Вирусқа қарсы иммунитеттің ерекшеліктері презентация

Содержание

Иммунитет – адам ағзасының инфекциялық агенттерді қабылдамауы. Иммунитет 2 бөлінеді: жалпы жергілікті Қорғаныштық қызметі ретінде микроорганизмдердің түріне байланысты әртүрлі антигендер бөледі. Осыған байланысты: антимикробты және антитоксикалық болып бөлінеді.

Слайд 1ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Слайд 2Иммунитет – адам ағзасының инфекциялық агенттерді қабылдамауы.
Иммунитет 2 бөлінеді:
жалпы
жергілікті
Қорғаныштық қызметі ретінде

микроорганизмдердің түріне байланысты әртүрлі антигендер бөледі. Осыған байланысты: антимикробты және антитоксикалық болып бөлінеді.


Слайд 3Иммунитет бөлінеді:
туа пайда болған
жүре пайда болған
Жергілікті иммунитет – патогенді әсерлерге кілегейлі

қабат пен терінің жауап беруі. Жергілікті иммунитеттің негізгі механизмі – секреторлы антидене (Ig A) және фагоциттер атқарады.
Жалпы иммунитет – ағзадағы ішкі ағзалардың ұйымдасқан қорғаныш қызметі


Слайд 4Түрге байланысты иммунитет
Түрлік иммунитет дегеніміз – генетикалық бекітілген қабылдамаушылық, жеке бір

түрді. Мысалы: адамдар ауыратын аурумен жануарлар мүлдем ауырмайды.
Жүре пайда болған иммунитет
Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз – адамның өмір сүру барысында пайда болады,ол ұрпаққа берілмейді.


Слайд 5Табиғи жүре пайда болған иммунитет – бұл инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін

дамиды. Қоздырғыштың түріне және ағзаның иммундық жүйесіне байланысты.
А) өмірлік (қызамық)
Б) ұзақ уақыт (бөртпе сүзегі)
В) қысқа уақыт (тұмау)
Инфекциялық (стерильді емес) иммунитет - жүре пайда болған иммунитеттің ерекше формасы, инфекциялық аурудан жазылған соң да инфекциялық агент ағзада кездеседі.


Слайд 6Жасанды жүре пайда болған иммунитет
Жасанды жүре пайда болған иммунитет – вакцинация,

серопрофилактика (сарысу енгізу) жүргізгеннен кейін дамиды.
активті жүре пайда болған иммунитет - өлі немесе әлсіреген микроорганизмдер және олардың антигендерімен иммунизация жасаған соң дамиды. Иммунизациядан соң 1-2 апта өткен соң иммунитет қалыптасады, кейбіреулері жыл, ондаған жылдар немесе өмір бойы сақталады.
пассивті жүре пайда болған иммунитет – дайын антидене енгізу, кейде сенсибилизирленген лимфоциттерді енгізеді. Бұл кезде иммундық жүйе пассивті түрде қалыптасады, иммундық жүйе керекті уақытынан кеш дамиды. Дайын антидене жануарлардан иммунизация жолымен алынады. Кейбір уақытта ағзаға дайын антидене енгізгенде кері әсерлері дамиды, сондықтан бұл препараттарды емдік мақсатта қолданады және жоспарлы иммунопрофилактикада қолданбайды.

Слайд 7Қазіргі уақытта антитоксиндер кең қолданылады. Антитоксиндер – микроорганизмдердің токсинін ыдыратады.
Пассивті

жүре пайда болған иммунитет – тез дамиды, препаратты енгізгеннен соң бірнеше сағаттан соң дамып және тез жойылады.
Инфекциялық агенттен ағзаның қорғаныш факторлары
туа пайда болған (конституциональді)
жүре пайда болған (индуцирленген)

Слайд 8Туа пайда болған иммунитет
механикалық
физико-химиялық
иммунобиологиялық


Слайд 9Механикалық барьер. Адам ағзасын патогенді агенттерден тері және кілегейлі қабат қорғайды.

Көптеген қоздырғыштар адам ағзасына тері және кілегейлі қабаттағы мирожарақаттар немесе қан соратын жәндіктер арқылы енеді.
Физико-химиялық барьер. Әртүрлі терідегі бездердің бөлінділері. Кілегейлі қабатта ферменттердің секрециясы және антидене (лизоцим, сілекей, сурфактант).
Иммунобиологиялық барьер. Ішкі ағзалардың қорғаныштық қызметі – гуморальді және торшалыболып бөлінеді. Олардың негізгі қызметін комплемент және фагоцитирлеуші торшалар атқарады.

Слайд 10Комплемент.
Комплемент жүйесі – қан сарысуында кездесетін 26 ақуыз, қабыну процесінде

гранулоциттер мен макрофагтар қатысады. Комплемент компоненттерінің негізгі механизмі – фагоцитозды қалыптастыру, микроорганизм клеткасының қабырғасының бүтіндігін бұзу және қабыну медиаторларының жауабын қалыптастыру.

Слайд 11Комплемент компонентінің активтелу жолы
классикалық жол
алтернативтік жол
Классикалық жолда комплементтің барлық 9 фракциясы

да қатысады (С1-С9), рет-ретімен.
Алтернативтік жолда антидене қатысуынсыз өтеді және қысқа жол. Грам теріс бактерияларға тән. Грам теріс бактериялардың торша қабырғасындағы липополисахаридтің пропердин системасы арқылы тікелей С3 фракцияға әсер етеді.

Слайд 14Фагоциттерлеуші торшалар
Фагоциттер тек қана қорғаныш қызметі ғана емес, сонымен қатар

дренажды қызмет атқарады (өлген бактерияларды жояды).
Фагоциттерлеуші торшалар – полиморфты-ядролы лейкоциттер және макрофагты-моноцитарлы жүйедегі (моноциттер, тіндік макрофагтар) торшалар атқарады.
Полиморфты – ядролық лейкоциттерде ядросы және көптеген ұсақ цитоплазматикалық грануласы болады (сондықтан оларды гранулоциттер деп атайды).

Слайд 15Боялуы бойынша 3 түрі бар: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер.
Нейтрофильдер – жедел қабынуда

пайда болатын негізгі торшалар, ересектерде олардың саны лейкоцитте көптеп кездеседі. Нейтрофильдердің негізгі бөлігі қанда 6-7 сағат циркуляция жасады. Қанда нейтрофильдер саны көбейсе қабыну реакциясы деп түсінеміз.
Эозинофильдер – глисті инвазия. Гистаминді бұзады.

Слайд 16Боялуы бойынша 3 түрі бар: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер.
Нейтрофильдер – жедел қабынуда

пайда болатын негізгі торшалар, ересектерде олардың саны лейкоцитте көптеп кездеседі. Нейтрофильдердің негізгі бөлігі қанда 6-7 сағат циркуляция жасады. Қанда нейтрофильдер саны көбейсе қабыну реакциясы деп түсінеміз.
Эозинофильдер – глисті инвазия. Гистаминді бұзады.

Слайд 17Базофильдер (basophilae; гр.basis — негіз, рһіііа — сүю) — жасуша цитоплазмасындағы түйіршікті дәншелері негіздік бояулармен боялатын

жасушалар; протоплазмасында негізгі бояулармен боялатын түйіршікті құрамы бар торшалар.
Базофилдер — қан базофильдері және ұлпа базофильдері болып екі топқа бөлінеді. Қан базофильдерін базофильді гранулоциттер деп те атайды.

Слайд 19Макрофаг және моноцит
Макрофагтар қанда 2-4 күн жүреді, негізгі қызметі фиксирленген тіндік

қорғаныш. Альвеоларлы және өкпелік макрофагтар (интерстициальді), бауыр макрофагы (фон Купффер торшасы), дәнекер тіні (гистиоциндер), бүйрек (мезенгиальді клетка).

Слайд 20Фагоцитоз – микроорганизмдерді жұту және фагоциттерді бөлу процесі.
Фагоцитоз төрт сатыдан

тұрады:
хемотаксис
адгезия
жұту
фагоцитарлық реакцияның аяқталуы
Хемотаксис – (грекше chemea – химия, toxis-мөлшерін келтіру) бөгде торшаны танып фагоциттердің соған қарай жылжуы.
Адгезия – фагоциттердің бөгде торшаға жабысуы
Жұту – бөгде торшаны жұтуы
Фагоцитарлы реакцияның аяқталуы – бактерия жойылады немесе бұзылады. Кейбір бактериялар лизосомальді ферменттердің әсеріне тұрақты келеді, сондықтан бактерия өлмейді. Бұл жағдайда аяқталмаған фагоцитоз дамиды.

Слайд 21Иммунологиялық ареактивтілік
Арнайы иммундық жауап беруі.
Антиген
Антиген – бөгде зат, ағзаға

енгенде иммундық жауап тудырады.
Антигеннің ерекшелігі:
бөгделілік
жоғарғы молекулалық
арнайлылық – арнайы антигенге қарсы арнайы жауап пайда болады.
иммуногендік – иммунитет қалыптастыру қабілеті
антигендік – аз немесе көп антидене тудыру қабілеті

Слайд 22Антиген түрлері
1. толық антиген
а) антидене тудырады
б) дайын

антиденемен байланысады
2. Гаптен немесе толық емес антиген – антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды.
Адьюванттар – бір мезгілде антиген немесе гаптенмен бірге енгізгенде иммундық жауаптудыруын күшейтеді.

Слайд 23Микробтардың антигендері
О-соматикалық антиген – барлық микроорганизмдерде кездеседі.
К-антиген (капсулалық)
Н-антиген (талшықтардың антигені)
Антигенді анықтау

арқылы нақты диагнозды қоюға болады.

Слайд 24Антидене
Антидене дегеніміз – антигенге қарсы пайда болатын зат. Оларды иммуноглобулиндер деп

атайды. Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар:
Ig A, IgM, Ig G, Ig D, IgE. Иммуноглобулиндер құрылысы 2 ауыр тізбек және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Тізбектер өзара бір-бірімен дисульфидті байланысады.

Слайд 25Иммунотерапия
Иммунотерапия дегеніміз – емдік мақсатта иммундық препараттарды енгізу (АД, ИФН,

цитокиндер т.б.).
Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін иммундық препараттар енгізеді.
Иммундық жүйеге әсер ететін барлық препараттарды – иммунобиологиялық препараттар деп атайды.

Слайд 26Әдебиеттер тізімі
Стамқұлова, А.Ә. Жалпы және жеке вирусология.- Алматы: Эверо, 2010.- 376

б.
Вирусология. В 3 т.  Т.2,3: учебное пособие / под ред. : Б. Филдса, Д. Найпа, Р. Ченока [и др.]; пер. с англ. А.В. Гудкова, Е.И. Склянской, К.М. Чумакова.- 8, 45 МБ.- Москва: Мир, 1989.
В.Н. Рыбчин «Основы генетической инженерии» Санкт-Петербург, 2002
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология: орысша -қазақша терминдер сөздігі / Н.Б.Ахматуллина., М.Х.Саятов, Е.Х.Шуратов.- Алматы: Ана тілі, 1993.- 248б.
Мырзабекова, Ш. Жалпы вирусология: оқулық / Ш. Мырзабекова.- Алматы: Қазақстан, 1994.- 176 б.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика