Слайд 1
Өсімдік гормондары
Дайындаған: Әтіш Назерке
Слайд 2Өсімдік гормондары
Фитогормондар, өсімдіктер гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші функцияларды атқаратын төмен молекулалы органикалық
заттар. Олар 10−11 М – ге дейін жететін төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен физиологиялық және морфологиялық әсер істей алады.
Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса өсімдіктердің кейбәр бөліктерінде гормондардың мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен сабақтың жоғары меристемалары бай, гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен – тамыры мен дәні.
Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі, генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және т.б. жатады.
Жалпы қасиеттері
Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде өндірілетін, және өсімдіктің басқа бөліктеріне тасымалданатын химиялық қосылыстар тек кішкентай концентрацияда ғана әсерлі және ферменттерге қарағанда төмен спецификациямен ерекшеленеді. Бұл гормондарды танитын жасушалардың әртүрлі жұмыс жасау жағдайымен түсіндіріледі. Фитогормондардың әсері басқа сыртқы және ішкі факторлармен де анықталады.
Классификациясы мен структурасы
Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері мен химиялық құрамы бойынша топталған. Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ өзіне гормондармен бірге ингибиторларды жатқызады. Көпшілік жағдайда фитогормондардың басым бөлігі ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды.
Слайд 3Фитогормондардың басты топтары:
Абсциздік қышқыл
Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин – фитогормондарға
жатады. Абсциздік қышқыл ағаш бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап береді.
Абсциздік қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы бар екені анықталды. Қысқа дайындық кезінде абсциздік қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп, өсуді баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және екінші өсуді тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл тамырларда пайда болып, суды қолдануды бәсеңдетіп, жапырақтарға барады. Жапырақтарда саңылаулардың жабылуына әсер етіп, судың жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды.
Ауксиндер
Ауксиндер (грекше αὔξω – көбейемін, өсемін) – өсімдіктің сабағы мен дәнінің өсуін, күн сәулесі мол жерге бағыттала өсуін, гравитропизм бойынша тамырлардың төменге бағыттала өсуін қадағалайды.
Слайд 4Цитокининдер
Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση - қозғалыс ), өсімдіктердің
жасушаларының бөлінуі мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.
Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары цитокининнің синтезделетін жері болып табылады. Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып, пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына қатысады.
Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.
Этилен
Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады. Этилен тек өте кішкентай концентрацияда жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің гүлденуін, жапырақтардың түсуін, тамырлардың өсуіне жауап береді.
Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы ұстайды.
Гиббереллиндер
Гиббереллиндер – дитерпендік табиғаты бар фитогормондардың тобы. Олар гипокатильдің ұзарып өсуі, гүлдену дәндерінің өсуі мен әртүрлі морфогенетикалық процестерге жауап береді.
Гиббереллиндер қышқылды және сілтілік ортада өте тез жойылады.
Гиббереллиндер тез өсетін ұлпаларында, әлі де піспеген тұқымы мен жемістерінде, жас сабақтар мен жапырақтарда көптеп кездеседі.
Слайд 6Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар
деп атайды. Өсімдіктің өсуі кезіндегі клетканың созылу фазасы физологиялық активті қосылыстар — ауксиндер қатынасында өтеді. 1939 жылы Н.Г.Холодныйдың зерттеу жұмысының нәтижесінде колеоптиль ұшында өсуге өсер ететін зат бар екендігін анықтап, оны ауксин деп атайды. Ауксиндер тамыр ұшына да жиналады, ол қышқыл формуласы — С18Н3205. Ауксиндер химиялық табиғаты жағынан индолил — 3 — сірке қышқылы. Өсімдіктерде ол триптофан амин қышқылынан түзіледі. Бұдан алдымен индолилпирожүзім қышқылы пайда болад. Кейін келе жүгері тұқымының ұрық бөлімінде ауксинге ұқсас қосылыс табылып, оны ауксин «б» деп атайды (формуласы С18Н30О4). Жақын жылдары зең саңырауқұлақтар денесінен гетероауксин (С10Н9О2К) табылды, оны /3 — индолил сірке қышқылы (ИСҚ) деп те атайды. Ауксиндер сабақ пен тамыр ұшында синтезделіп, морфологиялық жоғарғы мүшелерден өсуші мүшелерге келеді. Өсімдік тозаңында да ауксин көп кездеседі. Ауксиндердің химиялық құрамы анықталғандықтан, қазір оны қолдан синтездейді. Ауксиндермен өндеу нәтижесінде өсімдіктің эмбриональды ұлпаларының өсуі, тамыр байлауы ұлғаяды, өсімдіктің гүлдеу мерзімі бұрын басталады.
Слайд 7Кезінде Ч. Дарвин колеоптил үшы қабылдаған фототропикалық тітіркенудің организмнің негізгі бөлігіне
берілуі белгілі бір материалдық фактор арқылы жүреді деген ұйғарғымға келген болатын. Дарвиннің осы қағидасына сүйене отырып, кейбір биологтар өсімдіктегі барлық зат алмасу процесінің өзгеруін осы ауксиндердің қызметіне байланысты, бағынышты, яғни барлық мүше пайда болу процестерін бағыттап отыратын арнаулы өсу заттары бар деген пікірді кең таратты. Мысалы, неміс ғалымы Сакс, голланд ғалымы Вент (ризокаллин, каулокаллин, филлокаллин), М.Х. Чайлахян, неміс ғалымы Габерланд (кесілген жерде тоздың пайда болуы некрогормин бөлініп, оның клетка бөлінуіне әсер етуіне байланысты). Кейін жарақаттанған клеткадан дикарбон қышқылы СООН СН = (СН2)8— СООН бөлінді. Бұл зат травмотин қышқылы деп аталады, бірақта оның клетканың бөлінуіне қандай әсер ететіндігі әлі белгісіз.
Ал, шындығында өсу органикалықзатты биосинтездеудің барлық комплексіне тәуелді, соның нәтижесі. Тірі организмдегі зат алмасу процесі куат алмасуымен байланысты болғандықтан, өсу куат қайнары — тыныс алумен байланысты. Тыныс алуда түзілген көптеген тұрақсыз аралық өнімдер есебінен клеткада бірқатар биологиялық синтездер жүреді. Міне, осының ішінде жоғарыда аталған физиологиялық активті қосылыстар да түзіледі. Демек, өсімдіктің өсуі биологиялық айналыс нәтижесінде түзілген ферменттердің, витаминдердің және ауксиндердің де активтілігіне байланысты.
Слайд 8Ауксиндер барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ
бактерияларда да түзіледі. Кейінгі жылдары зерттеушілер мұнай құрамынан НРВ — өсімдіктің өсуіне әсер ететін (өсуді 2-3 есе тездететін) физиологиялық активті қосылыста бөліп алды. Ол мұнай стимуляторы ауыл шаруашылығына ендіріліп, пайдаланылуда. Күнделікті тіршілік — өмір қазір ғалымдар алдына ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу жолдарын іздестіру керек екендігін мақсат етіп қоюда. Ауыл шаруашылығының тек өсімдіктер саласында ғана емес, сол сияқгы мал шаруашылығында да өсуді реттеуші заттар кеңінен қолданылуда.
Слайд 12Гиббереллиндер. Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның сүзілген тұнбасының
күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ өскен ортадан заттарды бөліп алып, химиялық қүрамын анықтап, оларды гиббереллиндер деп атады. Бұл фитогормон кейін жоғары сатыдағы өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан тұратын дитерпиноидтар.