Слайд 1
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ- ТЕҢДІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
1. Макроэкономикалық тепе- теңдік: түсінігі, үлгілері.
2. Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері және факторлары. Экономикалық өсудің жаһандық тенденциялары.
3. Қазақстан экономикасының дамуының басымды бағыттары.
Слайд 3 Нарықтық экономикада барлық өндірілген өнімдер (жиынтық өнімдер) тауар
(жиынтық ұсыным) болуы керек, ал барлық табыстар (жиынтық табыс) жұмсалуы (жиынтық сұраныс) керек және де тауармен қамтамасыз етілуі керек (жиынтық тұтыну).
Тек осындай жағдайда төлем қабілеттігі бар сұраныс және тауарлық ұсыным көлемі сәикес болады.
Нарықтық экономиканың мұндай жағдайы экономикалық тепе- теңдік болып табылады.
Слайд 4Жиынтық сұраным - тауар мен қызмет көрсетудiң әртурлi көлемiн байқататын модель.
Сондықтaн тұтынушы, кәсiпорын және Үкімет кез келген баға деңгейiнде сатып алуға дайын.
AD
P
Q
Жиынтық ұсыным - кез-келген баға деңгейiндегi нaқты өндiрiс.
AS
P
Q
Слайд 6 Экономистер көптеген жылдар бойы және қазiргi
кезде де тепе тендiк динамикасы үлгісін iздестipумен айналысқан және айналысуда. Себебi ол бiрiн-бiрi жоққа шығаратын eкi тенденцияны қосады: экономикалық тепе-теңдiк және экономикалық динамика.
Слайд 7 Тепе-теңдік динамикасы моделi классикалық және
кейнстiк болып бөлінедi.
* Классикалық моделдiң өкiлiне француз экономисi Жан Батист Сэйдi (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндiрушiлерден тұрады (олар сондай-ақ тұынушы болып та табылады). Сөйтiп өзi өндiрмеген басқа тауарларды сатып алу үшiн өзiнiң тауарын сатады. Демек, табыс шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшерi ылғи ұсынымға тeң.
Слайд 8 Алайда тұтынушы саны ылғида
өндiрушi санынан асып отырады және табыс толық жұмсалмайлы (бiр белiгi жинақтауға айналады, өндiрушi шығынның бiр бөлiгiн займ (несие) есебiнен жүзеге асырады).
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сұранымға айналмайды.
Демек жинақтау макроэкономикалық тепе – теңдікті бұзады.
Слайд 9Кейнстiк модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады:
«табыстар-сұраным»,
бiрақ «табыстар - жинатау» емес.
Дж. Кейнс мынаны көрсеттi: тепе-тендiк жағдайына жету инфляция, жумыссыздық пен жене өндiрiстiң төмендеуiмен сайма-сай келедi.
Слайд 10 Экономикалық өсім - экономикадағы нақты табыстың өсуі
(ЖҰӨ, ЖІӨ немесе ҰТ), сонымен қатар белгілі бір уақытта жан басына шаққандағы өндірілген өнім болып табылады.
Экономикалық өсу факторларына:
табиғи шикізаттар,
еңбек ресурстары,
негізгі капитал көлемі,
жиынтық шығындар деңгейі,
технология,
шикізаттарды тиімді пайдалану жатады.
Слайд 11
Экономикалык өсудiң
қазiргi типiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Оның артта қалуы ххшы ғасырдың 50-шi жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуының сейкестiгiмен байланыстырылады.
Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерiлдi және ол FTP жағдайында өндiрiстiң интенсификациялау негiзiнде жүзеге асады.
Слайд 12 Экономикалық өсу экономиканың бiр қалыпты оң қозғалысын
және оның әлеуметтiк- экономикалық пpoгpeciн көрсетедi. Мұндай прогрестiң жалпы критериi өндiргiш күштердiң даму деңгейi болып табылады.
Өндiрiс пен тұтыну арасындағы қайшылық жалпы негiзгi және қозғаушы күш болып табылады, тұтыну өндiрiстi ынталандырады, екiншi жағынан өндiрiстiң өзi жаңа түтынуды қалыптастырады – сөйтiп қайталанып отыратын процесс. Бұл қайшылық – оның қоғамдық түpiнe тәуелсiз ең жалпылама және өндiрiс дамуының табиғи негiзi.
Слайд 13 Экономикалық өсудiң жаңа сапалық белгiсi - өндiрiстiң прогрессивтi
құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет eтeтін салалардың үлес салмағының артуымен тусiндiрiледi. Олар FTP нетижелерiн өндiрудi жене камтамасыз етудi жузеге асырады .
Экономикалық өcyдің қайнар көзi – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемiн ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгiлi уақыт кезеңiнде барынша мүмкiндiк жасайды.
Экономикалық өсудің сапалық жаңа типiнiң негiзгi қайнар көзi - экономикалық саясат.
Слайд 14Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзi инвестиция (күрделi қаржы) болады. Бүгiн салынған
қаржы көлемi келешектегi табысты ұлғайтуды көздейдi.
Экономикалық өсудiң сапалық жаңа типiнiң түпкі мақсаты адам болып табылады. Oның FTP жетiстiгiмен қаруланған бiлiмiн, еңбегiн де айта аламыз. Сондай-ақ ол әлеуметгiк-экономикалық прогрестiң басты критериi болмақ.
Слайд 16 Қазақстан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының
бірі экономикалық өсу болып табылады, ол тек қана Қазақстандықтардың жағдайын жақсартып қана қоймай сонымен қатар Қазақстанды әлемдік экономикаға тиімді енуге мүмкіншілік береді.