Генотиппик: G + С қарым-қатынасы, ДНҚ гибридизациясы, молекулярлыкқ барлау (зондирование),
плазмидтiк талдау, ДНҚ рестрикциясынын белшектерін полиморфизмі, риботиптеу.
Филогенетикалык: pPHҚ-iздiлiктi талдау, РНҚ-РНҚ-гибридтеу, праймерлер туындыларын
пайдаланып полиморфты ДНҚ-ын амплификациялау, 16S жоне 23S pPНҚ-ын секвестрлеу.
Жасуша қабығгасы - берiк, серпiлмелi жасушаға белгiлi бiр пiшiн берiп, жанындағы цитоплаз-
матикалық мембранамен бiрлесе отырып бактерия жасушасының iшiндегi жоғары осмостық кысымды
«ұстап» тұратын құрылым.
Цитоплазмалық мембрана - ультражұқа кесiндiлердi электронды микроскоппен екiндiгiн керемiз (аралары ашық түсті қабатпен белiнген, 2,5 нм қалындықтан тұратын 2 күңгірт қабаты болады). құрамы бойынша жануарлар плазмалеммасына ұқcac, ек! липидтi қабаттан және мембрана құрылымын тесiп өтiп жататын интегральды акуыздар мен беткейiне енгiзiлген фосфо-
липидтерден тұрады. Бұлардың кейбіреулері заттарды тасымалдауға қатысатын пермеазалар болып табылады.
Кептеген бактериялар микрокапсула түзедi, ол - қалындығы 0,2 мкм-ден жұқа, тек кана электронды микроскоппен байқауга болатын шырышты түзiлiм. Капсуладан анық сыртқы шекаралары байқалмайтын, мукоидты экзополисахаридтер - шырыш ретiнде ажыратуға болады. Шырыш суда ерiгiш болады.
Талшықтар - бактерия жасушасына қозғалғыштық қабілетін бередi. Талшықтар өз бастауын цитоплазмалық мембранадан алатын, жасушадан ұзындау болып келетiн, жіңішке жiпшелер болып келедi. Талшық қалындығы 12-20нм, ұзындығы 3-15 мкм болады. Олар үш белшектен тұрады: спираль тәріздес жiпше, iлмек жоне арнайы дискiлерден құралған (грам-оң бактерияларда 1 жұп, грам-терiс бактерияларда 2 жұп дискiлер) езегi бар базальдық денешiк. Талшықтар дискiлерiмен цитоплазмалық мембрана мен жасуша қабырғасына бекiтiледi.
Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз - флагеллиннен (flagellum - талшық) тұрады. Флагеллин суббiрлiктерi спираль тәріздес ширатылған. Бактериялардың талшықтар саны тырысқақ вибрионындағыдай бiреуден (моноmрих), iшек таяқшасы мен протейдiкiндей бактерияның жан-жағында орналасқан ондаған, жүздеген (nериmрихmар) болуы мумкін.
Лофотрихтар – жасушаның бiр шетiнде орналасқан талшықтар будасы. Амфитрихтар - жасушаның екі шетiнде бiр ғана талшықтан болады.
Споралар - жасуша қабырғасының құрылымы грам-оғ бактериялар сияқты, тыныштық жағдайдағы бактериялардың өзгеше формасы.
Споралар бактерияның тiршiлiк етуіне қолайсыз жағдайлар (кұрғату, қоректік заттар жетiспеушiлiгi және т.б.) туған кезде түзiледi. Бактерия жасушасының iшiнде бiр спора (эндоспора) түзiледi. Спораның түзiлуi санырауқұлақтардағыдай кебею тәсілі емес, бұл - түрдiң сақталуына ғана кемектеседi.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть