ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе РЕНЕССА́НС (фр. Renaissance, итал. Rinascimento)
– Орта ғасырлардан кейін дүниеге келген зиялы мәдениет дәуірі,
Алдымен Италияда, кейіннен Францияда, Германияда, Нидерландыда пайда болды.
Орта ғасырлардағы үстем болған діни сипаттағы мәдениеттен кейін
АНТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР мен ӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ дәуірі болып табылады.
ЛЕОНАРДО БРУНИ –
основатель термина «ГУМАНИЗМ»
в эпоху Возрождения.
1. АНТРОПОЦЕНТРИЗМ – адам тұлғасын тұтастық түрде абсолютизациялау,
яғни философиялық, эстетикалық, өнер трактаттарында адам ардақталып,
оның ақыл-ой мен сезімі, шексіз шығармашылық мүмкіндіктері мадақталды.
3. ГУМАНИЗМ (лат. humanus – «адамсүйгіштік») – адамды тұлға ретінде қастерлеу,
еркін ойлау мен адамның индивидуалдық дамуын насихаттау. «Гуманизм» терминін
алғашқыда Рим ораторы – Цицерон, Қайта өрлеу дәуірінде – Л.Бруни енгізді.
3. АНТИКАЛЫҚ ӨНЕР МЕН ФИЛОСОФИЯНЫ ЖАҢҒЫРТУ -
Антикалық философия – неоплатонизм философиясында көрініс тапты.
4. АНТИКЛЕРИКАЛИЗМ (лат. аnticlericalis – дінге қарсы) – дүниеге діннен арылған
зиялы көзқарас – адамға дене пішінінің сұлулығы мен ақыл-ойын дәріптеу.
5. ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҚ – өнер еңбектеріне авторлық стильдің тән екендігі,
шығармашылық тың жаңа түрлері.
6. Философиялық негіз – 1) ГУМАНИСТІК НЕОПЛАТОНИЗМ -
адам мен табиғаттың рухани жағынан бірігуін қолдады.
2) ПАНТЕИЗМ – (гр. пан – бәрі, теос – құдай) – Құдайды табиғатпен тұтастай алып
қарайды, яғни табиғат пен Құдай бірге құйылысып қосылып кетеді,
екеуі бірдей дүниенің бастамалары.
ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА (орталықта), МАРСИЛИО ФИЧИНО (сол жақта)
И АНДЖЕЛО ПОЛИЦИАНО
Күрделі атауға ие болған «Ғылыми білімсіздік» еңбектің мәні ақиқатты іздеу жолында
анықталмағанның анықталғанмен, белгісіздің белгілімен салыстырылуында.
Бірақ, шексіздікті зерттегенде, мұны елестету мүмкін емес, өйткені оның көлемі белгісіз,
еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Адамның (шектелген) парасаты мен шексіздік а
расындағы қайшылық, Н. Кузанскийдің ойынша, білімсіздікті туындатады.
Осы тұрғыда Құдайды тану мүмкін емес, өйткені ол – шексіздік, оны бұл жалғанның
шекті заттарымен салыстыруға болмайды.
Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (латынша
emanatio – өту, тарату деген сөз. Антика философиясында кездесетін универсум,
яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан жетілмеген және төменгі
сатыларға өту деген сөз қағидасына сәйкес дамытады.
Адам жаратылысынан табиғатты тануға деген қабілетке ие болған микрокосм.
Оның таным мүмкіндігі құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге а
сады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет: сезім (сезім мен елестетуден тұрады),
естілік және ақыл-парасат болады.
Схоластика ойшылдары сияқты, Фичино дін мен философияның қатынасы туралы сұрақты
маңызды теориялық және идеологиялық мәселе деп ерекшелейді. Мұның шешімінде
схоластикалық тәсілді игеру арқылы ол философия дін ілімінің құқықсыз қызметшісі
емес, олар тең құқылы қатынас жағдайында болады деген қорытындыға келеді.
Фичино Н. Кузанскийдің адамның шығармашылық мәні туралы ой желісін дамытады, а
дамның шығармашылық қабілеті оның әлемді тану мүмкіндігінен және жан-жақты
қызметі түрлерінен өз көрінісін табатынын мақұлдайды.
Сонымен, Фичино ілімдерінде адамның шексіз қуаты (күші) идеясы тұжырымдалады,
ол Абсолюттің қуатына теңестіріледі.
Құдай мен табиғат қатынасын Бруно пантеизм тұрғысынан шешеді. Сондықтан ол,
біріншіден, Құдайдың әлемнен толық бөлектенуін жоюға, олардың бірлігін көрсетуге
ұмтылады. Құдай өзіне тиісті сапада болмыстан «тыс» және «үстінде» емес, барлық жерде
және жан-жақта бар; екіншіден, ол Құдай мен табиғатты жиі теңестіреді, табиғатты өз
алдына дербес бастау ретінде қарастырады. «Табиғат дегеніміз – Құдайдың өзі немесе з
аттардың өз ішіне жасырынған құдайлық күш»; үшіншіден, антика философтарының
(Парменид, Демокрит, Эпикур, Лукреций т.б.) ықпалымен Құдайды тек табиғатпен ғана
емес, материямен де байланыстырады.
Бруно табиғат философиясы мен космологияда схоластика қағидаларына, ортағасырлық
дін іліміне қарама-қарсы, оған «діннен безген» деп кінә тағуға себеп болған бірнеше пікірді
ұсынады. Ол Құдайдың шексіз құдіретінің шектеулі, өткінші заттарды жасаумен
тұйықталып қалмайтынын, табиғат пен ғаламның да шексіздігін дәріптейді.
Ол тек қана ақылдың көмегімен әлемнің бірлігін, ондағы қарама-қарсылықтардың
диалектикалық сәйкес келуін және оның шексіздігін тануға қол жеткізіледі, ақиқатқа
жетудің мәнді бастауы – парасат болады деп есептейді.
Ортағасырлық схоластика өкілдерімен айтыста Италия гуманистері антика
мәденииетінің рухы мен идеяларын қайта жаңғыртуға ұмтылды.
Данте адамның практикалық қызметі – оның парасат мүмкіндіктерінің жүзеге
асуының жемісі дегенді басып айтады. Ол адамның бар өмірі оның парасатына бағынуы
керек дегенді ұстанады.
Оның пайымдауынша, тұлғаның, кісінің шыңдалып жетілуі оның «надан тобырдан»
оқшауланған жағдайында ғана мүмкін болады. Тек қана осы жағдайда, адамның өзіндік
ішкі құмарлықтарымен күресінде және қоршаған ортамен үздіксіз қарама-қарсылығында
шығармашы кісі толық еркіндікке, ұстамдылыққа, рухани тыныштыққа қол жеткізеді.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть