Слайд 1Жануар жасушасының құрылысы
Жасуша орталығы
Ядро
Ядро қабықшасы
Митохондрия
Ядрошық
Цитоплазма
Жасуша қабықшасы
Гольджи
жиынтығы
Рибосомалар
Лизосомалар
Микротүкшелер
Бұдыр бетті эндоплазмалық тор
Тегіс бетті эндоплазмалық тор
Слайд 2 Ядро – клетканың маңызды құрамдас бөлiгi. Клетка ядроларда гендер
орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу.
Көптеген клеткаларда 1 ядро бар. Кейде 1 клеткаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр клеткасында. Ондаған ядролары бар көпядролы клеткаларда белгiлi.
Ядроның формасы клетка формасына байланысты болады. Ядро қабықшасының кедiр – бұдырлы бетi ядроны үлкейтедi және ядро мен цитоплазманың құрылымдардың байланысын арттырады.
Ядроны қабықша қаптап тұрады, олар 2 мембранадан тұрады немесе екi қабатты. Сыртқы ядролық мембранада рибосомалар орналасқан, ал iшкi мембрана тегiс. Ядро қабықшасы клетканың мембраналық жүйесiнiң 1 бөлiгi. Iшкi ядролық мембрананың өскiндерi эндоплазмалық тордың каналдарымен бiрiгiп, байланысқан каналдардың тұтас жүйесiн түзедi. Ядро және цитоплазма арасындағы заталмасу 2 жолмен жүредi. 1-ден, ядро қабырғаларында көптеген тесiктер бар, олар арқылы цитоплазма мен ядролар арасында молекулалық алмасуы жүредi. 2- ден, заттар ядродан цитоплазмаға және керi бағытта ядро қабықшасының өскiндерi мен ойыстарының жиырылуынан қозғала алады.
Слайд 4Цитоплазма (гр. kytos — клетка және гр.. плазма — қалыптасқан) — ядроны қоршап жатқан клетка бөлігі; қоймалжың
(коллоидті) ерітінді. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың нәруызды -билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол клетка мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органелладан және қосындылардан тұрады.
Тірі организмдердің құрамына кіретін клеткаларды екі топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар клеткалары жатады.
Слайд 5 Гольджи аппараты көптеген цистерналар, көпіршіктер, табақшалар, түтікшелер, дорбашалардан тұратын
жиынтық.
Көбінесе Гольджи аппараты 3 мембраналық элементтерден құралады: 1) жазық қапшықтар (цистерналар); 2) көпіршіктер және 3) вакуольдер.
Гольджи кешенінің негізгі элементі – диктиосомалар. Олардың саны әр клеткада бірден бірнеше жүзге дейін. Цистерналардың ұштары кеңейген. Олардан құрамдарында әр түрлі заттары бар, мембранамен қапталған гольджи көпіршіктері мен вакуольдері бөлініп тұрады.
Цистерналардың неғұрлым кең жағы эндоплазмалық тор жаққа қарай орналасады. Алғашқы синтез өнімдері – заттарды алып жүретін тасымалдаушы көпіршіктер осы цистерналарға қосылады. Цистерналарда полисахаридтердің синтезі жалғасады, ақуыздар, көмірсу, липидтер кешендері құралады, яғни осы Гольджи аппаратына жеткізілген макромолекулалар модификацияланады. Мұнда полисахаридтер синтезделеді, олигосахаридтер модификацияланады, ақуызды-көмірсулы кешендер құралады, сондай-ақ тасымалданушы макромолекулалар ковалентті модификацияланады.
Гольджи комплексiнiң негiзгi құрылымдық элементi – мембрана, ол ұзын, сопақша цистерналар, үлкен вакуольдер немесе майда көпiршiктер түзiледi.
Слайд 7Диктиосомалар өзара каналдармен байланысқан. Жеке диктиосоманың пішіні пиала тәрізді. Диктиосоманың диаметрі
шамамен 1 мкм, ол паралель жатқан бірнеше (4-8) саңылаулары бар жалпақ цистерналардан түзілген.
Слайд 8 Клетка орталығы бiр-бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр
тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады. Центриол қабырғаларында микротүтiкшелер бар. Центриолдар цитоплазманың өзiн -өзi жасаушы органоидтарына жатады. Клетка орталығы клеткалық бөлiнуде маңызды роль атқарады. Центриольдер клетка циклінде екі еселенетін өздерін реттеуші құрылым. Екі еселену кезінде центриольдер екі жаққа алшақтайды, аналық центриольдің базальді ұшына перпендикуляр тоғыз жеке микротүтікшелер құрылған ұсақ процентриоль пайда болады. Тоғыз жеке-жеке микротүтікшелердің әрқайсысына тубулиннен тағы екі микротүтікше қосылады. Центриольдер базальді денешіктер, кірпікшелер мен талшықтар түзуге және митоз ұршығын түзуге қатысады.
Слайд 9 Лизосоманы 1955 жылы бельгиялық биохимик Де Дюв
ашқан. Лизосомалар (грек lysis- ерiту және soma - дене) – мембранамен қапталған, диаметрi 0,4 мкм болатын кiшкентай сопақша денешiктер.
Лизосомаларда ферменттердiң 30 дан аса түрлерi бар, олар белоктарды, нуклеин қышқылын, полисахаридтi және басқа заттарды ыдырату қабiлетi бар. Ферменттер көмегiмен заттың ыдырауын лизис деп атады. Осымен органоид атауы да байланысты.
Лизосомалар не Гольджи комплексiнiң құрылымдарынан, не эндоплазмалық тордан түзiледi. Олар пиноцитоз немесе фагоцитоз вакуольiне жақындап, олардың қуысына өзiнiң затын құяды. Сонымен, лизосоманың ең негiзгi қызметi – қоректiк заттардың клеткашiлiк қорытылуына қатысу. Сондықтан бүге лизосомалар клетканың өлген жағдайында, эмбриондық дамуында және т.б құрылымдарын бұзу қасиетi бар.
Слайд 10 Митохондриялар – бiрклеткалы және көпклеткалы организмнiң барлық эукариотты клеткаларында болатын органоидтар.
Олардың формалары әртүрлi – дөңгелек, сопақша және цилиндрлiк дене, жiпше түрiнде де болады. Мөлшерi 0,2-1,0 мкм диаметрi, және 7 мкм –ге дейiн ұзындықта болады. Әртүрлi ұлпаларда митохондрия саны бiрдей емес және клеткаларының функциональдi белсендiлiгiне тәуелдi синтетикалық процестер қарқынды жүретiн мысалы, бауырда және энергия шығыны мол жерлерде олар көп (мыс, жақсы ұшатын құстардың көкiрек бұлшықеттерiнде). Митохондрия гр «mitos»- жіп, «chondrion»-дән, түйіршік деген мағына білдіреді. Жасушада 100 мыңға жетеді саны жағынан Ұзындығы-10 мкм, дм 0,2-1,0 мкм, 2 мембраналы органоид. А) мембранамен қапталған түпнегіз, Ә) мембранааралық кеңістік (ішкі мембранасы қыртысты болып келеді). Б) сыртқы мембранадан тұрады. Митохондрия құрамында 65-70% нәруыз, 25-30% липид, нуклейн қышқылы, витаминдер болады. Митохондрияның негізгі қызметі АТФ синтездеу немесе «энергия станциясы» д.а.
Митохондрия қабырғасы 2 мембрана – сыртқы немесе iшкi мембранадан тұрады. Сыртқы мембрана тегiс, iшкi мембранадан органоид iшiне кристалар кiредi. Криста мембранада энегия алмасуына қатысқан көптеген ферменттер орналасады. Криста саны клеткалар қызметiне байланысты. Бұлшықет митохондрияда олар өте көп, олар органоидтың iшкi қуысын толтырып тұрады
Слайд 11 1850 жылы швейцарлық анатом Р.А. Келликер жәндіктердің бұлшықеттерінен тапқан. Оны
«Саркосома» д.а. 1894 жылы неміс анатомы Р.Альтман «биобласт» д.а. 1897 жылы неміс анатомы К.Бенда «митохондрия» д.а.
Слайд 12 Рибосомалар – екi әртүрлi бөлiктерi – субьбiрлiгi бар
органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15,0-35,0 нм. Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар. цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне байланысты рибосомалар «бiр – бiрден жұмыс жасай алады» немесе комплекстерге бiрiгедi – полирибосомалар. Мұндай комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ –молекуласымен байланысады.
Рибосомаларды (р-РНҚ) ядрода кейбiр хромосоманың ДНҚ молекуласында синтезделедi.
Слайд 13 Ядрошық – шар тәрізді тығыз денешік, мөлшері 1-2мкм-10мкм.
Құрамында 1,5% ДНҚ, 8,0% нәруыз болады. 70% цитоплазмалық РНҚ, 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Жасуша бөлінгенде ядрошық жойылып кетеді.
Слайд 14 Эндоплазмалық тор клеткадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған
тордан тұрады, зат алмасуы қарқынды жүредi, эндоплазмалық тор арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. ЭПТ 1945 жылы К.Портер электрондық микроскоптың көмегімен тауық балапанының ұлпасынан тапқан. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi клетканың жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. Эндоплазмалық тор мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы.
Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң клеткаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр клеткаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi (көмiрсу немесе қант) қоректiк заттардың қорына бай клеткаларда көп (өсiмдiк тұқымдары).
Эндоплазмалық тор – каналында заттар тасымалдануы жүретiн жалпы клеткашiлiк циркуляциялық (коммуникациялық) жүйе, каналдың мембраналарында клетканың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көптеген ферменттер бар.
Слайд 15Бұдырлы мембраналар қызметi – рибосомада жүретiн белок синтезi. Бұдырлы мембраналар биологиялық
белсендi заттар гормондар түзушi бездi және жүйке клеткаларында көп.