Слайд 2Әрбір кәсіпкер "Бизнесте табысқа қалай жетуге болады?" деп ойланады. Бұл туралы
көптеген кітаптар жазылған, бірақ әрбір автордың өз көзқарасы бар және олар осы тақырыпты әртарапты ашады. Алайда, кейбір жалпы сәттерді белгілеуге болады.
1. Бизнес және бизнесмендер туралы әдебиет оқу
Кез келген жобаны тиісті әдебиетті оқудан бастау керек. Осы тақырып бойынша ең үздік авторлар– американдықтар, өйткені персоналды басқару және маркетингпен айналысуды бастаған солар. Сонымен қатар, бизнес-мектептер мен академиялардың ең көп саны Америкада орналасқан. Мұнда мақсат қою, уақытты басқару, ынталандыру идеяларын білуге болады. Ал танысуға өз еліңнің бизнес ерекшеліктерімен отандық авторлардың кітаптары көмектеседі.
2. Өзгеше идея
Бизнесте тауашалардың көбі бос емес, сондықтан табысқа жету қиын болады. Сіздің еліңіздегі нарықты мұқият зерделеп шығыңыз. Осыдан кейін айналысқыңыз келетін бағыттарды белгілеңіз. Қажетті әдебиеті оқып, қажет болған ретте қосымша курстар мен тренингтерден өтіңіз.
3. Персоналды іріктеу
Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар, сізді табысқа жеткізуде үлкен рөл атқарады. Персоналды мұқият таңдау керек. Сараңсымаңыз, бірден жоғары білікті мамандарды таңдаңыз.
4. Инвесторлар мен демеушілер
Слайд 3Бизнесті дамыту үшін инвестициялар қажет. Әрине, сізде бастапқы капитал болу тиіс,
бірақ одан әрі даму үшін бұл жеткіліксіз. Бұдан басқа, сізде міндетті түрде резервтік қор болу тиіс, себебі күтпеген жағдайды ешкім алып тастаған жоқ.
Тағы бір маңызды тармақ – жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту. Табысты бизнесменде қандай жеке қасиеттер болу қажет?
- Үйрену қабілеті. Табысты болуы үшін жаңашылдықтар және өзгерістермен танысқан жөн. Бизнес тенденциялары үнемі өзгеріп отырады, оларға бейімделу қажет. Жаңа ақпарат пайда болған соң-ақ, оны бірден зерделеуге және меңгеруге кірісіңіз. Форумдарға қатысыңыз, мақалаларды оқыңыз, оқыту курстарынан өтіңіз, кітаптар алыңыз. Жаңа білім алуға асыққаныңыз дұрыс.
- Дербестік. Табысты кәсіпкер мақсаттарды қойып, оларға қол жеткізу құралдарын дербес таңдайды. Ол не қалайтынын нақты біледі.
- Жауапкершілік. Бизнесмен өзіне ғана емес, барлық персонал үшін жауапкершілік ала білу керек. Табысты кәсіпкер – мән-жайларға сілтеме жасамайтын, оларға тез бейімделетін адам.
Слайд 4- Белсенділік. Бұл қасиет туралы Стивен Кови көп айтқан. Оның пікірі бойынша,
кәсіпкер белсенді адам болу тиіс, яғни, ол өзін-өзі қолға алып, сыртқы мән-жайлардан алыстай алады. Ол өз бетінше шешім қабылдап, қандай әрекеттер жасау қажет екендігін біледі. Белсенділікті дамыту үшін сана-сезімді, қиялдау қабілетін, ар-ожданды және ерікті шынықтыру керек.
- Табандылық. Барлық ой бірден іске аса қоймайды. Бірінші сәтсіздіктен кейін түңілген адам жақсы бизнесмен болмайды. Табыс үшін тәуекелге бару керек.
- Кеудемсоқтық. Бұл қасиет ісін жаңа бастаған кәсіпкерге кез келген кедергілерді еңсеру үшін ауадай қажет. Бұл - өзін-өзі жоғары бағалау, өзіне жоғары талаптар қою, өзіңе және ісінің жетістігіне деген мүлтіксіз сенім.
- Тұрақтылық. Жеке бизнес – бұл тыныш іс емес. Қайшылықтар мен күйзелістер жиі орын алады. Жақсы бизнесмен өзіне деген сенімді жоғалтпай, олармен күресу қажет. Тұрақтылық сияқты қасиет осындай жағдайларда көмектеседі.
- Сараптамалық ақыл-ой. Кез-келген ақпаратты бизнесмен мұқият зерттеп, оны талдай және қолдана білу керек.
- Ұйымдастырушылық. Бұл істе тамаша көмекші – тайм-менеджмент. Егер адам өз уақытын бақылауда ұстай алса , ол бизнесті де дөңгелете алады деген сөз.
- Сақтық. Шешім қабылдау алдында кез-келген ақпаратты мұқият зерттеген абзал.
Слайд 6Бизнесіңіздің гүлденуіне қол жеткізгіңіз келсе – үнемдеуді үйреніңіз
Бизнесін ашқан әр адам
өзін жетістікке бағыттайды. Ол даму жолдарын іздеп, бар күш-жігерін кәсіпкерлік ісінің өркендеуіне жұмсайды. Бірақ кейде ынтасы мен күш-жігеріне қарамастан, кірістердің қомақты үлесін шығыстар жейді. Қажетсіз жұмсауды қалай қысқартуға болады? Қажетті бірнеше ережелерді атап өтейік.
№1 ереже
Қандай да бір сатып алу туралы шешім қабылдау алдында, сіздің бизнесіңізге бұл нәрсе шын мәнінде керектігі жайында ойланыңыз. Егер ол расында да қажет болса, затты арзандау сатып алу тәсілдерін іздеңіз, мысалы, интернет арқылы тапсырыс беріңіз.
№2 ереже
Штатқа бірден көп қызметкерлерді жалдаудың қажеті жоқ. Кейбір мамандардың қызметіне бизнес, әсіресе жас бизнес, қысқа уақыт қана мұқтаж екендігін естен шығармаңыз. Мысалы, есепшіні аптасына бірнеше күнге жалдауға болады, тиісінше, оның қызметі сізге арзан түседі. Копирайтер, аудармашы сияқты мамандық иелерін фрилансер ретінде тартуға болады, өйткені, олар қашықтан тиімді жұмыс істей біледі. Егер қызметкерлердің жұмыс орнында толық күн болу қажеттілігі туындамаса, жұмыс сағаттарының санын өзгертуге болады. Мысалы, сіз заң компаниясын ашсаңыз, онда оның негізгі "жұмыс күші" - тәжірибелі, білікті заңгерлер. Әкімшілік-техникалық жұмысты хатшы немесе көмекші орындай алады. Әрбір заңгерге көмекші жалдаудың немесе жас заңгерлерді жұмысқа алудың қажеті жоқ, өйткені, жобалар көп емес, бірақ үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, олар сіздің беделіңіздің кірпішін қалайды.
Слайд 7№3 ереже
Техниканы немесе жылжымайтын мүлікті пайдаланған үшін бөгде ұйымдарға және жеке
өкілдерге түрлі лизингтік және жалдау төлемдер санын төмендету керек. Ешқашан жеке мүлкіңізге айналмайтын жалдамалы заттарға төлеуден гөрі оларды сатып алуға тырысыңыз. Ғимаратты немесе кеңсе бөлмесін таңдағанда бос кеңістік көп болмауын ескеріңіз, себебі, ол үшін ақша төлеуіңізге тура келеді. Алғашқы кезде сізге үлкен офис қажет емес.
№4 ереже
Сақтық үшін іске нақты қажет сомадан тым артық қаржы-қаражат тартудың қажеті жоқ. Әйтпесе, бизнес кірістерінің басты бөлігі осы "қауіпсіздік жастығы", яғни жұмыс істемейтін ресурс, төлемдеріне жұмсалуы мүмкін.
№5 ереже
Егер жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді шешу үшін біліміңіздің жеткіліксіздігін сезсеңіз, мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Бұл қадам мәселелерді дұрыс және уақтылы шешуге мүмкіндік береді және болашақта ақшаңыз бен күшіңізді үнемдейді.
Слайд 8Табыс факторлары
Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері
үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:
сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;
байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;
білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;
өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;
жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.
Сөзсіз, басты фактор болып өзі-өзі уәждемелеу болып табылады. Адамның дамуды қалауы, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Уәждеменің күші мақсатқа жетудің жылдамдығын анықтайды.
Кәсіпкердің уәждемесі, ең алдымен, оның өзіне тәуелді. Өзінің оптимистік бағытыңызды сақтай алу, ертеңгі күнді көріп, оған бүгін әсер ете алу үлкен шеберлік. Сіздің оптимизміңіз сіздің қызметіңіздің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ширақ және көңілді болыңыз, стратегиялық ойлануды үйреніңіз, болашақты көріп, болжалдап, жоспарлаңыз. Позитивтік бағыт – табыс кепілі.
Слайд 10Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу,
күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкінішті емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.
Табыстың тек сізге ғана емес, сізді қоршаған адамдарға да тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Отбасының, достарыңыздың, жақындарыңыздың қолдауы сізді қанаттандырып, кез келген қиындықтарды жеңуге күш береді. Отбасының әл-ауқаты мен саулығы – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.
Кәсіпкерлік пайда – кірістің ерекше бір түрі, жеке бизнес саласында коммерциялық табыс алып келетін жаңа идеяларды жүзеге асыру, техникалық және ұйымдық жаңалықтар енгізумен байқалатын іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік және жаңашылдық үшін сыйақы.
Пайданы қуғындау кәсіпкерлерді өзінің қаражатын тәуекелге тігуге, қызметкерлерді жалдап, тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажеттінің бәрін сатып алуға итермелейді. Пайда табу – өте күшті ынталандыру болып табылады.
Бірақ, пайда табу адамдардың бизнеспен айналысуына түрткі болатын жалғыз себеп емес. Жеке тәуелсіздікке ұмтылу және ұнатқан жұмысын өзіне қолайлы уақытта істеу мүмкіндігі, өз қабілеттерін ашып, отбасылық дәстүрді жалғастыру да ынталандыру болуы мүмкін.
Слайд 12ЖЕТІСТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа
бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.
Слайд 13
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
Алдыңа мақсат қою
Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
Іске дайын
болу
Адымыңды анық басу
Алға ұмтылу
Қорықпау, күмәнданбау
Көңіліңді тоқ ұстау
Жаңашыл болу
Басқалармен кеңесу
Тәуелсіз болу
Біртұтасты бөлшектеу
Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау
Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық – шын мәнінде қымбат табыс.
М. ӘУЕЗОВ
Слайд 14ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН
Өз потенциалынды біл
Өзіңе шектеу қойма
Өзіңді мойындат
Сезіміңді сыйла
Әдетке айналдыр
Құндылықтарынды таны
Жетістікке
жетудің екі жолы бар: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың
ақылынан пайдалану.
Ле БРУЙЕР
Слайд 15Алға мақсат қойғанда:
Мақсатыңның пайдасын біл
Нені не үшін қалайтыныңды біл
Ақылың мен ерік-жігеріңді
мақсатыңа жұмса
Слайд 17Ісіңді қадағала және басқар
Көп ізден
Ақыл мен жүректің шешімін айт
Сақ бол
Төзімділік таныт
Өзгеріске
бейімдел
Сапаға мән бер
Ісіңнің нәтижесін талда
ОСЫНЫ БІЛ: әрбір сәтсіздік тәжірибенді арттырады
Слайд 18ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ 14 ҚҰПИЯСЫ
►Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау,
созбау, ушықтырмау. Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз.
►Құндылық жасау. Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауарлар ғана өндіріңіз, сонда олар өздері Сізге қажетті ақшаны әкеп береді. Ұялмай тауарларыңыздың барлық құндылықтары мен пайдасын толық сипаттаңыз. Өзіңді-өзің мақтамасаң, ешкім мақтамайды.
►Қызығушылық үшін жұмыс жасау. Жұмысқа ынта болмаса, онда мұндай жұмыс істеуге тұрмайды. Ал ынта болу үшін ол жұмысты сіз жақсы көруіңіз керек. Өзіңіздің қызығушылығыңыз, қажетті білім мен дағды алу үшін жұмыс жасаңыз.
Слайд 19►Биік мақсаттар қою. Бір айда 5 мың доллар табуды мақсат етіңіз. Одан
аз қоймаңыз. Неғұрлым биік мақсат қойсаңыз, соғұрлым тез жетесіз. Себебі, егер адам 200 метрге жарысса, ол мәреге жеткен жерде шаршайды. Ал, 6 км-ге мақсат қойса ол 200 метрге де шаршамай жетеді.
►Тіл тапқыштық. Ақшаны басқа кісілер алып келеді. Олармен араласыңыз, оларды қызықтырыңыз, сонда олар Сізге ақшаларын қуана тапсырады. Түнерген, тұйық адам болмаңыз, мұндай адамдардың бай болуы сирек кездеседі.
►Өзіңізді жеңімпаздармен қоршау. Сараң, еріншек адамдар төменге тартады, тәуекел ету мен пайда табудан айнытады, өйткені олар өздері пайда таба алмайды. Пайда таба алатындармен араласыңыз, олардың баға жетпес тәжірибесін сіңіріңіз, ол туралы мектеп оқулықтарында жазбайды. Өзіңізді табыстылармен және оптимистермен қоршаңыз. Олар табысты және бай болуға көмек береді.
►Жауаптылық алу. Жоқшылықтың серігі – жауапсыздық. Бай болғыңыз келсе, өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз, одан жалтармаңыз, одан пайда табуды үйреніңіз.
Слайд 20►Бизнес жасаңыз. Егер Сізде ақша аз болса, кәсіп жасаңыз. Егер Сізде мүлдем
ақша жоқ болса, онда дереу, дәл қазір бизнес жасаңыз! Ой іздеңіз, оны бизнес жобаңа айналдырыңыз және инвесторлардың назарын аударыңыз.
►Пассивті табыс келтіру жолын жасау. Сіздің қатысуынсыз ақша алып келетін пассивті кіріс көздерін жасау жолдарын іздеңіз. Пассивті табыс – ол Сіздің күш-жігеріңізге қарамастан келетін табыс. Өзіңіз тыным таппай еңбек ететін, барлық операцияны өзіңіз жасайтын кәсіпке бизнесті құрмаңыз. Жұмыс жасалуды, жұмсауды үйреніңіз.
►Бай және табысты адамдарды зерттеу. Олардың өмірбаяндарын, табысқа жету жолдарын, неден бастағандарын, қалай кеңейгенін зерттеңіз. Олар қалай ойлайтынын түсініп көріңіз де, солай ойлаңыз. Интернетте әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары көп. Ең құрығанда, аса көрнектілерінің өмірбаяндарымен танысыңыз.
►Өзіне сұрақ қою. Мынадай сұрақтар: «Мен кіммін?», «Мен неге бірегеймін?», «Менде 123 456 789 000 доллар болса, не істер едім?». Келген позитивті ойлардың күші мен энергиясын пайдаланып, оларды әрекет етуге, алға жылжуға бағыттаңыз.
Слайд 21
Табысқа жетудің құпия тәсілін пайдаланған әрбір адам сәттілікке қол жеткізеріне кәміл сенімді болады. Егер
сіздің бойыңызда күмәніңіз болса, онда қиындықтарды жеңіп, мақсатына жеткен адамдар жайында ойлап, солардың өміріне ой жүгіртіңіз, сонда күмәніңіз сейіліп сала береді.
Әрине, табысқа жетудің құпиясы сізге оп-оңай беріле салмайды. Дегенмен, оның бағасы шынайы құнынан әлдеқайда төмен болмақ. Шындығында тылсым құпияның бағасы мынанша деп айтуға болмайды және оны ақшамен төлеу де мүмкін емес, өйткені ол екі бөліктен тұрады. Құпияның бір бөлігі мынадан тұрады: ол адамның ақыл-санасын түгел баурап билеп алады. Құпия тылсымды білгісі келетіндердің бәріне ол бірдей әсерін тигізеді. Бұл арада білім мөлшері ешқандай ықпалды рөл атқара алмайды. Мен дүниеге келместен көп бұрын табысқа жетудің формуласын Томас Эдисон тауыпты. Оны ақылмен пайдалана білген ол барша әлемге танымал өнертапқыш және аса бақуатты адамға айналды. Ал Эдисон мектепте небары үш айдай ғана оқып, «білім алған» екен.