Слайд 2Ежелгі Үнді философиясын негізгі үш кезеңге бөлу қабылданған;
Б.д.д.ХV – VI ғ.ғ
аралығы- ведалық кезең
Б.д.д VI-I-і ғ.ғ эпикалық кезең
Б.д.д II біздің дәуіріміздің VII ғ.ғ. аралығы сутралық кезең.
Слайд 3Ежелгі Үнді гносеологиясының ерекшелігі – заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін
емес, сананың нәрселер құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу.
Осыған байланысты Үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі; «пракрити»-материалды сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер, елестер.
Слайд 4Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады;
1.Атман – Брахманнан адам бойына
берілетін бөлшек, ұшқын. Атман бірінші, тұрақты, мәңгі.
2.Манас - өмір барысында қалыптасқан адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.
Слайд 5Үнді философиясындағы түсініктер
Сансара – жанның тән мен космостық Брахман арасында тоқтаусыз,
мәңгілік қозғаласы.
Карма – адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс әрекетіне байланысты.
Мокша –карма тоқтайтын,жан эволюциясы,космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын адамшылық жетілудің жоғарғы шыңы.
Ахисма- жер бетіндегі тіршілік формаларының өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахисманың басты қағидасы «Кіші бауырларға,тірі табиғатқа қиянат жасамау».
Слайд 6Ежелгі Үнді философиясындағы түсінік.
Слайд 7Ведалар(сөзбе сөз «білім» деген мағынада) – б.д.д.XVғ.ғ. Орта Азия,Еділ жағалауы, Ираннан
Үндіге көшпелі тайпалар-арийлер келіп қоныстанғаннан кейінгі кезеңнен жеткен тарихи-мәдени ескерткіш діни философиялық трактаттар жиынтығы.
Бұл күнге жетіп келген Ведалардың төрт түрі бар:
Ригведа
Самаведа
Яджурведа
Атхарваведа
Слайд 9 Ведалық дүниетаным- ритуалдарға, әдеп- ғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық көзқарастар
комплексі. Ол әрдайым дамуда болған. Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі Ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның маңызды түсінігінің бірі- сансара ілімі. Үнділік діни морфологиялық сенім бойынша адам- табиғаттың бір бөлігі.
Слайд 10 Үнді философиясының онтологиясы
(болмыс пен бейболмыс туралы ілім)- космостық
эволюция, цикл, тәртіп, жүйе және өзара байланыс – Рита құдайының заңдарына сүйенеді. Рита – заттардың, нәрселердің барысы туралы заң немесе заңдылық. Бұл идеяның негізінде – нәрселер,заттар тіршілігінің өзгеріссіз қозғалысытуралы пікір жатыр. Рита- сезімдік құбылыс, ол рухани дүниеге дейің пайда болды; заттық,тәндік дүние- Ританың көрінісі.
Слайд 11Үндідегі философиялық мектептер.
Ведалық түсініктерді мойындау–мойындамауына байланысты Ежелгі Үнді философиясының мектептері
(даршандар) екі топқа бөлінеді:
«Астика» , «ортодоксальды», «негізгі», «ведалық» –Ведалық ілімді жалғастырушы мектептер.
«Настика», «бейортодоксальды», «бейведалық» –Ведалық білімге оппозициялық мектептер.
Слайд 13Ортодоксальды мектептер
Веданта – дербес мектеп ретінде басқа ортодоксальды мектептерден кешірек
–б.д.д VII-VIIIғ, яғни ортағасырлық дәуірде қалыптасты. Ал Ежелгі дүниеде ведантаның алғышарттары ғана болғаны туралы айтуға болады.
Миманса (дәлме дәл: «ойлау», «зерттеу», «талқылау»)-мәселені ойлау, талқылау және сындарлы зерттеу арқылы шешу дегенді білдіреді. Миманса өз ішінде екі ағымға бөлінеді: ертедегі, басты міндеті ведалық ритуалды зерттеу болып табылатын уттара- миманса.
«Вайшишика» атауы «вишеша»- «айырмашылық», «ерекшелік» сөзінен шыққан. Мектептің бүлай аталуының себебі өз жүйесінде, «айырмашылық» ұғымына айрықша мән беретіндігі. Вайшишика ілімі Ньяя филиософиясына жақын.
Слайд 14 Йога
Йога термині «бірігу», «қатысу», «тәртіп» «терең толғаныс» деп аударaылады. Йоганың
маңызды ерекшелігі- ерекше рухани күйге жетуге арналған арнайы тәсілдердің жүйесі болуында. Ертедегі Упанишадтарда Йогалық практика және йоганың құрамдас бөлімдері туралы, ал «Бхагавадгитада» азаттыққа жетудің үш жолы туралы баяндалады.
Классикалық йоганың негізін қалаушы – б.д.д. II ғ.ғ. өмір сүрген Патанджали деп саналады
Слайд 16Иогадағы негізгі жаттығу
тәсілдері
Слайд 17Жоғарғы құнды қасиеттер. Йоганы жақтаушылар «йогамен айналысу арқылы – жоғарғы қасиеттерді
иеленуге: телепатия және көріпкелдікке ие болуға, көзге көрінбейтін адамға айналуға, бір мезгілде бірнеше жерде болып, тас қабырғадан көктей өтуге, кез -келген жануарды қолға үйретуге болады» деп сенеді.
Жоғарғы құнды қасиеттер. Йоганы жақтаушылар «йогамен айналысу арқылы – жоғарғы қасиеттерді иеленуге: телепатия және көріпкелдікке ие болуға, көзге көрінбейтін адамға айналуға, бір мезгілде бірнеше жерде болып, тас қабырғадан көктей өтуге, кез -келген жануарды қолға үйретуге болады» деп сенеді.
Слайд 18 Буддизм
Ортағасырлардағы Үнді философиясындағы Гаутама Шакьямуни ілімі – буддизм
үстем болды.
Буддизм – Үндіде (б.д.д. V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда(б.д.д. III ғ.кейін), т.б аймақтарға кең тараған ілім.
Негізін қалаушысы Солтүстік Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха Шакьямуни)(б.д.д563-483 ж.ж). Аңыз бойынша Гаутама б.д.д. VI ғ. өмір сүрген патша (раджа) ұлы болып, қиыншылық көрмей өседі.
Слайд 19Буддизмнің негізгі идеясы – орта жол – рахат, ләззат,жолы мен «аскетизм
жолы» екеуінің арасындағы тепе- теңдікті сақтай білу мен тән қажеттілігін тежеу.
Буддизмнің өзекті идеясы-Будданың «төрт ақиқаты» туралы өсиеттерінде берілген. Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында.
Слайд 20Будданың 5 қағидасы:
Өлтірме!
Ұрлама!
Ізгілікті, иманды бол!
Өтірік айтпа!
Естен адастыратын, масайтыратын нәрселелерді қабылдама.
Слайд 22Буддалық азаптан құтылудың сегіз жолы
Слайд 24Нирвана – құштарлықты, демек сонымен бірге азапты болдырмай, қайта туылуларды тоқтатып,
сансарадан, карманың құзырынан – себептілік доңғалағынан босану. Нирвана өмірдің жоқтығы емес, керісінше, тұлға тіршілігінің айрықша түрі мен тәсілі.
Слайд 25Азаптың 12 тізбесі (карма туындататын Себептілік доңғалағы):
1.Өмір азаптары (тууылумен байланысты)
2.Тууылу (өмірге
ұмтылыспен байланысты)
3.Өмірге ұмтылыс(өмірлік объектілерге байланысты)
4.Көңіл аудару, үйір болу,құштарлық (заттарды иелену тілегімен байланысты)
5.Аңсау, көусеу(сезімдік қабылдау мен байланысты)
6.Сезімдік тәжірибе(объектілерді сезім арқылы қабылдауға байланысты)
7.Сезімдік түйісу, жанасу( танымның алты мүшесімен байланысты)
8.Танымның алты мүшесі(тән мен ақылдан тұратын мүшенің дамуының эмбриональды кезеңімен байланысты)
9.Эмбрионның дамуы(бастапқы санмен байланысты)
10.Бастапқы сана (өткен өмірдегі әсерлеріне байланысты)
11.Өткен өмір әсерлері (ақиқатты білмеуден байланысты)
12.Будда іліміндегі төрт ақиқатты білмеу.
Слайд 26Жайнизм
Ежелгі Үндіде б.д.д.VI-V ғ. пайда болып, қазірге дейін бар діни философиялық
бағыт.
Негізін қалаушы – Вардхамана(б.д.д.VI-V ғ. )деп саналады. Вардхамана Махавира
(«Ұлы батыр») және Джина (жеңімпаз) деп те аталады. Жеңімпаз, Ұлы батыр есімдері оның өз құштарлығын жеңіп, рух азаттығына жетуі құрметіне берілген.
Слайд 27Жайнизм өз ішінде екі бағытқа бөлінеді:
1.Шветамбарлар(ақ кигендер)
2.Дигамбарлар(жалаңаштанғандар ауаны
киім еткендер).
Екі бағытта бірдей философиялық бағыт ұстанады, олардың арасындағы айырмашылық діни әрекеттің кейбір сұрақтарына ғана байланысты.
Слайд 28Философиялық көзқарастары. Жайнисттер Құдайдың бар екеніне сенбейді. Олардың ілімінде «Бірегей жан»
немесе құдай жоқ; дүниеде тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін жан бар. Жанды да материяны да ешкім жасамаған. Олар мәңгі, әуелден бар және әрқашан болады.олар сыртқы дүниені және ондағы объектілердің реалды тіршілігін мойындайды. Жайнисттер бойынша екі мәңгілік бастама және мән бар: жаратылмаған және жайылмаған тірі джива(жан) және өлі аджива (материя,кеңістік, уақыт, эфир)
Слайд 29Жайнизм қағидаларының бастысы – «Тірі тіршілікке қиянат жасамау». Жайнизмде Ахимса ілімі
бар. Тіршілік иесіне қиянат жасамау туралы принципке негізделген, яғни тірі жанға зиян келтірмеу. Осы қағиданы ұстанған монахтар қолдарына арнайы сыпырғыш алып, жолын тазалап жүреді,сондағысы: құмырсқа, қоңызды жазатайым басып кетпеу. Жайнизмді ұстаушылар ет тағамдарын қабылдамайды.
Слайд 30Дүниені танудың екі түрі бар:
- тікелей интуитивті
бостандыққа, азаттыққа жеткен жаннын танымы.
- тікелей емес – материяға байланған жандардың танымы.
Адам зұлымдық пен жақсылықтың қайсысын таңдауды өзі шешеді. Бұл үшін адамға үш нәрсе көмектеседі:
- дұрыс сенім
- дұрыс таным
- дұрыс мінез-құлықы
Слайд 31Чарвака-локаята
Чарвака терминін материалист терминінің синонимі деп санауға болады. Чарвака
сөзінің шығуы туралы мынадай болжамдар бар.
«Чарвака»- материалисттік идеяларды насихаттаған алғашқы философтың есімі.
«Чарвака» термині «Чару»- жағымды, түсінікті сөзінен туады, «вак»-сөз, чарв-жуу, шайыну мағынасын білдіреді және материалисттердің «іш, же, көңіл көтер» ұранымен байланыстырылады.
Слайд 32 Негізін қалаушы. Үнділік мамандар Чарвака ілімінің негізін қалаушы ретінде
әйгілі дана Брихаспатиді атайды. Чарвака Үнді философиясында жалғыз материалисттік мектеп.
Слайд 33Философиялық көзқарастары. Танымның сенімді көзі- тікелей,сезімдік қабылдау. Танымның тікелей емес жолдарының
барлығы сенімсіз және адастырушылыққа тірейді. Біздің сезімді қабылдауға негізделген тәжірибеміз бір ғана дүниенің материалды және тәндік дүниенің бар екенін дәлелдейді. Құдайды, құдайларды сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, сондықтан оның бар екендігін айту негізсіз.
Слайд 34Онтологиясы. Барлық объектілер төрт элементтен: от, ауа, су, жерден тұрады. Адам
санасы материяның жемісі. Материяның элементтері санаға ие емес және олар құрайтын көптеген объектілерде де сана жоқ, сана тәнсіз немесе тәннен тыс тіршілік ете алмайды, сондықтан тән өлімінен кейін сана жойылып, қуанышты не қайғыны сезінетін ештене қалмайды.
Слайд 35Этикасы. Ақылды адам осы дүниелік өмірде барынша рахаттанып, азап-қайғыдан арылуға ұмтылуға
тиіс. Демек рахат күйге апаратын әрекеттің барлығы жақсы. Қайғы әкелетін нәрселер – жаман. Ал рахат күйге жеткізетін басты құрал –байлық,сондықтан оған ұмтылу қажет. Чарвака мектебінің кейбір өкілдері басты рахат күйлер тізіміне тамақты, ішімдікті, жыныстық ләззатты, молшылықты атаса, кейбірі рахат күйдің ізгі, нәзік түрлерін (өнерді) жатқызды.