Слайд 3Кіріспе
29.02.2017
«Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда»
атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. 2009 жылдың 1қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар — 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған.
Кедейлік бейiнi – кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2009 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен
сипатталады:халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды.Кедейлiк — бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарынiске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.
Слайд 25Қорытынды:
29.02.2017
Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы
елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз.
Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін қолайлы емес. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамуышы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар нарықтарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.