Жерді рекультивациялау. (Дәріс 10) презентация

Соңғы 30 жылда табиғи ланшафтарға күшті индустриалды басымдылықтар байқалады соның әсерінен бағалы жерлер көлемі азаюда. Сондықтан, ауылшаруашылығы жерлерінің жалпы балансының көбеюінің маңызды көздері болып бұзылған жерлер жатады сондықтан

Слайд 1Дәріс 10. Жерді рекультивациялау
1.Жердің бұзылуы және оның агроэкологиялық жағдайға әсері

2.Бұзылған жерлерді

рекультивациялау және антропогендік топырақ жасау

3.Бұзылған жерлерді орнына келтірудің және оларды пайдалану тәсілдері

Слайд 2
Соңғы 30 жылда табиғи ланшафтарға күшті индустриалды басымдылықтар байқалады

соның әсерінен бағалы жерлер көлемі азаюда. Сондықтан, ауылшаруашылығы жерлерінің жалпы балансының көбеюінің маңызды көздері болып бұзылған жерлер жатады сондықтан оларды рекультивациялау қажет.
Жер балансының 2008 ж 1 қарашасындағы деректері бойынша бүлінген жерлердің көлемі 171,1 мың га, оның ішіндегі 48,3 мың га өңделген олардың нақтылы көлемі төмендегі

Слайд 3
Бүлінген жерлер қатарына, адамның өндірістік қызметінің нәтижесінде өзінің бастапқы

шаруашылықтың бағалылығын жоғалтқан, яғни топырақ жамылғысының өзгеруі, гидрогеологиялық режимі және техногендік рельефінің түзілуі салдарынан болады.
Аталған жерлерді ауылшаруашылығы айналымында пайдалануға қайтару, тек қана рекультивациялау арқылы мүмкін.

Слайд 4
Жерді рекультивациялау – инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агротехникалық және басқа шараларды

кешенді пайдалану арқылы бүлінген жерлердің халықшаруашылығындағы бағалылығын және биологиялық өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар.
Рекультивацияланған жерлер ауылшаруашылығына жарамды жерлерді жасау үшін пайдаланады.

Слайд 5
2. Жерлерді рекультивациялау жұмыстары екі сатыда жүргізіледі
а)

Техникалық рекультивация – ауылшаруашылығында мақсатты пайдалануға жерлерді дайындау, құнарлы қабатын қалпына келтіру, бетін тегістеу, өсімдіктердің өсуіне зиянды улы заттарды алып тастау, мелиоративтік және басқадай ғимараттарды салу.

Слайд 6
Техникалық рекультивация кезеңдері:
Үйінділердің пайда болуы
Үйінділердің бетін тегістеу
Үйінділер мен беткейлерді түрақты қалыпқа

келтіру
Қалдықтар мен минералды жыныстарды өңдеу
Жерді қайта пайдалану үшін қалпына келтіру

Слайд 7
б) Биологиялық рекультивация (жерді баптау)- топырақ құнарлығы бұзылған жерлерді қалпына

келтіруге, флора мен фаунаны қайта жаңғыртуға бағытталған агротехникалық және фитомелиоративтік тәсілдер кешенінен тұратын жердің құнарлығын жақсарту шаралары.
Биологиялық рекультивация ауыл шаруашылық және ормандық болып бөлінеді.

Слайд 8
Ауыл шаруашылық рекультивация жыртылған жерлерді, шабындықты, жайылымдарды, көпжылдық жеміс-жидек

ағаштарын қалпына келтіруді қарастырады.
Ауыл шаруашылық рекультивация кезеңдері:
Белсенді қабатты түзу
Органикалық және минералды тыңайтқыштар шашу
Тұқым себу және көгалдандыру
Жердің қабілетін қалпына келтіру
Эрозияға қарсы шаралар



Слайд 9
Орманды рекультивациялау бұзылған жерлерге ағаштарды отырғызып,

оларды әртүрлі бағыттарға және құндылығы бойынша пайдалану.
Барлық өндірістік ұйымдар пайдалануға берілген жер учаскелерінің қара шірінді қабатын қырып алып сыдырып оны жерді рекультивация жасауға пайдаланады.
Ауыл шаруашылығы үшін пайдаланғанда қара шіріндісі 1-2%, ал қара топырақтарды 2-2,5% қара шіріндісі бар беткі қабатын қырып жинайды.

Слайд 10
Қарашірінді қабатын биіктігі 10-15 м үйінділер жасап сақтайды. Жерді

рекультивациялаған кезде құнарлы жыртылатын қабат жасау, топырақ өңдеуді оңтайландыру, дақылдарды таңдау және қайта қалпына келтірілген жерлердің өнімділігін жоғарлататын басқа да тәсілдердің маңызы зор.
Нашарлаған (бұзылған) жерлерді рекультивациялау жұмыстарын ұлғайту еліміздің жер қорын сақтауға соның ішінде құнды ауыл шаруашылық жерлерді.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика