Сынып жетекші жұмысындағы диагностика презентация

Содержание

Сынып жетекшісі – ол кім? Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды

Слайд 1


Тақырыбы
Сынып жетекші жұмысындағы диагностика




Слайд 2 Сынып жетекшісі – ол кім?
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын

ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу, интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.

Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.
Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. Оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек. Көпке мәлім зерттеудің төмендегідей түрлері бар:


Слайд 3Алдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша

ұтымды жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, сынып жетекші жаңадан алған сыныптың оқушыларының іс-қағаздарымен, сынып журналымен танысады. Алғашқы аптаның ішінде-ақ оқушылардың жанұясы туралы мәлімет жинақтауына болады. Төмендегідей сауалдама беру арқылы оқушылардың өздерімен,
жанұяларымен сырттай танысуға болады:

Алдын-ала танысу


Слайд 4Аты-жөнің:
Туған жылың:
Мекен жайын:
Жанұяң туралы мәлімет:
Аты-жөні
Саған кім болады?
Туған жылы
Жұмыс

орны



Алдын-ала танысу


Слайд 5
Оқушының қоршаған ортамен
қатынасын зерттеу


Слайд 6Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау.
Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап

емес, олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым

Слайд 7Оқушыларды зерттеу жүйесіндегі әңгімелер
Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды талдаумен

байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі мұғалімдер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен олар оқушының сыныптағы белгілі бір оқиғаға қалай қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды. Сынып жетекшісінің мұғалімдермен және ата-аналармен әңгімелесуі оқушы тәрбиелігінің дәрежесі туралы құнды материал береді.

Слайд 8Оқушыларды зерттеу үрдісінде сауалнаманы қолдану
Сауалдама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді, айналадағы адамдарға

деген қатынасты анықтауға, ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан кейін, сынып жетекшісі сауалдамадағы сұрақтардың мән мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді. Сауалдаманы жинап алып, қорытындылау ретінде осы тақырыптарда пікірталас өткіздім. Пікірталаста оқушылардың пікірлеріндегі кемшін тұстарын ортаға салып, пікірталас туғызуға тырыстым.


Слайд 9Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеуде социометриялық әдістерді қолдану
Бұл әдістер жанама сұрақтар

қою жолымен өзара ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.



Слайд 10Социометрия әдісі
Мақсаты: Сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама

үлестіріледі:
Кіммен бір партада отырғың келеді?
Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?
Кімді туған күніңе шақырғың келеді?



Слайд 11Дербес мінездемелер жинақтау.

Бұл оқушылар туралы әр түрлі адамдардан (мұғалімдерден, ата-аналардан,

оқушылардың жолдастарынан) алынған деректерді жинақтауды және оларды салыстыруды көздейді.
 



Слайд 12 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰРМЫС ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ

Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр,

үлгермейтін, тәртіпсіз оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине, барлық оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы жағдаймен жекелеген отбасыларда, әсіресе берекесіз оқушының немесе жаңа оқушының отбасында танысуға әбден болады. Бұл тәсілді қолдану ата-аналардың бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға көмек беруі арқылы оқушының өз уақытын тиімді өткізуіне ықпал жасайды.
 



Слайд 13 “Сыныптағы ахуал” - шағын зертеу
Оқушыларға мағыналары қарама-қарсы сөздер жазылған бір-бір

парақ қағаз үлестіріледі. Солар арқылы ұжымындағы ахуалды зерттеуге болады. Оқушылар «х» белгісін сол жаққа немесе оң жаққа жақын қойса, ұжымда сол белгі айқын көрініс береді.
 



Слайд 14 Сыныптағы ахуал» - шағын зертеу кестесі



Слайд 15 Ұжымның өзін-өзі әлеуметтік-психологиялық аттестациялау
Мақсаты: Бастапқы ұжымдағы ерекше қатынастар жүйесінің даму деңгейінің

кешенді бағасы. Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалдама сұрақтары беріледі.
Берілген тізімге және оны бағалайтын шкалаға сүйене отырып, сіз өзіңіздің ұжымдағы қатынастарыңызды бағалааңыз. Бағаны былайша беруіңізге болады:
«6» - қажетті сапа ұжымның барлық мүшелеріне тән;
«5» - барлығына тән деуге болады;
«4» - көбіне тән
«3» - тең жартысына тән;
«2» - кейбіреулеріне тән;
«1» - бірен-саран адамға тән;
«0» - ешкімге тән емес.



Слайд 16Қорытынды
Сонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру нәтижелерін есептеу және бағалау оқушыларды жан-жақты зерттеуді,

олардың тәрбиелік дәрежелерін анықтауды талап етеді. Тәрбие дәрежесін дұрыс анықтау – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың пәрменді құралын табу деген сөз.
 
 


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика