Мегаспорогенез және микроспорогенез презентация

Тақырып: Мегаспорогенез және микроспорогенез

Слайд 1ДАЙЫНДАҒАН:
Бекназар.Ж, Матиева.А
ТОБЫ:
ЖБИ-611
ПӘН:
Құрылымдық ботаника
ҚАБЫЛДАҒАН:
Бабаева Гүлмира


Слайд 2Тақырып:
Мегаспорогенез және микроспорогенез


Слайд 6Тозңқап пен тозаң:
1 – аталық: т – тозаңқап; ж – жіпшесі;

2 – жаңадан жетіліп келе жатқан тозаңқаптың көлденең кесіндіс; 3 – жетілген тозаңқап; 4 – жарылған тозаңқап; 5 – бір тозаңның құрылысы; в – вегетативті клетка; г – генеративті ядро (клетка); и – интина; э – экхина.

Слайд 7Аталық түрлері мен бөлімдері:
1-13 – аталық түрлері; т – тозаңқап, ж

– жіпше, д – дәнекер.

Слайд 10Аналық түрлері:
А – аналық аузы; М – аналық мойны; Т –

аналық түйіні (жатыны).

Слайд 11. Гинецейлердің (аналықтардың) өз ара кірігу түрлері:
1 – апокорпты гинецей; 2

– 4 синкарпты гинецейлердің кірігу түрлері; А – аналық аузы; М – аналық мойны; Т – аналық жүйіні.

Слайд 12МЕГАСПОРОГЕНОЗ.  ҰРЫҚ  ҚАЛТАСЫНЫҢ  ДАМУЫ         (МЕГАГАМЕТОГЕНЕЗ)
Мегаспоралардың пайда болуы мегаспорогенез деп аталады. Мегаспорогенез

— тұқым бүршіктерінде жүретін процесс (10-сурет). Тұқым бүршіктерінің жоғарыда қарастырылған құрылысы қалыптасқаннан кейін нуцеллустың субэпидермальды қабатының бір жасушасы көлемін ұлғайтып өсе бастайды. Бұл — археспориальды жасуша немесе мегаспоралардың аналық жасушасы. Диплоидты жасуша мейоз жолымен бөлініп, оның гаплоидты мегаспоралар тетрадасы пайда болады. Осыдан кейін ұрық қалтасы — аналық гаметофиттің қалыптасуы (мегагамметогенез) басталады. Одан ары төрт мегаспораның үшеуі жаншылып ыдырайды. Әдетте осылардың біреуі ғана, яғни тұқым бүршігінің халаза жағындағысы дамуын жалғастырады.

Слайд 13 10-сурет. Тұқым бүршігінің дамуы, мегаспорогенез және аналық гаметофит — ұрық қалтасының

дамуы:
А, Б, В, Г, Д - тұқым бүршігінің дамуы, бір археспориальды жасушаның пайда болуы; Е - археспориальды жасуша; Ж - археспориальды жасушаның редукциялық жолмен екіге бөлінуі; З — төрт жасушаға бөлінуі (төрт мегаспора) И - үш мегаспораның дегенерациялануы және бір мегаспораның қарқынды дамуы. К – мегаспораның өсе бастауы, оның ядросы екіге бөлінеді; Л,М — екі ядроның бірінен кейін бірі екі рет бөлініп, сегіз ядроның пайда болуы (полюсте төрт ядродан); Н- дамың жетілген ұрық қалтасы (аналық өскінше)

Слайд 14Мегас­пора жасушасы көлемін ұлғайтады, оның ядросы митоз жолы­мен кезектесіп үш peт

бөлінеді. Бірінші бөліну кезінде екі ядроның ортасындағы ірі вакуоль ұзарған жасушаның екі полюсіне ығысады. Бұдан кейін бұл ядролардың әрқайсысы екіден бөлініп, әр полюсте төрттен ядро қалыптасады. Бұл — ұрық қалтасы дамуының сегіз ядролық кезеңі. Одан әрі әр полюстен бір ядро бөлініп (полюстік ядролар), ұрық қалтасының ортасына қарай жылжиды. Бұлар ұрықтануға дейін, кейде одан кейін қосылады. Қосылу нәтижесінде ұрық қалтасының диплоид хромосомалы орталығы немесе соңғы ядросы пайда болады. Полюстерде қалған ядролар цитоплазмамен қоршалып, жасушаларға айналады да, бір-біріне жанаса тығыз орналасады. Микропиле полюсіндегі көлемінің үлкеңдігімен ерекшеленетін жасушаның біреуі аналық гаметаға — жұмыртқа жасушасына ай­налады. Оның жанындағы көлемдері шамалас екі жасуша синергидтер деп аталады. Жұмыртқа жасушасы мен оның синергидтері жұмыртқа аппаратын түзеді. Халаза полюсіндегі үш ядро дараланып дербес жасушаларға айналады. Бұл жасушалар антиподтар деп аталады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика