Темекінің энтомофагтары презентация

Антокорис Қара ориус қандаласы Жеті нүктелі қанқызы Екі нүктелі қанқызы Кәдімгі алтынкөз Жоспар

Слайд 1Темекінің энтомофагтары
Орындаған: Білісбеков А.


Слайд 2Антокорис
Қара ориус қандаласы
Жеті нүктелі қанқызы
Екі нүктелі қанқызы
Кәдімгі алтынкөз

Жоспар


Слайд 3Темекі маңызды дақыл. Қазақстанда темекі оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жалпы көлемі 8,1

мың га жерге өсіріледі. Темекі өнімінің және оның сапасының төмендеуіне әр түрлі зиянды ағзалар (28 түр) әсер етеді. Пайдалы бунақденелілердің ішінен жыртқыш түрлердің саны 21, ал тоғышар 7 түр. Тіркелген түрлердің көпшілігі көп қоректілерге жатады. Олар зиянды ағзалардың сан мөлшерін реттеуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады.



Слайд 5
Антокорис – Anthacoris pilosus


Слайд 6Денесі созылыңқы сопақ, күңгірт-қоңыр түсті. Екі ұрпақ беріп дамиды. Антакорис қандаласы

шабдалы битін, өрмекші кенелердің жұмыртқалары мен ересек дараларын және басқа ұсақ буынаяқтыларды белсенді түрде жояды.



Слайд 7Қара ориус қандаласы – Orius niger


Слайд 8Ұсақ, сопақша жалпиған қара түсті қандала. Ұсақ бунақденелілер мен кенелерді белсенді

жояды.



Слайд 9
Жеті нүктелі қанқызы – Coccinella septempunctata


Слайд 10Қоңыздың денесі сопақша, дөңес. Жылына 2-3 ұрпақ береді. Сәуірдің аяқ кезінде

немесе мамырдың бас кезінде қоңыздар қыстап шыққан орындарынан ұшып шығады. Содан кейін екі аптадан соң аналық қоңыздар жұмыртқаларын 5-50 данадан топтап, шабдалы және басқа биттер тобырына салады. Ұшып шыққан қоңыздар бірден биттер және басқа ұсақ бунақденелілермен белсенді түрде қоректенуге кіріседі. Әр ересек дернәсіл мен қоңыз тәулігіне 70-80 шабдалы битін жояды.



Слайд 12
Екі нүктелі қанқызы – Adalia bipunctata


Слайд 13Әдетте жиі кездесетін жыртқыш қоңыз. Қолдан көбейтіп, маусымдық шоғырландыру жолымен темекі

немесе басқа дақылдарда биттермен және басқа ұсақ бунақденелілермен биологиялық жолмен күресуге қолайлы. Шабдалы битін және басқа ұсақ бунақденелілерді белсенді түрде жойғандарын темекі егістіктерінде байқауға болады. Жылына 2-3 ұрпақ беріп дамиды.



Слайд 14
Кәдімгі алтынкөз – Chrysopa carnea


Слайд 15Кең таралған жыртқыш. Жылына 3-4 ұрпақ береді. Жыртқыштық обырлығы мен өсімталдығы,

қысқа мерзімде дамып жетілуі, экологиялық бейімділігі кәдімгі алтынкөзді биттермен және басқа зиянкестермен биологиялық жолмен күресуде маусымдық шоғырландыру арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.



Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика