Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері презентация

Мақсаты: Студенттерді минералды заттардың физиологиялық маңызымен және жіктелуімен таныстыру

Слайд 1Тамақтануда минералды заттар проблемасының гигиеналық аспектілері


Слайд 2
Мақсаты: Студенттерді минералды заттардың физиологиялық маңызымен және жіктелуімен таныстыру


Слайд 3
Жаңаша зерттеулер минералдық заттардың тіршілік үшін маңызды екендігін және биологиялық белсенді

заттар – биомикроэлементтердің үлкен топтарын бөліп қарастыруға болатын биологиялық әсерінің жаңа жақтарын айқындады.
Тамақтанудың қажетті құрамдық бөлігі болып табылатын минералдық заттарды зерттеу эпидемиялық аурулардың: эндемиялық жемсау, флюороз, тіс жегісі, стронцийлі мешел қатарларын қысқартылуын және таралуын ескертумен тығыз байланысты.

Слайд 4
Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы негізінен олардың қатысуымен анықталады:
1) пластикалық үдерістерде және

ағза тіндерінің құрамында, әсіресе сүйек тінінде фосфор мен кальций негізгі құрылымдық компоненттер болып табылады;
2) ағзадағы қышқылды – сілтілі тепе-теңдікті сақтау;
3) қандағы тұздың құрамын бір қалыпты ұстап тұру және оның элементтерінің формалық құрылымына қатысу.
4) сулы – тұзды алмасуды қалыптандыру.

Слайд 5
Минералды заттар біздің ағзамызға кіретін басқа заттар сияқты, шығындалады, бұл шығындардың

өлшемдері бірқатар себептерге, мысалы, қызмет түріне, жұмыс жағдайына, ағзының күйіне байланысты. Егер де адамның тағамы әр алуан болатын болса, ондағы барлық қажетті микроэлементтер жеткілікті мөлшерде болатын еді. Адам үшін қажетті көптеген минералдық заттардың маңызы мен мөлшері толығымен зерттелмеген.

Слайд 6
Кальций мен фосфор тұздарының сүйек жүйесінің басты құрамдық бөліктері болып табылатын

белгілі, фосфор жүйке және басқа да тіндердің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта жүрек бұлшық еті мен жалпы алғанда барлық бұлшықет жүйесінің дұрыс жұмыс жасауы үшін кальций мен магний тұздарының орны ерекше. Темір тұздары қанның бояушы затының құрамына кіреді де, оттегінің тіндерге тасымалдануына себеп болады, ал мыс тұздарының қанның жасалуындағы ролі ерекше.

Слайд 7
Ағза үшін көпшіліктің оны тек дәм беруші зат деп санап кеткен

кәдімгі ас тұзының маңызы ерекше. Шын мәніне келгенде, тамақта ас тұзының болмауы немесе ағзаның артық мөлшерде қабылдауы салмақты бұзылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Слайд 8
Ғылыми зерттеулер дәлелденгендей, егер ағза ұзақ уақыт көлемінде ас тұзын қабылдамаған

болса, бас айналу, естен тану, жүрек қызметінің бұзылыстары болады. Тұзды артық мөлшерде қабылдау жүрек қантамыр жүйесіне, бүйрек пен басқа да мүшелер жұмысына әсерін тигізбей қоймайды.

Слайд 9
Ағзаның минералды заттарды пайдалануы, олардың ішек қабырғалары арқылы сіңірілуі, біраз мөлшерде

шығарылатын өнімдерге байланысты. Кальций көздері сүт, сүтқышқылды өнімдер, сүт сарысуы, сыр.

Слайд 10
Фосфор ағзаға жануар және өсімдік текті өнімдермен түседі, ішекте жақсы сңіріледі.

Жануар текті өнімдерден алынған фосфорлы қосылыстар, бауыр, ми, ет, сыр, жұмыртқа жақсы қолданыста және жүйке жүйесіне, әсіресе ой жұмысымен қызу жұмыс жасағанда қолайлы әсерін тигізеді.

Слайд 11
Магнийдің де ағза үшін рөлі үлкен. Ол жүрек қызметіне, сүйек жүйесі

жағдайына әсер етеді. Магний тұздары көздеріне қара нан, жарма жатады. Егер қара нан аз қолданылатын болса, яғни бидай нанының ең жоғары сорты пайдаланылатын болса, онда адамдарға жүргізілген зерттеулер көрсеткен-дей магний ағзада азаяды. Осы өнімдерді – қара нан, жарманы көп пайдаланғанда, тағамда сүт және өнімдерінің жетімсіздігі кезінде ағза кальцийді жоғалтады, бұл сүйек жүйесінің зақымдануын болдыруы мүмкін.

Слайд 12
Жоғарыда ағза үшін ас тұзының маңызы көрсетілген болатын. Осылармен қатар, бүйрек

арқылы судың шығарылуына жоғары қан қысымы мен жүрек әлсіздігі кезінде маңызды су мөлшерінің реттелуіне себепкер болатын калий тұздарының рөлін атап көрсету қажет. Калийге бай көздерге түрлі көкөністер, мысалы, қырыққабат, картоп жатады. Натрий тұздары жануар текті өнімдерде болады, әдетке байланысты натрий ас тұзы түрінде түрлі мөлшерде енгізіледі.

Слайд 13Қорытынды сұрақтары:
1.Минералдық элементтердің физиологиялық маңызы қандай?
2.Минералдық элементтер қалай жіктеледі?
3.Фосфор

мен кальцийдің ағза үшін маңызы қандай?
4.Ағзадағы ас тұзының маңызы қандай?
5.Адам ағзасында калий, магний, мыс, йод қандай рөл атқарады?
 


Слайд 14

Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика