19 -20 дәрістер
XX -ХХІ ғғ. мәдениеті контексіндегі батыстық философия.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты
«Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы
Дәріс жүргізуші:
филос.ғ.к., доцент Нұрадин Гүлхан Болатқызы
Слайд 2 Дәріс сұрақтары
Батыс әлеміндегі өркениеттік даму
мен мәдени трансформациялар жолдарын философиялық іздестіру.
Э. Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениеттің дағдарысы туралы.
М. Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау.
А. Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүру тақырыбы.
Персонализм философиясының діни-философиялық ізденістері.
Структурализм философиясы. Постструктуралисттердің философиялық ізденістері.
Слайд 3
ГУССЕРЛЬ (Husserl) Эдмунд (1859-1938)
неміс философ-идеалисті, феноменологиялық философия мен оның
мектебінің негізін қалаушы және интерсубъективтілік мәселесін көтеруші. Оның философиясының бастауы – Платон, Лейбниц, Брентано ілімдері. Алғашқы жұмыстарының теоретикалық бағдарламасына философияның «қатал ғылымға» айналуы жатады.
Негізгі шығармалары: «Логикалық зерттеулер» (1900-1901), «Феноменологиялық философия мен таза феноменология идеялары» (1913), «Картезиандық ойлар» (1931), «Еуропалық ғылым дағдарысы және трансценденталдық феноменология».
Слайд 4 ХАЙДЕГГЕР (Heidegger) Мартин (1889-1976)
неміс философы, Германиядағы экзистенциализмнің негізін қалаушы.
Идеалистік философия категориясының негізі адамның ішкі толқуы астарындағы «уақыт». Оның алғашқысы «көңіл күй», яғни, сананың дамымаған стихиялық формасы. Адамдық тұлғаның априорлық формасына қамқорлық, сезімділік, қорқыныш т.б. жатады. Осы формалар адамның субъективті болмысын құрайды, оны Хайдеггер «әлемдегі болмыс» деп атайды.
Негізгі шығармалары: «Болмыс және уақыт» 1927, «Кант және метафизика проблемасы» 1929, «Метафизикаға кіріспе» 1953.
Слайд 5 КАМЮ (Camus) Альбер
(1913-1960)
француз жазушысы, драматург және философ-экзистенциалист. Ол
«шарасыздық философиясы» деп аталатын экзистенциалық философияның айрықша нұсқасын жасаушы. Камю тұжырымдауынша, рационалды мәннен айрылған өмір, шарасыз. Шарасыз өмір қайғыру немесе трагизм емес.
Негізгі шығармалары: «Сизиф туралы аңыз» 1942, «Чума» 1947, «Неміс досыма хаттар» 1954, «Бұлқынған адам» 1951.
Слайд 6 САРТР (Sartre) Жан Поль (1905-1980)
француз философы және жазушысы, француз
атеистік экзистенциализмінің басшысы.
Оның философиялық көзқарастары қарама-қайшы.
Онда Кьеркегордың, Гуссерльдің және Фрейдтің идеялары өз бетінше араласып кеткен.
Ол Маркс философиясының прогрессивтілігін баса отырып, оны экзистенциалистік антропология және психоанализбен «толықтыруға» ұмтылды.
Сартрша адам өмірінің шектеулілігін, жалғыздығы мен өткіншілігін және еркіндігін атайды. Адам еркіндігін шектейтін ешқандай объективті нормалар мен қағидалар жоқ.
Негізгі шығармалары: «Елестету» 1936, «Елестететілген» 1940, «Болмыс және жалған» 1943, «Экзистенциализм – бұл гуманизм» 1946, «Жағдайлар» 6т. 1947-64.
Слайд 7ПОППЕР (Popper) Карл Раймунд (1902-1994)
Ағылшын философы, логик және әлеуметтанушы. Критикалық
рационализм атты өзінің философиялық концепциясын логикалық позитивизмге қарсы құрды. Верификация принципінің орнына кез-келген ғылыми білім гипотетикалық сипатта, демек қате болуы мүмкін деген тұжырыммен фальсификация принципін алға жылжытты. Өзінің логико-әдістемелік концепциясын негіздеу үшін ол эволюционализм нің жалпы идеяларын, атап айтқанда, физикалық, менталдық және танымдық субъектісіз объективтік ілім әлемі, яғни «үш әлем» теориясын пайдаланды.
Негізгі шығармалары: «Ғылыми зерттеу логикасы» 1935, «Ашық қоғам және оның жаулары» 1945, «Тарих жұтаңдығы» 1957, «Объективті білім» 1972.
Слайд 8КУН (Kuhn) Томас Сэмюэл (1922-1996)
парадигма – ғылымның қалыпты дамуы және
ғылыми революция, демек, бұл тексерілетін ғылыми гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым деп түсінді.
Ғылымның қалыпты дамуы шынайылығына күмән туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғылымның проблемаларымен жұмыс істеу.
Бір парадигамадан екіншіге өту – “секіру”, бірақ бірніші екіншіге өтпейді, демек бір-біріне сәйкес болмайды.
Парадигма әр түрлі түсінікке ие.
Слайд 9 ВИТГЕНШТЕЙН (Wittgenstein) Людвиг (1889-1951)
«Философиялық зерттеулер» еңбегінде тілдік ойын ретіндегі
тіл идеясын ұсынды. Ол тілді қолдану мен тілдің өзі белгілі бір тұтастықты құрайтын әр түрлі нақты лингвистикалық контекстерді талдау қажет деп түсінді.
Слайд 10ФРЕЙД (Freud) Зигмунд (Сигизмунд Шломо) (1856-1939
«Түс көруді жору» еңбегінде түстің
процесіне мән беріп оны ұғынылмаған құштарлық деп тұжырымдады. Ол сексуалдылықты адамзат инстинкті мен жүріс-тұрысының фундаменті ретінде қарастырды және саналылық пен бисаналылыққа бөлінетін адам менталдығының топографиясын алғаш рет жасады. Оны «Эго», «жоғарғы эго», «ид» деген терминдер арқылы дәлелдеді. Фрейд мәдениет пен өркениет тарихын зерттей отырып, оларды Эрос және Танатос арасындағы күрес деп есептейді.
Слайд 11ДЕРРИДА (Derrida) Жак
(1930)
Француз философы және мәдениеттанушы.
Ол өзінің деконструктивизміне
Гегель, Ницше, Гуссерль, Фрейд, Хайдеггер т.б. пайдаланды және бүкіл батыстық ойлауды сынады.
Деконструкция – мәтінді оқу барысындағы жымдасып кеткен қайшылықтарды ашу және мәтін құрылымын өз мән-мағынасында тарату.
Ол мәтін мен жазуды қызмет ретінде түсінді.
Негізгі шығармалары: “Өзіндік референция”, “Грамматологиялар туралы”, “Дауыс және құбылыс” 1967, “Философия алаңы” 1972 т.б.
Слайд 12ДЕЛЕЗ (Deleuze) Жиль
(1925-1995)
Француз постструктализмінің ірі өкілі.
Оның “номадтық ойлауы” “мемлекеттік
философияға” қарсы тұрады, осыдан “номадтық сингулярлық” теориясы п.б.
Делез мәдениетті екі үйек арасында қарастырады, яғни ойлаудың екі қарама-қарсы тәсілі: шизофрения және параноя.
Негізгі шығармалары: “Ницше және философия” 1962, “Айырмашылық және қайталау”, “Кино-1” 1983, “Кино -2” 1985, “Фуко” 1986, Гватариимен бірге “Капитализм және шизофрения” 2 т. 1972. т.б.
Слайд 13 ФУКО (Foucault) Мишель (1926-1984)
Француз, философ-постструктуралист.
Ол өзіне мәтіндердің пайда болу
механизмі, білім формалары, өзіндік идентификацияны ұғынуды мақсат етті.
Фуко адамды әлеуметтік құрылым ретінде қарастырды және мәдениет тарихындағы ессіздіктерге талдау жасап, билік пен үстемдік құрылымдарын анықтаумен айналысты.
Фуко “эпистема” ұғымын енгізді, ол жіктеудің және айтылымдардың туылу жүйесінің танымдық алаңы.
Слайд 14РОРТИ (Rorty) Ричард (1931)
Американ философы
Негізгі шығармалары: “Философия және табиғат айнасы”
1979, “Прагматизм мәні” 1982, “Хйдеггер және басқалар туралы эссе” 1991 т.б.
Ол контекстуализмді ұстанады.
Барлық нәрсе контекстуалды және кездейсоқ, демек ешқандай қатаң универсалды, қажетті пікірлер мен нормалар өмір сүрмейді.
Слайд 15 ГИЙОМ (Guillaume) Гюстав (1883-1960)
Француздық лингвист, тілдің психомеханикасы концепциясының авторы.
Ол
қарастырылатын феноменнің тұтастық идеясын қарастырды: тіл мен сөйлеу жеке қарастырылмайды, ерекше біртұтас сөйлеу әрекетін көрсетеді.
Сөйлеу әрекеті тек тұтас емес, ол жалғасымды және тіл мен сөйлеудің қатарластығы.
Гийом сөйлеу мен тілді айыру мақсатында “сөйлеу айғағы” мен “тіл айғағын” ажырату қажеттігін айтады.
Слайд 16Экзистенциализм
(лат. - ex(s) istentia – тіршілік ету)
латынның тіршілік ету сөзінен
шыққан ХХ ғ. әлімдік философиялық ойлардың бірден-бір танымал бағыттарының бірі.
Ол Германияда 20 ж. соңында (М.Хайдеггер, К.Ясперс) және 30 ж. Францияда (Сартр, Камю, Марсель, Мерло-Понти және т.б.) п.б.
Испанияда (М.Унамуно, Х.Ортега-и-Гассет),
Италияда (Аббаньяно), Израилде (Бубер), Африкада (Л.Сенгор), Жапонияда (Нисида), араб елдерінде (Бадави, Тизини) және т.б. дамытты.
Жаңа философиялық бағытты 1929 ж. неміс философы Ф. Хайнеман енгізді.
Экзистенция – өзіне тұлғаның рухани, психоэмоционалдық қайталанбастығын енгізген адамның ерекше тұлғалық жаратылысы.
Слайд 17ПЕРСОНАЛИЗМ
(лат. persona – келбет, тұлға)
Қазіргі заманғы әлемдік философияның бірден-бір
жетекші бағыты.
Өкілдері: Лейбниц, Шеллинг, Гете, Шлейермахер т.б..
Тұлға-персона – болмыстың фундаментальдық принципін көрсететін онтологиялық ұғым.
Персонализм қоғам дамуы өздігінен болмайды, ол тұлғалардың есебінен болып отыр деп тұжырымдайды.
Тек жеке адам ғана – шынайы тұлға, тек сол ғана жаңа әрекеттер жасай алады.
Пресонализмнің француздық мектебін Мунье, Недонсель, Доменак, Рикер, Ружмон, Лякруа сынды ойшылдар жалғастыруда.
Олар интимділік мәселесін көтеріп, тек осы ғана жалпылықтың жаңа типін құра алады және мемлекеттік жүйедегі рационалды-механикалық бөліністі тірі ағзалардың формалды-юридикалық қосылысынан ажырата алады деп сенді.
Слайд 18Структурализм
Структурализмнің қалыптасуы гуманитарлық ғылымдардың зерттеудің абстракты-теоретикалық деңгейге көшуімен сипатталды.
Себебі бұл
ХХ ғасырдың 20 жылдары пайда болған гуманитарлық ілімдер қатарындағы ғылыми бағыт, философиялық және мәдениеттанулық мектеп еді.
Структурализмнің негізгі идеяларын К.Леви-Стросс, Ж.Лакан, М.Фуко және т.б. дамытты.
Бұл құрылымдық тәсіл адамның рухани өмірінің маңызына айналды, осындай дәрежеге жетуіне Ф де Сосюрдің еңбегі зор еді.
С. белгілер жиынтығы, ең маңыздысы тіл.
Бұл бағыттың дамуына лингвистер, мәдениеттанушылар ат салысты.
Оған ғылым, өнер, сән, дін, жарнама және т.б. кірді.
Осы аталған объектілерден структурализм санасыз түрде адамға бағынатын жабық заңдылықтарды тапты.
Осылайша адамның жаңа өлшемі «рәміздік адам» ұғымы пайда болды.
Адам өмірін рәміздерге, белгілерге, құрылымдарға, таңбаларға және т.б. толы болғандығы сондай ол автоматты түрде рәміздік адамға айналады.
Слайд 19Модернизм –
француздың жаңа, қазіргі заманға лайық сөздерінің мағынасын береді
Көбіне-көп қазіргі заманғы
өнер дамуының жолын анықтаушы, 20 ғ. мәдениетіндегі көркемдік-эстетикалық қозғалыстың жалпы атауы.
М. көптеген мәдени-тарихи мәндегі және әлеуметтік масштабы бойынша әр түрлі салыстырмалы түрдегі өзіндік бағыттарды біріктіреді (экспрессионизм, кубизм, футуризм, дадаизм, сюрреализм, абстракционизм, поп-арт және т.б.). аталғандардың кейбірі шындықты танудағы құрал мен мүмкіндікті түсінуде бір-бірімен қайшылыққа келеді, дегенмен біріге отырып, олар философиялық-дүниегекөзқарастық және әлеуметтік жалпылыққа ие.
Дәстүр бойынша Барокко-Романтизм-Модернизм.
М. философиялық-дүниегекөзқарастық негізіне Ницще, Шопенгауэр, Кьеркегор, Бергсон, Фрейд идеялары қызмет етті, кейінірек – Ортега-и-Гассет, Камю, Адорно және т.б.
М. реализм эстетикасынанда, ренессанстық оптикалық жүйеден бас тартты да, техникалық өркениет рухына жауап беретін түбегейлі техикалық жаңашылдықты ұсынды.
Слайд 20
Позитивизм – латтының жағымды сөзі
1) дұрыс білім (философиялық емес) нәтижесін
тек терең ғылыми танымнан ғана алуға болады деген парадигмалды гносео-методологиялық нұсқау;
2) нұсқау түйінделіп белгіленген философиялық бағыт.
П. эволюциясынан келесі кезеңдерді бөліп қарауға болады:
І – «бірінші П.» деп аталады (Конт, Милль, Спенсер, Э.Литтре, П.Лаффит, И.Тэн, Э.Ж.Ренан және т.б.);
ІІ – «екінші П.» (Авенариус, Мах);
ІІІ – «үшінші П.» немесе аналитикалық философияны ұсынушы неопозитивизм (Куайн, Поппер, Айдукевич, Лукасевич, Котарбинский, Г.Райл, Дж.Уисдом, П.Строссон, Дж.Остин, М.Блэк, Н.Малкольм, Н.Гудмен, А.Пап және т.б.) және логикалық П. негізіндегі Веналық үйірме (Шлик, Карнап, Нейрат, Ф.Вайсман, Г.Фейгль, Г.Ган, В.Крофт, Ф.Кауфман, К.Гедель және т.б.);
ІҮ – постпозитивизм, онда методологиялық радикализмді жұмсартуға деген тенденция және ғылым динамикасындағы әлеуметтік мәдени факторлардың рөліне аналитикалық нұсқау анық көрініп тұр (Кун, Лакатос, Тулмин, Фейрабенд, Аналитикалық философия, Веналық үйірме).