Саяси психологияның дамуы презентация

Саяси психология дегеніміз – адамның және әлеуметтік топтардың саяси процестерге қатысу механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді. Саяси психология әлемдік саясаттану ғылымында перспективті зерттеу аймағы болып табылады. Алғашқы еңбектер ХХғ. жартасында пайда болып,

Слайд 1 Саяси психологияның дамуы
Орындаған: Бошқаева Саяжан
Қабылдаған:Алпысбай Ләйлә


Слайд 2Саяси психология дегеніміз – адамның және әлеуметтік топтардың саяси процестерге қатысу

механизмдері мен заңдылықтарын зерттейді. Саяси психология әлемдік саясаттану ғылымында перспективті зерттеу аймағы болып табылады. Алғашқы еңбектер ХХғ. жартасында пайда болып, бірақ тек он жылдан кейін ғана ресми қабылданған пән.

Слайд 3 Саяси психологияның пайда болуы, бұл саяси жүйедегі түрлі ерекшеліктерге әсер

етті: тарих, әлеуметтану, философия, саясаттану ғылымдары саясаттың өзінде жаңа құбылыстардың пайда болуына көңіл аударды.
Көсемдер, карольдер, президенттер және өзге де саяси элита өкілдері халық арасында ерекше орын алды. Халықтық бұқараға алғашқы еңбектер жазған француз Гербарт Лебон. Оның еңбектері: «Психология народов и масс», «Психология тарихы», «Психология социолизма». Ол бұқарадағы жеке адамдарға деген қиянатты, зорлық-зомбылық, күш көрсетуді көріп алғаш рет топты зерттеген. Лебон бойынша: топ – ұйымдаспаған белсенділіктің әсерінен кездейсоқ пайда болады. Мұнда агрессивтілік, истерия, жауапсыздық, анархия бар деп сипаттады.



Слайд 41994 ж. Испанияда «Психологические аспекты политики изменения» тақырыбы талданса, 1995 ж.

Вашингтонда «Национальное сторительство и демократия в мультикультурных обществах» тақырыбы қарастарылған. 1973 ж. Джон Клутсонның басқаруымен саяси психологияның даму кезеңдерін жариялады. Әлемдік тәжірибеге және саяси партиялардың тарихына көз жүгіртер болсақ ол төмендегідей сан алуан болып келеді. «Партия» термині (латынның partis – бөлік) – деген сөзінен шыққан. Саяси партия пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысу арқылы қол жекізуді мақсат етеді. 19 ғасырда «партия» деген термин өкімет билігі үшін, өкіметке ықпал ету үшін күрескен өзара бақталас топтың мүдделерін білдіретін болған.



Слайд 5Саяси партия - белгілі бір таптың не әлеуметтік топтың мүддесін білдіретін

олардың белсенді өкілдерін біріктіретін, саяси күресіне басшылық жасайтын саяси ұйым ретінде де айтылады. Сондай-ақ, саяси партиялар таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық мүдделерді де білдіреді. Қоғамдағы саяси өкімет үшін таластың шиеленісуіне байланысты 19 ғасырдың екінші жартысында бұқара арасында жұмыс істейтін саяси партиялар пайда болып қалыптаса бастады. Кез-келген саяси партияның іс-қызметінің негізгі мазмұны сол мемлекетте саяси өкіметті жеңіп алу болып табылды.

Слайд 6Саяси партиялардың мәнін түсінуде негізгі үш көзқарасты басшылыққа алуға болады. Олар:

• Партияның ең алдымен белгілі бір идологиялық доктринаны ұсынатын
адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр (Б. Констан)
• Саяси партияны белгілі бір таптың мүдделерін көздеуші деп түсіндіретін
маркстік - көзқарас. Марксизм классиктерінің тұжырымдамасы бойынша партия
пролетариаттың авангарды ретінде қарастырылады.
• Партияны мемлекет жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институтционалды
түсіну. (М. Дюверже)

Слайд 7Осы тұжырымдарды қорыта келгенде саяси партия мемлекеттік деңгейде билікті жеңіп алуға

не соған қатысуға бағытталған идеологиялық негіздегі ерікті одақ болып табылады, оның үстіне бұл одақ үшін биліктің өзі де үлкен әлеуметтік топтардың біреуінің мүдделеріне сай жұмыс істейтін саяси бағдарламаны іске асырудың құралы болып шығады.

Макс Вебер саяси партиялардың пайда болу тарихын үш кезеңге бөлді. 1-ші аристократиялық топтар. 2-ші саяси клуб. 3-ші бұқаралық партиялар. Осындай сатылы даму кезеңін тек Ұлыбританиядағы либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізді.

Слайд 8Саяси партиялардың түрлері.

Ал саяси партияларды топтаудың бірнеше өлшемдері бар. Мыс,

институтционалдық көзқарасты жақтаушылар ұйымдық өлшемді пайдаланды, либералдық дәстүрді уағыздаушылар идеологиялық байланысқа басты назар аударды, ал марксизмді жақтаушылар негізгі рольді таптық өлшемге берді. Бізге бүгінде мәлім саналуан саяси партиялар бар. Оларды әртүрлі негіздер бойынша - таптық белгілері бойынша өкіметке, қоғамдық прогреске басқару формаларына, наным – сенімдеріне және т,б қатынасы бойынша саралауға болады. Партияларды әртүрлі негіздері бойынша бөлу көбіне – көп шартты, бірақ соған қарамастан партиялардың бірнеше топтарға бөлінетіндігі де бар:

Слайд 91. Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық, шаруа, жұмысшы, (коммунистік) социал-демократиялық бұған зиялылардың

тиісті жіктері жатады.
2. Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық, (революциялық) яғни қоғам өмірінің құрылымын сапасы жағынан қайта өзгертуге ұмтылатын партиялар.
реформистік - қоғамның негізгі құрылымдарын сақтай отырып әлеуметтік - экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге бағытталған париялар. консервативтік-өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығының негізгі сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар.
реакциялық партиялар – олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымына ішінара, не толық қайтып оралу болып табылады:
3. Басқарудың формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялық, диктатуралық.
4. Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап (центристік);
5. Наным-сенім бойынша: христиан, ислам т,б болып бөлінеді.

Слайд 10Партиялық жүйе - өз алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға ұмтылушы партиялардың

күресу яки ынтымақтасу механизмі. Партиялық жүйеге өз қызметінде ортақ принциптерді ережелерді ынтымақтастықты сақтайтын партиялар кіреді.
Партиялық жүйеге кіретін партиялардың түрлері:
демократиялық
авторитарлық
тоталитарлық.
Демократиялық бағыттағы партиялар өздерінен басқа партияларға үлкен түсіністік білдіріп, шыдамдылық білдіреді, пікір сайысында ұстамдылық көрсетіп идеялардың, пікірдің сан алуандығын қолдайды.


Слайд 11Авторитарлық, партиялар негізінен өздерінің іс-әрекетінде әкімшілікке салынады, әмір жүргізіп, күштеу әдісін

қолданады. Авторитарлық партиялық жүйе бұл тоталитарлық партияға (мыс. фашистік) ұқсас болғанымен олардың өзара айырмашылықтары да бар. Авторитарлық партиялық жүйеде мемлекет идеологияда да, саясаттада басым роль атқарады. Авторитардық партиялар негізінен дамушы елдерде қалыптасады.

Ал тоталитарлық партиялар болса олар күллі партияларды, қоғамдық ұйымдарды мемлекетті, барлық саяси институттарды түгелдей тұқыртып, қоғамдық өмірдің барлық саласына өз бақылауын орнатуды мақсат етеді. Тоталитарлық партия мүшелері темірдей тәртіпке бағынған, партияның бағдарламасы мен партиялық идеологияны жүзеге асыру мақсатында көзсіз берілген адамдар болуы міндетті.

Слайд 12Саяси жүйеде партиялар алған бағыттары бойынша солшыл бағыттағы центристік, оңшыл бағыттағы

партиялар болып жіктеледі. Солшыл бағыттағы партиялар - революциялық күреске дайын өзгерістер үшін күресетін, халықтың мүддесін қорғауды мақсат етуші партиялар. Оңшыл бағыттағы партиялар, олар қоғамдық құрылысты өзгертуді қаламайды, күшті мемлекеттік құрылысты қолдайды, заңдылықты қуаттайтын партиялар.

Слайд 13 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика