Слайд 1Орындаған: Бүргеғұл Лаззат
Қабылдаған: Мырқасымова Мадина
Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” ғылымына қосқан үлесі
Слайд 2Мазмұны
Кіріспе
1.Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
1.1 «Психология» кітабы
туралы
2 Ж.Аймауытұлының педагогикалық психологияға арналған еңбектері
1.3 Ж.Аймауытұлының еңбектеріндегі ұлттық терминология мәселелері
2.Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӘСІП ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Кәсіби бағыт – бағдар берудің психологиялық астарлары
2.2 Мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдау
2.3 Кәсіп таңдау жолында жастарға көмек беру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Слайд 4Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр,
жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Слайд 5Халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық режим кезінде
орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің біріне мәлім бола бастады. Бұл жағдай өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен ажырап қалуына, мәңгүрттер қатарының көбейе түсіуне мықтап әсер етті. Жас өспірімнің ата-баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы – елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі даусыз.
Слайд 6Олай болса, Ж.Аймауытұлының жалпы психологиялық мұрасы, әсіресе оның педогогикалық психология саласындағы
көзқарастары осы кезге дейін зерттелмей отырғандағы, мұның еліміздегі ұлттық психология ғылымының тарихына да, қазіргі күн талабына қажеттілігі зор екендігі туындап, бізді осы тақырыпты арнайы зерттеуге алып келді
Слайд 7Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
1.1. “Психология” кітабы туралы
« Психология » кiтабы
12 тарау, 102 параграфтан тұратын оқу құралы үлгiсiнде жазылған, бұл зерттеу қазақ тiлiндегi, осы бағыттағы алғашқы жемiстi iзденiстердiң, олжалы табыстардың қатарына жатпақ.
Ғалым тарихына, пәлсапа тарихына терең бойлай отырып, көптеген мысалдар, деректер келтiрiп, сан алуан оқымыстылар туындыларына сүйенiп, кейде келiсiп, кейде келiспей, психология ғылымының пәнiн зерттеу обьектiсiн анықтайды, жан, дене, сана, ой, ақыл, сезiм, қиял, түйсiк, қайрат , серпiлiс, ынта, қабiлет т.б. ұғымдардың мәнiн ашады.
Слайд 9 Жүсiпбек Аймауытұлының жалпы психология туралы айтқандарын қорыта келе айтарымыз –
бұл сол кездегi психологияның бiраз мәселелерiн баяндай алғандығы және бұларды қазақ өмiрiмен байланыстыра бiлетiндiгi, сондай-ақ ғылымның осы саласының терминдiк жасауымен айналысқан, психологиядағы жалпы мәселелермен қатар қоғамдық психологияныңда маңызы көрiнiс тапты. Ж.Аймауытұлының психологиялық еңбектерiнiң тақырыбы да сан алуан екендiгiн атап өтiп, оның қазақтың педагогикалық психологияның жалпы мәселелерiмен қатар оқу, тәрбие, ұстаз, тәлiмгер өнегесi шәкiрттердiң, олардың жеке-дара қасиеттерiмен санасу, мамандық таңдауына байланысты өмiршең проблемаларды сол кездiң өзiнде – ақ күн тәртiбiне қойған.
Слайд 101.2 Ж.Аймауытовтың педогогикалық психологияға арналған еңбектерi.
1924
жылы мектеп мұғалiмдерi мен педагогикалық оқу орындарында оқитындарға арнап «Тәрбиеге жетекшi» (Орынбор, Госиздат ,86 бет ) атты кiтабы шықты. Абай, Шәкәрiм шығармаларында iргесi қаланған, қазақи педагогикалық психологияның ұғым-түсiнiктерiнiң арнайы тауын кескен, бұларды қазақ жұртына тұңғыш паш еткен осы еңбек. Кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде тәрбие негiздерi, оның нақты мақсаты мен мүддесi, негiзгi принциптерi, бұларды жүзеге асырудың жай-жапсары, сондай-ақ, тәрбиенiң ұлттық және әлеуметтiк болатындығы, заман ағымына қарай, ол түрлi өзгерiстерге түсiп отыратыны жан – жақты сөз болады.
Слайд 111.3 Жүсiпбек Аймауытовтың еңбектерiндегi ұлттық терминология мәселелері
Жүсiпбек Аймауытұлы
жалпы психология мәселелерi жөнiнде айтқан түйiн-тұжырымдарына қатысты маңызды мәселенiң бiрi-ғылымның төл атауларын жасау, осы орайда құлама ғалымның алатын орыны жөнiндегi мәселе. Бiз төменде оның әсiресе, психологиялық педагогикалық психологияға қатысты атаулары мен ұғымдарды жасау жөнiндегi ұстанымдарына тоқталамыз. Халқымыз қай заманда болмасын сөз қасиетiнiн құдiретiн кәусар бұлаққа балап, оны сарқылмас рухани байлық ретiнде пайдалана бiлiп, оның небiр асылдарын халық ұғымында ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырған. Ел намысын оятатын да, елдi ұйытатын да сөз құдiретi.
Слайд 122. Ж.АЙМАУЫТҰЛЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӘСІП ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Кәсіби бағыт-бағдар берудің психологиялық астарлары
Әлеумет тұрғысындағы зор кемшiлiктiң бiрi әлеуметтiк мүшесi, әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Адам - өзiнiң ыңғайымен, еркiмен қызмет ететiн зат. Кiсi iштен туғаннан-ақ белгiлi бiр өнерге, қызметке икем болып табылады. Басқаша айтқанда, әр адамда бiр нәрсеге талап, ыңғай, қабiлет яки зеректiк болады. Бiреу бала оқытуға, бiреу етiк тiгуге, бiреу әкiм болуға, бiреу мал бағуға, бiреу әскерлiкке, бiреу жазушылыққа, бiреу дәрiгерлiкке, бiреу саудаға, бiреу сөзге, бiреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмiрде түк жұмысқа икемi жоқ адам сирек болады. Ең болмаса өтiрiк айтуға зерек болып жаралады.
Слайд 13Әр адамда болатын өзгеше қасиеттерді жіктеудің ең жабайы, қолайлы жолы сыртқы
әсерлерге әрбір адам жанының қалай тебіренуін, қалай жаңғыруын бақылау. Айналадағы дүниеге адамның жаңғыруын яки серпілуін жан ағыны дейміз. Осы серпілудің айырмасы әр адамның өзгеше қасиеттерін көрсетеді.
Слайд 14
2.2 Мінездің жіктелуіне байланысты мамандық таңдау
Адамдарды мінезіне қарай жіктеудің негізгі
бір белгісі - олардың сыртқы дүниеге тез, яки созалаң серпілуі екен. Тез яки созалаң қайталаумен қатар, ол қайталаудың күші де еске алынады. Осы айтылған екі сипаттарды қосқанда бар адамдар негізгі төрт түрлі мінезді туғызады:
1) Қайталауы тез – күшті холерик.
2) Қайталауы тез – күщсіз сангвиник.
3) Қайталауы созалаң – күшті меланхолик.
4) Қайталауы созалааң – күшсіз флегматик.
Слайд 152.3 Кәсіп таңдау жолында жастарға көмек беру
Өнер таңдау жолында жастарға көмек
көрсетуге, алғашқы тәжірибе Америкада істелді.
Бұл жұмысқа басшы болған Бостон профессоры Парсонс. Бастауыш мектепті бітірген балдардың келешектегі ниеті (жоспары) туралы кеңесуге Парсонс бір кедей ауданның шәкірттерін жинаған. Алғашқы әңгімеден кейін мәлім болған: «Келешектің тұтқасы» болады деп үміт еткен жастардың көбі ьолашақта не істерін болып шыққан. Келешекте белгілі пікірі барлар өте аз болған; оның өзі де қандай қызмет, қандай кәсіп барлығынан хабары кем, нені таңдарын білмейді. Зеректігі, икемі сондай өнерге лайықты ма, жоқ па? Оны біле алмаған.
Слайд 16Қорытынды
Ж.Аймауытұлының тәрбие-шарттары жөніндегі ой-пікірлерінің бүгін де мән мағынасын жоймағанын байқаймыз. Автор
әрбір адамның туу қалыптасу, жетілуінде тәрбие шарттарының, атап айтқанда кісінің жаратылысына, үй іші, өскен орта, замандастары, туған жұртына, оның діні мен тіліне ерекше мән береді. Жасөскіннің жан дүниесінің қалыптасуы мен дамуында, іс-әрекеттерінде тәрбие – тәлімінің ықпалына жататын көптеген деректер талқыланды.