Слайд 1 ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
ПӘН: ФИЛОСОФИЯ
№1 ТАҚЫРЫП
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
орындаған: ЖГДФ
ассоц. профессоры Ақбаева Л.Н.
Алматы 2015
Слайд 2ДӘРІС ЖОСПАРЫ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ.
2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
3. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ.
4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ – МИФОЛОГИЯЛЫҚ,
ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ.
5. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ.
6. ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ.
7. ФИЛОСОФИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ).
СӨЖ БЕН СОӨЖ-ГЕ ТАПСЫРМА (ТҮПНҰСҚАЛАР).
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ.
Слайд 3
1. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда
(phileo – сүйіспеншілік, sоріа – данышпандық деген сөздер) данышпандыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде
ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда (б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (Ясперс К. «Смысл и назначение истории». Бұл кее зңді Карл Ясперс «тарихтың осьтік уақыты» деп атады. Яғни К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.
Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде, адам мен қоғам мәселелерін зерттейтін ғылым.
Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен объектілер), сана, болмыс.
Платон
427-347 б.з.д.
Слайд 4
2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2)
гносеология,
3) логика, 4) методология, 5) этика,6) эстетика,7) психология, 8) әлеуметтану,
9) философия тарихы.
1) Онтология (грекше ontos – болмыс) – жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы ілім.
Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік болмыстар.
2) Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай сияқты мәселелреді зертейді. Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик – И.Кант.
3) Логика (Қисын) – (грекше – logic – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар – диалектикалық, математикалық, формальді.
4) Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.
Слайд 52. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) –
мораль және адамгершілік жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.
6) Эстетика (грекше aisthetikos – сезіну) – адамның дүниені эстетикалық немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары - әсемдік пен ұсқынсыздық.
7) Психология (грекше psyhо – жан) – адам жаны мен психикасы туралы ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял, іс-әрекет, энергопотенциал т.б.
8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.
9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста аяқталады».
Слайд 6
2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ФИЛОСОФИЯ
1. ОНТОЛОГИЯ
2. ГНОСЕОЛОГИЯ
6. ЭСТЕТИКА
5.ЭТИКА
3. ЛОГИКА
4.АКСИОЛОГИЯ
7. ПСИХОЛОГИЯ
8. ӘЛЕУМЕТТІК
ФИЛОСОФИЯ
9. ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
Слайд 7
2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
19-20 ғғ. Батыс философиясы
Қазақ философиясы
9) ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНЫҢ
БАСТЫ КЕЗЕҢДЕРІ:
Слайд 83. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:
1. ДИАЛЕКТИКА
2. МЕТАФИЗИКА.
Диалектикаға
сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-
біріне айналады. Демек диалектикалық әдіс жалпы байланыс, даму қағидаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму процесінде болады.
Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.
Диалектика мен метафизика әдістері ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғ. ортасында пайда болған диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.
ФИЛОСОФИЯНЫҢ
ӘДІСТЕРІ
МЕТАФИЗИКА
ДИАЛЕКТИКА
Слайд 9 Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы
көзқарастар жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.
Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф (грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан, жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3 әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм (адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм (жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп, табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас ретінде пайда болады.
4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
Слайд 104. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
2.ДІН
1.ФИЛОСОФИЯ
1.МИФОЛОГИЯ
ДҮНИЕТАНЫМ ТҮРЛЕРІ
Слайд 11
5. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
Философияның қарастыратын әмбебап мәселесінен – адам мен
ғаламның арақатынасынан «философияның негізгі сұрағы» туындады. Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп қарастырылады:
а) не бірінші – рух па, табиғат па?; б) әлемді танып-білуге бола ма?
Бұл мәселе Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының соңы» деген еңбегінде бірінші рет қойылған.
Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде (филос. сұрақтың 1-жағы) философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: 1) материалистер бірінші деп материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі – су, ағаш, металл, жер, т.б.) есептесе; 2) идеалистер үшін, керісінше, материалдық – руханилықтың туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализм мен идеализмнің бірнеше тарихи түрлері бар.
Философиялық сұрақтың 2-жағы әлемнің танымдық мәселелерімен (гносеология) байланысты: әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма; ғалам туралы білім қалай алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз жеткізуге болады?
Слайд 125. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
5. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
генетикалық аспект –
не бірінші
– рух па,
табиғат па?
2. функционалдық
аспект –
әлемді танып-білуге
бола ма?
Слайд 136. ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –МАТЕРИАЛИЗМ
ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
Философияның басты екі бағыты бар:
идеализм мен материализм.
Идеализм – сананы материалдылықтан жоғары қойды, идеяны мойындады. Идеализмнің объективтік (рухтың адамның санасы мен табиғаттан тыс, тәуелсіз өмір сүретінін мойындау) және субъективтік (заттар мен болмыс адам психикасының, рухани өмірінің жемісі) түрлері бар.
Материализм (лат. materialis - заттық) – идеализмге қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт, материяны немесе табиғат пен заттарды санадан жоғары қойды, матрияны мойындады. Ол дүниенің мәңгілігін, оның ешкімнің жаратпағанын, уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді. Сана материяның жемісі, яғни табиғатты тануға болады дейді.
Философия тарихында материалистерді 3 түрге бөледі: 1) стихиялық, 2) метафизикалық, 3) диалектикалық.
Стихиялық материализм – Ежелгі Үнді, Қытай, Греция материалистері. Дүниенің бастамасын табиғаттың 4 (5) cтихиясынан іздеді – судан, оттан, жерден, ауадан (металдан).
Слайд 146. ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –
МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат
философиясы ұғымын білдіреді (Ежелгі Греция мен Қытай философиясы), гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды тіршілігі туралы философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі Үнді философиясы).
Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа заманда (17 ғ.) табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны механика мен математика заңдарына бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.
Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.) материализмнің ең жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер құбылмалы, кез келген заттар қарама-қарсы қасиетке ие болуы мүмкін.
Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) – дүниенің бастамасы адам деп санады, француз материализмі (П.Гассенди) – дінге қарсы бағытталды, антиклерикалдық (латынша клерикалис – діни) сипатта дамыды.
Слайд 156. ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ –
МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
МАТЕРИАЛИЗМ
ИДЕАЛИЗМ
Слайд 16
7. ФИЛОСОФИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық,
теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.
1. Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.
2. Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.
3. Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.
4. Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.
5. Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.
6. Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.
7. Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.
8. Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.
Слайд 188. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
Философия пәні туралы түпнұсқаларға жазбаша және
ауызша анализ жасаңыз.
1) «Таң қалу адамдарды философиялық ойлауға итермелейді». (Аристотель. «Метафизика»).
2) «Адамзат бақытсыздығы сол уақытқа дейін жалғасады, қай уақыттан бастап билеуші философиялық ойламайынша немесе билік басына – философ келмейінше. Яғни бір қолда философия мен саяси билік бірікпегенше». (Платон. «Государство»).
3) «Философия... ғана бізді жануарлардан және варварлардан ажыратады, әр – бір халық соншалықты азаматкер және білімді болады, егер қаншалықты философиялық тұрғыдан ойласа...»… «Шынында да, кім философияны оқымай өмір сүрсе, олардың көздері жабық, яғни олар ашуға да тырыспайды»… «Бүкіл философия ағаш тәріздес, оның тамыры – метофизика, діңі – физика, ал діңнен шыққан бұтақтар – тағы басқа ғылымдар, яғни үш негізге алып баратындар – медицина, механика және әдеп...ол басқа ғылымдар туралы толық білім алуға және даналыққа деген соңғы қадам». (Р. Декарт. «Начало философии»).
4) «Философия мәнін айтсақ, ол адамның бұлдыр тұман тілінде тәркілеуі». (И. Гете).
5) «Философияның сонымен қатар әрбір бөлек философияның өзінің жеке тілі бар. Философияның тілі – поэзиялық тілден қалай бөлінсе, қарапайым өмір тілінен де солай бөлінеді» (Ф. Шлегель).
6) «Философия, адамның рухани әрекетінен айырмашылығы, бәрін тірілтеді, оларға адамдық жақтарын хабарлайды, адамдар үшін түсіндіріледі. Олсыз ғылым – фактілер жиыны, өнер – техника сұрағы, өмір механизм. Философиялық ойлау – бұл адам бойында бірегей түзу тірі жанды дамыту». (П. Лавров. «Три беседы о современном значении философии»).
7) «Философия мен теологиясыз ақиқат ғылымның болуы мүмкін емес» (В. Соловьев).
Слайд 19
9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу
құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.-224 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.-284 б.
4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192 б.
5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы. Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238 б.
8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы: Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2010.-240 б.
Слайд 209. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Қосымша әдебиеттер:
1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА,
2015.-242 с.
2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология. Учебник для студентов высших технических учебных заведений. – Алматы: Санат, 2007.
3. Әлеуметтану. 2-кітап/ Жалпы ред. М.М.Тажин.-Алматы, 2005.-268 б.
4. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2004.-640 б.
5. Дакенов Н. Абсаттаров Р.Б. Социология. – Алматы: Гылым, 2004.
Электрондық басылымдар:
1. Ақбаева Л.Н. Әлеуметтану: Электрондық оқулық. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012-144 б.
2. Акбаева Л.Н. Социология: Электронный учебник, Алматы: КазГАСА, 2010.-161 с.
3. Интернет ресурстары: www.sociology.ru