Ішекқуыстылар (Coelenterata) презентация

Ішекқуыстылар (Coelenterata) – нағыз көп клеткалылардың бір типі. Ерекшелігі – энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты олардың дене қуысы ішек қуысы деп

Слайд 1Ішекқуыстылар
Орындаған: Жунуспаева А.Е. БШ13
Тексерген: Булекбаева Л.Т


Слайд 2Ішекқуыстылар (Coelenterata) – нағыз көп клеткалылардың бір типі. Ерекшелігі – энтодерма

қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты олардың дене қуысы ішек қуысы деп аталады.

Слайд 3Басым көпшілігі теңіздерді, аз ғана түрлері тұщы суларды мекендейді. 9000-ға жуық

түрі белгілі. Дене пішіні цилиндр тәрізді, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Денесінің ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жетеді. Араларында ірі түрлері де кездеседі. Мыс., Cyanea arctіca-ның ені 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге жетеді.

Слайд 5Ішекқуыстылар типі - көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип

3 класқа жіктеледі:
гидратәріздестер,
табақшатәріздестер
көпқармалауышты маржандар.

Бұлар бір затқа - төсемікке бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Бір затқа бекініп, отырықшы қалыпта өмір сүретін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар, ал сула еркін жүзетіндері - медузалар.

Слайд 6Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Олар жеке дара

да, шоғырланып та өмір сүрелі. Денесінде бір ғана қуыс - ішек қуысы болғандықтан, ішекқуыстылар аталған. Бұлар — сәулелі симметриялы жәндіктер. Жүйке жасушалары жүйке торын түзеді. Ішек қуыстылардың барлығында атпа жасушалар болады. Олар - жыртқыш, сула, көбінесе теңізде өмір сүрелі. Бүршіктену арқылы - жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.[3]

Слайд 8Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйедегі жүйке жасушаларынан

жүйке торы түзіл еді. Мұндай жүйке торы ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады. Ішекқуыстылардың көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері-бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады.

Слайд 9Ішекқуыстылар жыныссыз (бүршіктену арқылы) және жынысты жолмен көбейеді. Төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда

жыныс өнімдері дененің сыртқы қабатында - эктодермада өтеді. (Мысалы, гидратәріздестерде.) Жоғары сатылары ішекқуыстыларда (табақшатәріздестер, маржандар) дененің ішкі қабатында - энтодермада дамыды. Ішекқуыстылардың басым бөлігі дара жынысты. Сондай-ақ қосжынысты (гермафродит) түрлері де бар. Көбеюі күрделі өзгеріс арқылы дамиды.

Слайд 10Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика