлгіштік қосалқы функция көбінесе тікелей мыналар

арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен үйлестіретін салықтық-трансферттік тәсім арқылы;
2) баламалы түрде қайта бөлу жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен үйлестіру арқылы жету мүмкін.


Қайта бөлгіштік қосалқы функциясы


Слайд 17Тұрақтандырудың қосалқы функциясының әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін

ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды.

Тұрақтандырудың қосалқы функциясы


Слайд 18Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады


Слайд 19Назар аударғандарыңызға рахмет
Орындаған:


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика