Табиғи ресурстарды пайдалану презентация

Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері; табиғатбайлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан,ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта

Слайд 1 ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ПӘНІ,
МАҚСАТЫ, ӘДІСТЕРІ

Мақсаты: Қоғамның өндірістік дамуына байланысты

адамның табиғи ортаға әсерін; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануын қарастыру.

Түйін сөздер: Тарихи тану әдіс, жүйелілік мөлшерлеу (нормалау) әдісі, экономика- математикалық, статистикалық талдау, сараптау әдістері


Слайд 2 Қоғамның өндірістік дамуына байланысты

адамның табиғи ортаға әсері; табиғатбайлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан,ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады. Оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады. Мысалға, шөлді және шөлейіт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды түрлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін қорғауды атауға болады.

Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді. Мысалы,өндірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының түгесілуін, судың, жердің,атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.


Слайд 3 Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып

және оларды
игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат байлықтарын өндіріске қолдануға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде өндірісьің табиғи ортаға әсері күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиленісе түседі. Табиғат байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты. Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. адам
өмір сүрген болса, 1990 жылы халық саны 5300 млрд. –қа жетті, ал 2000 жылы 6 млрд. –тан асады деп есептеледі.

Слайд 4 ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ХАЛЫҚ ТҰТЫНАТЫН ӨНІМДЕРДІ АРТТЫРУҒА,

ОҒАН ШИКІЗАТ РЕТІНДЕ ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ МӨЛШЕРІН КЕҢЕЙТУГЕ ТУРА КЕЛЕДІ. СОНЫМЕН ҚАТАР ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ ҚОРЫНЫҢ ШЕКСІЗ ЕМЕСТІГІН ДЕ ЕСКЕРГЕН ЖӨН .ӘСІРЕСЕ ҚАЛПЫНА КЕЛМЕЙТІН ТАБИҒАТ БАЙЛЫҚТАРЫНЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОТЫН ЭНЕРГИЯ ҚОРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ СЕЗІЛУДЕ. ТҮСТІ МЕТАЛДАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ – МЫС, ҚОРҒАСЫН, МЫРЫШ, ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР ТАПШЫ БОЛА БАСТАДЫ. ОЛАРДЫҢ ӘР ТОННАСЫН ӨНДІРУГЕ БҰРЫНҒЫҒА ҚАРАҒАНДА АНАҒҰРЛЫМ КӨП ЕҢБЕК ЖҰМСАУҒА ТУРА КЕЛЕДІ. ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ: ЕҢБЕК ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРЫНЫҢ, ӨНДІРІС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ДАМУ СЕБЕП-САЛДАРЫН АЙҚЫНДАЙ БІЛУ ҚАЖЕТ. БҰЛ ФАКТОРЛАР БІР-БІРІМЕН ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТА БОЛАДЫ.

“Адам және табиғи орта” жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қатынастарының даму
процестерін тереңірек түсіну қажеттігі жаңа экономикалық ғылыми – табиғат пайдалану
экономикасының қалыптасуын туғызады. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең
алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу керек. Ұзақ уақыт экономика және экология
ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келеді, олардың өзіне тән ғылым негіздері, әдістері болады


Слайд 5
Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде туындайтын
экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи

ортаға тигізетін әсерін және оның кері
әсерінен қорғануды ұйымдастырады:


Халық шаруашылығын табиғи ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;


Табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны бүлдіруден,
табиғат байлығын сірап етуден келетін зиян мен мөлшерін есептеу әдістерін;


Табиғат байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау
мүмкіндіктерінің тиімдіктерін айқындау жолдарын;


Табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды басқарудың экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын зерттейді.


Слайд 6 ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ

– ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРЫН ЗЕРТТЕЙТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ОЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРҒА СҮЙЕНІП ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ, ОНЫҢ ҚОРЫН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕЙДІ. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ ТЕК ҚАНА ЭКОЛОГИЯ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОДАН ТУЫНДАЙТЫН ӨНДІРІСТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ НАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУМЕН ДЕ АЙНАЛЫСАДЫ.

Слайд 7 ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРМЕН ДЕ ТЫҒЫЗ

БАЙЛАНЫСТА, ӨЙТКЕНІ ӨНДІРІСТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ, ЖҮРГІЗУ БАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ- ТЕХНИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДІ ЕСКЕРУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ. ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ДЕ ТИІМДІСІ – ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕХНИКА МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ОРТАМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ БОЛАДЫ. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА. АЙМАҚТЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІК, ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТИІМДІЛІГІ, ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУШЫ ӨНДІРІСТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ТИІМДІЛІГІ, Т.Б. ОРТАҚ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ, БАҒЫТТЫ, МАҚСАТТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ЖЕКЕ САЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ КӨМЕГІН ТИГІЗЕДІ. САЛАЛЫҚ ЭКОНОМИКА ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНАН БҰРЫН ҚАЛЫПТАСТЫ. СОНДЫҚТАН ОЛАРДА ТЕОРИЯЛЫҚ, ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖИНАҚТАЛҒАН ТАНЫМДАР ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІ БОЛАДЫ. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН МІНДЕТТЕРІ: ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮШ КЕЗЕҢДІ ҚАМТУ КЕРЕК: ЖАҚСАРТУ (ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ, ҚОРҒАУ), ИГЕРУ ЖӘНЕ ҰҚСАТУ.

Слайд 8 ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІ – ДИАЛЕКТИКА. ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ӘДІС

БОЙЫНША ЗЕРТТЕЛЕТІН ҚҰБЫЛЫС (ЗАТ) ЖАН-ЖАҚТЫ, ҚАЙШЫЛЫҚТА, ДАМУ ҮСТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ. ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ӘДІС БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ОЙ-ТАНЫМ ЖИНАҚТАЛҒАН ІС- ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНАДЫ. ТӘЖІРИБЕДЕГІ КЕМШІЛІКТЕР МЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ҒЫЛЫМИ ТАЛДАУ ЖАСАЛЫП, НӘТИЖЕЛЕРІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛЫП ОТЫРАДЫ.

Слайд 9ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН ТАРИХИ ТАНУ ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР. ӘРБІР ҚҰБЫЛЫС ҚАЛАЙ

ПАЙДА БОЛАДЫ, ҚАЛАЙ ДАМИДЫ, ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ, ЕРТЕҢІ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ, ОСЫ ТҰРҒЫДАН ӨТКЕН МЕН БҮГІНГІНІҢ БАЙЛАНЫСЫН САБАҚТАСТЫРА ЗЕРТТЕП ОТЫРАДЫ. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ – ЖҮЙЕЛІЛІК. ОСЫ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖҮЙЕНІ ҚҰРАУШЫЛАР АНЫҚТАЛАДЫ. ОЛАРДЫҢ БІР-БІРІМЕН ҚАТЫНАСЫ, БІР- БІРІНЕ ЫҚПАЛЫ, ЖҮЙЕДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ ЗЕРТТЕЛЕДІ. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНДА МӨЛШЕРЛЕУ (НОРМАЛАУ) ӘДІСІ ДЕ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ НОРМАЛАРЫ, ШЕКТЕРІ, АУАДА, СУДА, ЖЕР БЕТІНДЕ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАБАТЫНДА УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫ, ШОҒЫРЛАНУЫ, ТАРАЛУЫ, ӨНІМ ШЫҒАРУҒА ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ МӨЛШЕРІ, ҚАЛДЫҚ ШАМАСЫ, Т.Б. НОРМАЛАР БЕКІТІЛЕДІ. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНДА АТАЛҒАНДАРМЕН ҚАТАР ЭКОНОМИКА- МАТЕМАТИКАЛЫҚ, СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ, САРАПТАУ ӘДІСТЕРІ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ .ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАЛАЛДЫҢ АЛДЫН АЛЫП, БОЛДЫРМАУ, САРАПТАУ ӘДІСІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ЗОР.ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ, ТАБИҒИ ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ САРАПТАУДАН ӨТПЕЙІНШЕ ІСКЕ АСЫРЫЛМАЙДЫ.

Слайд 10


1. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану міндеттері
2. Қазіргі экономикадағы табиғат ресурстарын пайдаланудың

стратегиясы

3. Табиғи орта дестабилизациясының және әлеуметтік-экономикалық негідері

Сұрақтар:


Слайд 11 Әдебиеттер тізімі:
1.Голуб

А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. - М: Изд. Аспект-
пресс. 1995.-188 с.
2. Папенов К.В. Экономика и природопользование. М.: МГУ, 1997. - 240 с.
3 Экономические основы экологии: Учебник / В.В Глюков. Т.В. Лисочкнна. Т.И.
Искрати - Спб, Специальная литература, 1995. - 280 с.
4. Методы определения ущерба экономическим способом. Нормативный докумепт
ОНВ - 22/195. - Алма-Ата, 1991. - 220 с.
5. Нестеров П.П., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок. - М.: Закоп и право. ЮНИТК 1997.- 413 с.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика