Слайд 2Вирустар келесі қасиеттер бойынша жіктеледі:
мөлшері
Нуклеин қышқылының типі, оның құрылымы, репликация механизмі
Капсид
құрылымы және суббірліктерінің саны
Зақымдау түрлері
Иммунологиялық сипаттама
Екі классификацияны ажыратады:
-Иерархиялық
-Балтиморлық
Слайд 31962ж. Lwoff, R. W.Horne, и P.Tournier вирустардың жанжақты келесі таксондары бар
классификациясын құрастырған:
Тип (типі)
Класс (класс)
Порядок (қатар)
Семейство (түқымдас)
Подсемейство (түқымдас тармағы)
Род (туыс)
Вид (түр)
Подвид (түр тармағы)
Слайд 4Осы классификацияның көптеген қағидаларды вирустардың номенклатура бойынша Халықаралық комитет пайдаланды. Осы
классификацияның негізі – вирустар жалпы қасиеттер бойынша топталанады.
4 негізгі сипаттама қолданады:
- нуклеин қышқылының түрі – ДНҚ немесе РНҚ
- капсид симметриясы
-суперкапсидтің бар немесе жоқ болуы
-вирионнің және и капсидтың мөлшері
Қазіргі кезде осы классификация тұқымдас деңгейінен және төмен өзекті. Тұқымдасқа вирустар белок реттілік және нуклеин қышқылдарының эволюциялық жайы бойынша біріктірілген. Барлық тұқымдастарда –viridae жұрнағы бар, ал туыстарда –virus жұрнағы.
Слайд 5Балтимор классификациясы
Вирустардың Балтимор классификациясы вирус геномының репликация механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты. Осы
қағида бойынша вирустар 7 күрделі топқа бөлінген. Вирус тек қана +иРНҚ (ақпараттық РНҚ) синтездейді (вириондарының құрастыру және өз белоктарының синтезі үшін). Классификацияны Дэвидом Балтимор ұсынды.
Слайд 6I Класс : Екі бұрамалы ДНҚ (папова-, адено-, герпес-, поксвирустар).
1а). Репликация
ядрода өтеді (папова-, адено-, герпесвирустар). Осы вирустардың репликациясы клеткалық факторларға байланысты.
1б). Репликация в цитоплазме өтеді (поксвирустар). Транскрипцияға және репликацияға қажетті факторлар вирусты геномы кодтайды. Репликация клеткалық факторларға тәуелсіз.
Слайд 7II Класс : Бір бұрамалы (+) ДНҚ (парвовирустар).
Репликация ядрода өтеді. Алғашта
(-) ДНҚ тізбектер қалаптасады, олар (+) ДНҚ матрица негізінде қолданады.
III Класс : Екі бұрамалы РНҚ (реовирустар).
Осы вирустардың геномдары сегментке бөлінген. Әрбір сегмент бөлек транскрипцияланады және жеке моноцистронды мРНҚ өндіреді.
Слайд 8IV Класс : Бір бұрамалы (+) РНҚ (пикорна-, калици-, тога-, флави-,
коронавирустар).
IVa). Полицистронды мРНҚ вирустар (полно-, калици-, флавивирустар). Геномды РНҚ инфекциядан кейін трансляцияланады, полипротеин құралады. Бұл полипротеин функционалды вирусты белоктарға кесіп өтеді. IVб). Вирустардың кешенді трансляциясы бар (тога-, коронавирустар). Геном екі кезеңде трансляцияланады. Бірінші этапта ерте белоктар пайда болады. Олар кешкі белоктардың трансляциясын және вирусты геномның кейінгі репликациясын қамтамасыз етеді.
Слайд 9V Класс : Бір бұрамалы (-)РНК (ортомиксо-, парамиксо-, рабдо-, фило-, буньавирустар).
Va).
Геномдары сегменттерге бөлінген (ортомиксо-, арена-, буньавирустар). Бірінші кезеңде РНҚ-полимераза арқылы геномды (-)РНК транскрипцияланады. Моноцистронды мРНҚ пайда болады. Олар геномды (-)РНК репликациясына және вирусты белоктарының трансляциясына матрица қызметін етеді.
Vб). Геномдары сегменттерге бөлінген емес (парамиксовирустар). Геномды (-)РНК вирионды РНҚ-РНҚ-полимераза арқылы транскрипцияланады. Образуются Моноцистронды мРНҚ п.б. Вирусты белоктар трансляцияланады, соның ішінде вирусты транскриптаза, ол геномды (-) РНК репликациясын қамтамасыз етеді.
Слайд 10VI Класс : Бір бұрамалы (+) РНҚ-матрица ДНҚ-провирус (ретровирустар) синтездеу үшін
.
Осы класста диплоидты (+)РНҚ-геномы бар, бірақ ол мРНҚ ретінде қызмет етпейді, ДНҚ-полимераза арқылы комплементарлы ДНҚ-ға матрица болып келеді. Құрылған ДНҚ-провирус клеткалық геномына интеграцияланады кейін моноцистронды вирусты мРНҚ түрінде таралады.
Слайд 11VII Класс. (қосымша) (гепадновирустар).
Гепадновирустардың геномды ДНҚ бірінші кезеңде (ішінара екі бұрамалы)
ковалентті тұйық сақиналы молекулаға салынады. Салынған геномды ДНҚ-да (+)РНҚ синтезделеді, ол (-)-жібі ДНҚ жасалуына және кері транскрипцияға матрица болып келеді. (+)РНҚ деградациясынан кейін (-)РНҚ-да комплементарлы (+)ДНҚ синтезделеді, бірақ ол соңға дейін салынбайды, гепадновирустардың ерекше (үзілмелі) геномын қалыптастырады. ДНҚ-геномын репликациясы үшін оның клеткалық ДНҚ-ға интеграциясы қажет емес.
Слайд 12Таксондардың белгілері
1.НҚ типі (ДНҚ немесе РНҚ) және оның құрылымы (тізбектерінің саны
және формалары);
2. Вирусты геномының стратегиясы;
3.Вирионның мөлшері және морфологиясы, симметрияның типі, капсомерлердің саны;
4.Физико-химиялық қасиеттер (температураға, май еріткіштерге және т.б. төзімділігі, рН.) 5.Липопротеидты қабығының болуы; 6.Антигенді қасиеттер;
7.Патогенділігі, оның ішінде жасушаішілік қоспалардың және клеткалық цитопатикалық өзгерістер;
8.Сезгіш қожайындардың өрісі;
9.Таралу жолдары;
10. Географиялық таралуы және т.б.
Слайд 13Вирустардың таксондары
ОТРЯД (Отряд) 3
СЕМЕЙСТВО (Тұқымдас) 56
ПОДСЕМЕЙСТВО (Тұқымдас тармағы) 3
РОД (Туыс) 233
ВИД (Түр) 1550
Түрдің ішінде келесі деңгейлері болуы мүмкін уровни:
СЕРОТИП
ВАРИАНТ
ШТАММ
ИЗОЛЯТ
Вироидтар вирустарға арналған ережелер бойынша классификацияланады. Рекомбинантты вирустар түрлер немесе түр тармақтар ретінде классификацияланады. Вирустар-сателлиттер және приондар вирустар сияқты классификацияланбайды, оларда жеке классификациясы бар.
Слайд 14Түр – вирустардың политетикалық класы, составляющих реплицирленген сызығын құрастырады және белгілі
экологиялық қуысты (ниша) алады.
«Политетикалық класс» - бұл классты вирустар құрастырады, оларда бірнеше қатар біркелкі белгілері болады, бірақ жалпы біріңғай белгісі болмайды. Бұл түрдің түрленгіштігін (вариабельность, изменчивость) анықтайды.
«Реплицирленген сызық» - шығу тегі бірдей вирустар құрастырады. «Экологиялық қуыс (ниша)» - вирустардың биотикалық сипаттамалардың жиынтығы: сезгіш қожайындарының спектрі, тропизм, вируленттілігі, патогенез, қожайынның жауабы, жұқтырушы, тұратын ортасы және т.б.
Слайд 15Түрдің белгілері
Антигенді қасиеттер; Патогенділігі, оның ішінде жасушаішілік қоспалардың және клеткалық
цитопатикалық өзгерістер;
Сезгіш қожайындардың өрісі;
Таралу жолдары;
Географиялық таралуы
Слайд 16Вирустардың түрлерінің номенклатурасы (атауы)
Мысалы: а. КАЛИФОРНИЯЛЫҚ ЭНЦЕФАЛИТТІҢ ВИРУСЫ (бөлінген географиялық
орның атауы+ аурудың атауы+вирус); б. ШОШҚАЛАРДЫҢ ГЕРПЕСЫ ( немесе ПСЕВДОҚҰТЫРУ ВИРУСЫ, немесе АУЭСКИ АУРУДЫҢ ВИРУСЫ) (жануарлардың түрі+аурудың атауы немесе аурудың атауы+ вирус немесе автордың тегі+вирус)
Слайд 17Туыс- бұл вирустардың түрлерінің тобы, жалпы айқын белгілері бар.
Туысының белгілері:
1.
Вирионның мөлшері және морфологиясы, симметрияның типі, капсомерлердің саны;
2. Липопротеидты қабығының болуы;
3. Физико-химиялық қасиеттер ((температураға, май еріткіштерге және т.б. төзімділігі, рН.)
Туысының номенклатурасы:
Туысының жалғауы–virus. Мысалы: Mastadenovirus туысы, Aviadenovirus туысы
Слайд 18Тұқымдас – бұл вирустардың туыстарының тобы, жалпы айқын белгілері бар
Тұқымдас белгілері:
1. НҚ типі (ДНҚ немесе РНҚ) және оның құрылымы – тізбектерінің саны: бір бұрамалы және екі бұрамалы; - тізбектерінің формасы: сызық немесе сақиналы; үздіксіз немесе сегменттелген;
2. Вирусты геномының стратегиясы (Балтимор классификация бойынша репродукцияның тәсілі)
Тұқымдас номенклатурасы:
Тұқымдас жалғауы–viridae. Мысалы: Adenoviridae тұқымдасы, Herpesviridae тұқымдасы
Слайд 1920 ғ. ортасында вирустардың систематикасында 3 негізгі бағыты қалыптасқан.
Біріншілер вирионның
қасиеттерін негізгі деп санайды. Олар ДНҚ немесе РНҚ болуын, нуклеокапсид симметриясын, пеплостын болуы (капсидтің ерекше қабығы), нуклеокапсидтің диаметры (бұрамалы вириондарда), число граней и капсомерлердің және қырының саны ( куб вириондарда) ескереді.
Слайд 20Екіншілер (нөмірлік жүйе), тек қана вирустарда көп жалпы белгілер болса біріктіреді.
Слайд 21Үшінші бағыттың жақтаушылары классикалық систематиканың қағидаларын сақтайды. Олар вирустарды тек қана
маңызды белгілер бойынша біріктіреді (химиялық жақындығы, морфология ұқсастығы, табиғаттағы циркуляция тәсілдері және даму кезеңдері).
Слайд 22Халықаралық комитет бинарлы номенклатураны пайдалануға ұсынады.
Туыс атуына вирус сөзі қосылады (мысалы,
шешек вирусы - Poxvirus). Кейбір көпшілік мақұлдаған атаулар сақталған, бірақ олар бинарлы номенклатураға сәйкес келмейді.
Слайд 23Нөмірлік жүйенің жақтаушылары криптограммаларды ұсынады.
Мысалы, темекі теңбілі вирусы: R/1, 2/5,
Е/Е, S/0.
R/1 – РНҚ –вирус (R), бір тізбекті (1);
2/5 -молекулярлық масса (миллион) және бөлшектегі РНҚ %;
Е/Е - бөлшектің формасы созылған, ұштары дөңгелек емес, нуклеокапсидтің ұқсас формасы;
S/0 вирус өсімдіктерді зақымдайды(S) және жұқтырушысы жоқ (0).