Түйе шаруашылығы презентация

Түйе шаруашылығы, түйе өсіру[1] – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы

Слайд 1Түйе шаруашылығы


Слайд 2Түйе шаруашылығы, түйе өсіру[1] – мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық

жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.
Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.

Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.
Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.


Слайд 3 Асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдалану мақсатында ірілігі мен ет өнімділігі

бойынша қос өркешті Т-лер арасында, ТМД елдерінде ғана емес әлемде ерекше орын алатын қалмақ бактрианы қолданылуда. Тұқым мен типаралық жұптастырудан алынған 1 жасар тайлақтар, таза тұқымды тұстастарымен салыстырғанда, тірідей салмағы бойынша 15 – 20%-ға басым болады. Қазір елімізде қос өркешті қазақ түйелері 20 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықта, оның ішінде Атырау обл-ның “Бірінші май” және “Жаңа таң” ААҚ-лары мен “Жарсуат” ӨК-нде, Батыс Қазақстан обл-ның “Хан ордасы” ЖШС-да, Қызылорда обл-ның “Құланды” ААҚ-да, Маңғыстау обл-ның “Таушық” ЖАҚ-да және Оңт. Қазақстан обл-ның “Қара құр” ӨК-нде, т.б. өсіріледі. Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі – жүн. Ол технол. қасиеті бойынша тоқыма өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады. Түрікмен Республикасында және еліміздің оңт. облыстарында түйе жүні кілем тоқуға пайдаланылады. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар жеңіл, жылы, сонымен қатар берік, созылғыш келеді. Ел арасында белі ауырған адамдарға шудадан жалпақ белбеу тағу, сарысу жиналған дене мүшесіне ыстық суға батырылған шуда басу секілді халық медицинасы әдістері кең тараған. Ұзын талшықты түйе жүнінен тоқылған маталар көбіне көрпе жасауға пайдаланылады. Шудадан машина жасау өндірісінде бұрғылау қондырғыларының белдіктері (ременьдері) дайындалады. Ғарышкерлердің ішкі жеңіл киімдерінің бір тіні түйе жүнінен тоқылатыны да бұл шикізаттың жоғары қасиетін көрсетеді. Т. ш-н келешекте ойдағыдай дамыту – түйе сауу, жүндеу, тоғыту секілді қол күшін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруды талап етеді. Алматы обл-ның Мыңбаев атынд. тәжірибе ш-нда түйені жықпай, арнайы қондырғыда жүндеу әдісі игеріліп, оннан аса шарушылықтарға енгізілді. Бұл жүндеу уақытын қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және ең бастысы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қондырғыны түйе саууға, бонитировкалауға (малды асылдандыру мақсатында жан-жақты бағалау) пайдалануға болады. Т. ш-н ойдағыдай дамытып, өнім өндіруді арттыру үшін малдың тұқымдық-өнімділік қасиеттерін үзбей жетілдіру, тауарлы шаруашылықтарда асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардан алынған тұқым-жақсартушы бураларды кеңінен қолдану басты назарда болуы тиіс. Бұл сала бойынша еліміздің 26 тұқымдық мал ш-нда 9,0 мың басқа жуық түйе өсіріледі. Асыл тұқымды малдардың үлес салмағы бойынша (7%) түйе түлігі басқа а. ш. малдарынан (1,2 – 5,3%) 2 есеге жуық басым. Елімізде Т. ш. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында жақсы дамыған.

Слайд 5Айыр өркешті түйе (лат. Camelus bactrianus) - түйе туысына жататын сүтқоректі. Дене ұзындығы 250-360 см,

биіктігі 180-210 см. Жабайы айыр өркешті түйе (1877) Н.М. Пржевальский ашқан Моңғолия шөл даласында ғана кездеседі. Қазақстанда 18 ғасырға дейін жойылмай ұсақ үйір құрып тіршілік еткен. Сирек кездесетін жануар саны 400-600-ден аспайды. Үй жануарлары ретінде Орталық Азияда және Қазақстандаөсіріледі. Жабайы айыр өркешті түйе қолдағылардан айырмашылығы өркештері кішіріктеу және аяқтары ұзын.
Айыр (қос өркешті) түйе - сірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. А.т. екі өркеші бір-біріне жаналас, арасына екі кісі еркін орналаса алатындай алшақ орналасқан. А.т. негізгі мекендеген ортасына қарай Қазақстандық, Моңғолиялық, Астрахандық (қашақа), Орта Азиялық, т.б. болып бөлінеді. Бұлардың ішінде кең тарағаны қазақстаңдық қос өркешті түйе - қазақы бактриан. А.т. Қазақстанда өсірілетін түйенің 95 пайызын құрайды. Өте жүндес, шудалы болғандықтан, суыққа төзімді, шөлейт, қуаң далалы өңірде өсіруге жақсы бейімделген. Тірілей салмағы - 500-650 кг, таза ет шығымы — 60-62%. Әр інгеннен 7 айда орта есеппен майлығы 5,5% 1200 кг сүт сауылады, таза жүн түсімі 80-85% 6-7 қг жүн қырқылады. А.т. шамамен 35-40 жыл жасап, жұмыста 20-25 жыл пайдаланылады. 2-3 жасында жынысы жетіледі, бірақ інгені (бұзбашасы) алғашқы рет 3-4 жасында қайытылады, бурасы 5-6 жасында келеге шағылысқа түсіріледі. Буаз а.т. інгені 410 күн көтеріп, екі жылда бір жалқы боталайды. А.т. тұқымын асылдандыру жұмысымен Қазақтың ғылыми-зерттеу қаракөл шаруашылығы институты айналысқан 


Слайд 7қос өркешті түйе
 (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да

мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; 

Слайд 8Бір өркешті түйе, аруана, дромедар (лат. Camelus dromedarius) – сірітабандылар отрядының түйелер тұқымдасына жатады. Денесінің ұзындығы 3 – 3,5

м-дей, биікт. 2 – 2,5 м. Жон арқасында бір ғана өркеші болады, жүні қысқа және ашық қоңырқай түсті. Салм. 450 – 650 кг. Алдыңғы аяқтарының табаны тұтасып кеткен. Құйрығы біршама ұзын. Мойны иіліп келген, көздері үлкен, қабақтары қалың, құлақтары шағын. Танау тесігі саңылау пішінді. Үстіңгі ерні екі айырланып келген. Б. ө. т. құрғақшылыққа, ыстыққа өте төзімді жануар, бірақ қатты суыққа шыдамсыз. Жақсы жүгіреді. Сондықтан араб елдерінде Б. ө. т-ні дәстүрлі түйе жарыстарына қосады. Оларды шудасы, сүті, дәмді еті үшін өсіреді әрі шөл дала үшін теңдесі жоқ көлік ретінде пайдаланады. Терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Б. ө. т-ні кейде сыңар өркешті түйе деп те атайды.


Слайд 10 Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең

көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика