(поганка), жалған түбіртек (ложный опенок), жалған түлкіжем) ложная лисичка) және т.б. Шыбынжұттың түрлері: қызыл шыбынжұт, сұрғылт-қоңыр шыбынжұт, порфир шыбынжұты, ақ қалпақшалы сасық шыбынжұт, бозғылт –сары шыбынжұт және т.б. Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтіретін улы зат «мускарин» алкалоиды болатыныанықталды. Көбінесе шыршүа, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетін ашық алаңдарда өседі. Қызыл шыбынжұттың диаметрі 20см-дей , қалпағы күңгірт-қызыл түсті, әр жерінде сүйел тәрізді ақ дақтары жуылып кетеді. Улы тез әсер етеді, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сіңірі тартылып талып қалады. Шешу жолдары: (Жеуге жарамайтын: жалған түлкіжемнің қалпақшасының үстіңгі беті тегіс, қызғылт-сары түсті, кәдімгі түлкіжемнің қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сары түсті, бозарамқұлақ сырттай қарағанда қозықұйрыққа ұқсас, бірақ айырмашылығы боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы ақшыл-жасыл түсті, ал қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті, сұр шыбынжұты саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ дақты, қызыл шыбынжұтының қалпақшасының үсті қызыл түсті және ақ дақты, жалған түбіртек саңырауқұлағының қалпақшасының астыңғы жағы қою сарғылт-жасыл, ал үсті мен түбіртегі ашық-сарғылт-жасыл түсті болады, түбіртегінде белдеуше сақинасы жоқ).