Естiң жалпы сипаттамасы презентация

Жоспар 1. Естің жалпы сипаттамасы 2. Ес түрлері 3. Естің механизмдері мен негізгі процестері

Слайд 1

5 дәріс.
Естiң жалпы сипаттамасы


Слайд 2Жоспар
1. Естің жалпы сипаттамасы
2. Ес түрлері
3. Естің механизмдері мен негізгі процестері







Слайд 3 ЕС – бұрын қабылданған түрлi әсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi, әрекеттердi және

бiлiмдердi есте қалдыру, есте сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды немесе ұмыту.
Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi және ес негiзiнде жүзеге асады. Орыс физиологi И.М.Сеченов: ''Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде жатады''. Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе әрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың байланысуы мен әрекеттесүi мүмкiн болмас едi.
С.Л.Рубинштейн: ''Бiз еске ие болмасақ бiр сәттiк тiршiлiк иесi болар едiк. Бiздiң өткен өмiрiмiз болашағымыз үшiн жоқ болар едi''.


Слайд 4Аристотель ұсынған ассоциативтік теориясын айтуымызға болады:
1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау

бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады.
2. Ұқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады.
3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.

Слайд 5Ес түрлері:
Бейнелі ес.
Эмоциялық ес.
Қозғалыс есі.
Сөздік логикалық ес.


Слайд 6Естiң негiзгi процестерi: есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

Есте қалдыру дегенiмiз - жаңадан қабылданған бейнелер мен мәлiметтердi және олардың мәнiн есте бұрыңғы сақталғандармен байланыстырып отыруды айтамыз.
Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды.
Ұзақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудi қайта жаңғырту дейдi.
Тану – естiң бұрын қабылдағандарға кезiккенде көрiнетiн қайта жаңғыртудағы қарапайым түрi.
Ұмыту дегенiмiз - қабылдағанды, еске қалдырғандарды қажет болғанда еске түсiре алмау, танымау немесе еске түсiру мен танудың қателесiп жаңылысуы.

Слайд 7Әр түрлi жарақаттар немесе ауралар естiң бұзулуына әкелуi мүмкiн. Сол кезде

естiң жоғалуын – амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына байланысты.
Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны – реминисценсия дейдi.

Слайд 8Бақылау сұрақтары:
1. Ес анықтамасы және оның сипаттамасы?
2. Естің негізгі түрлерінің жіктемесін

көрсетіңіз?
3. Ес процестеріне сипаттама беріңіз?


Слайд 9ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі
1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.- М., 2009.
2. Жақыпов

С.М. Жалпы психология негіздері: дәрістер курсы. - Алматы, 2008.- 159.
3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013.
4. Жарықбаев, Қ. Жантануға кіріспе. - Алматы: "ИНФОРМ - АРНА", 2009.- 187.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика