Экология және ұлт денсаулығы презентация

Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуына тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады.

Слайд 1Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті -
Қазақстан

Республикасы Тұңғыш Президентінің
білім ордасы

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Студент топтары кураторларына көмек ретінде
 

7-жинақ
 


Слайд 2Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың

шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуына тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.

Слайд 3Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстанның алдында да тұр. Алайда

біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе – Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Әскери полигондардағы сынақтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдаланып болған соң, улы өнеркәсіптік заттарды тонналап қоршаған ортаға тастауынан, ал ауыл шаруашылығы арам шөптер мен құрт-құмырсқаларды жою үшін улы химиялық заттарды пайдалануынан Республика аумағының төрттен бір бөлігі өмір сүруге жарамсыз. Жердің шөлге айналу салдарынан жайылымдардың тең жартысы пайдалануға келмейді, суармалы жердің 75% сортаң жерлерге айналған. Жекелеген аудандарда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы дамыған елдерге қарағанда 15-20 жылға қысқарды.

Слайд 4Бүгінгі күнде Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі қоршаған ортаны қорғау саласына

ерекше назар аударуда. 2007 жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық кодексі қабылданды.

Слайд 5Экологиялық проблемаларды шешу тек мемлекеттің ісі ғана болуы мүмкін емес. Әрбір

адамның бойында осыған деген өз қатысын, елінің экологиялық болашағы үшін азамат ретіндегі оның жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Сондықтан студенттерге экологиялық тәрбие беруді отаншылдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Слайд 6Бұл жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған Қазақстан Республикасындағы экологиялық

ахуалды, сондай-ақ экология мен денсаулықтың өзара байланысы және өзара тәуелділігін сипаттайтын материалдар ұсынылған.
Бұл материалдар «Экология және ұлт денсаулығы» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттарды дайындау мен өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек көрсетеді.

Слайд 7НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика