Талдагыштар физиологиясы презентация

Мақсаты: - сезім жүйелері туралы түсінік беру; - әлемді тануда талдағыштардың маңызымен және зерттеу әдістерімен таныстыру;

Слайд 1Талдағыштар физиологиясы
1. Талдағыштар туралы түсінік. Сенсорлық жүйенің түрлері, құрылымының жалпы принциптары.


2. Сенсорлық жүйенің қызметтері.
3. Перифериялық бөлімінің сипаттамасы. Рецепторлардың жіктелуі.
4. Өткізгіш және орталық бөлімдерінің қызметтері.
5. Сенсорлық жүйелердің бейімделуі және өзара қызметтері.
6. Талдағыштарды зерттеу әдістері


Слайд 2 Мақсаты:
- сезім жүйелері туралы түсінік беру;
-

әлемді тануда талдағыштардың
маңызымен және зерттеу әдістерімен
таныстыру;
- қабылдағыштардың жіктелуі және
әрекеттік сипаттамасы туралы түсінік
беру.


Слайд 3 Әртүрлі сыртқы және ішкі әсерлерді қабылдау және ол

ақпараттарды өңдеу арнайы сезімтал жүйелері – талдағыштар арқылы жүзеге асырылады.
Талдағыштар немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш (рецепторлардан), аралық және орталық жүйке жасушаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі.

Слайд 4Сезім жүйесінде қабылданған ақпараттар қозу толқындарына айналып, үлкен ми сыңарлары қыртысының

белгілі аймақтарына жетіп ажыратылады. Бұл жерде ең жоғарғы анализ және синтез жасалынады.
Талдағыштар туралы ілімді И.П.Павлов ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), өткізгіш жолдары (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі)

Слайд 5Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша, талдағыш

дегеніміз – мидың сезіну жүйесі. Өйткені әрбір психикалық іс-әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туындайды. Сыртқы дүниені тану әрдайым сезуден басталады. Ал сезу түйсікті қалыптастырады, сезу мен түйсік арқасында түсінік пайда болады. Сөйтіп, сезу, түйсік, түсінік таным удерістерінің алғашқы кезеңдері. Олар нақтылы ойлауды қалыптастырады.

Слайд 6 Талдағыштарды зерттеу әдістері

Талдағыштардың қызметтерін зерттеу үшін әртүрлі тәжірибелік

және клиникалық әдістер жиі қоладанылады. Олар морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, психофизиологиялық, электрофизиологиялық және тағы басқа әдістерден тұрады. Әрбір жеке талдағыштар туралы тәжірибелік сабақтарда оларды зерттеу әдістерімен толығынан таныс боласыздар.

Слайд 7 Қабылдағыштар (рецепторлар) сыртқы әсерлер мен организмнің ішкі өзгерістерін

қабылдайтын, оларды ерекше сезетін, алғашқы талдаудан өткізіп, қозу толқынын тудыратын (рецепторлық потенциал) және оларды әрі қарай өткізуге икемделген , эволюциялық дамуда толық бейімделген организмнің арнайы құрылымдары. Әрбір рецептор тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді, яғни қозғыштығы өте жоғары, сондықтан үйреншікті тітіркендірудің аз мөлшеріне өте сезімтал болады.

Слайд 10

Өткізгіш бөлім
Өткізгіш бөлімі - қабылдағыштардан келетін ақпаратты

өңдеуде өткізгіш жолдарының мәні зор. Барлық талдағыштардың өткізгіш бөліміне орталыққа тебетін жолдар мен олар байланысатын орталық ядролар жатады. Мысалы, жұлынның өткізгіш жолдары, таламустың әртүрлі ядролары мен ми қыртысының белгілі аймақтары. Сонымен қатар торлы құрылым, лимбиялық жүйе және мишық қатысады. Сезім жүйесінің афференттік жолдары арнамалы және бейарнамалы болып екіге бөлінеді. Арнамалы жүйеге тек бір ғана сезімді жеткізетін (сипап сезу, көру, есту) құрылымдар жатады. Бейарнамалы жүйе – бірнеше сезімдерді қабылдап өткізетін жолдар (торлы құрылым, таламус ядролары). Бұл жүйе ми қыртысының барлық аймақтарымен шашыраңқы байланыс жасайды.

Слайд 12
Орталық бөлім
Орталық бөлімі - өткізгіш жолдары арқылы сезім ақпараттары

ми қыртысының проекциялық (жобаланыс) және ұласқан (ассоциативтік) аймақтарына жетеді. Ми қыртысында әрбір талдағыштың белгілі орталығы бар. Бұл орталықтарда жоғарғы анализ және синтез жасалады. Мысалы, көру талдағышы ми қыртысының шүйде, есту - самай, қимыл – төбе аймақтарында орналасады.

Слайд 14Қабылдағыштардың жіктелуі
Тітіркендіргіштердің өзара әрекеттесу түрлері бойынша ажыратылады:


Слайд 15Әсер ету түрлеріне сәйкес ажыратылады:
Механорецепторлар - тітіркендіруші стимулдың механикалық энергиясын қабылдауға

бейімделген
Терморецепторлар – температуралық өзгерістерді қабылдайды;
Хеморецепторлар – химиялық заттар мен факторларға өте сезімтал ;
Фоторецепторлар – жарық энергиясын қабылдайды;
Ауырсыну – ауыртатын тітіркендіргіштерге аса сезгіш.
Дистанциялық және контакты рецепторлар бар.

Слайд 16Қабылдағыштардың құрылысы бойынша жіктелуі
Сезгіш нейрондардың бос немесе бос емес жүйке

ұштары

Слайд 17Қабылдағыштардың әрекеттік ерекшеліктері

1) әрбір қабылдағыш тітіркендірудің белгілі бір түрлерін (мәселен,

жарық, дыбыс, ыстық, суық т.б.) ерекше сезеді;
2) қабылдағыштар үйреншікті (адекватты) тітіркендірістерге қозғыштығы өте жоғары (мысалы, бір фоторецепторды коздыру үшін жарықтың 1 квант энергиясы жеткілікті);
3) қабылдағыштар тітіркендіргіш күшіне бейімделу (адаптация) қабілеті бар. Бұл жағдайда рецептордың сезгіштігі төмендеуі немесе жоғарлауы мүмкін

Слайд 184) Қабылдағыштарда тітіркендіргіштің әсерінен мембранасының кейбір иондарға (әсіресе натрийге) өткізгіштік қасиетінің

өзгеруі салдарынан жергілікті ток – рецепторлық потенциал (РП) пайда болады. Бұл потенциал сезгіш нейронның денесінен аксонға қарай өтеді де, таралатын әрекеттік потенциалға (ӘП) айналады.
Сонымен, талдағыштар сигналды табу және ажырату қызметін атқарады. Бұл сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлерін қабылдайтын, өңдейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды ұғынуға эволюциялық дамуда бейімделген арнайы қабылдағыштар арқылы жүзеге асады.

Слайд 19
Вебер-Фехнер заңы
Талдағыштардың сигналға талдау жасауда ең маңызды қабілеті – тітіркендірудің үдемелі

өзгерісін, уақыттық өзгерістерін немесе кеңістіктегі белгілерін табу. Мұндай ажырату әрекеті қабылдағыштан басталады.
Тітіркендіргіштің қарқынын ажырату табалдырығы бастапқы әсер еткен күшінен белгілі бір мөлшерде жоғары болады (Вебер заңы). Мысалы, қолдың үстіне қойылған бастапқы жүкке қосымша жүк қойылса, кейінгінің ауырлығын сезіну үшін ол алғашқы салмақтың 3%-на тең болу керек

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика