Гинкголар класы (гинкговые) презентация

Жоспар 1.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Гинкгоның классификациясы Гинкгоның өмірлік цикілі Гинкгоның қолданылуы ІІІ.Қортынды IV.Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 1Гинкголар класы(гинкговые)-GINKGOOPSIDA
Орындаған: Амирғазин Е.С.
Тексерген:Тыныбеков Б.М.
әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология

факультеті

Слайд 2Жоспар
1.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Гинкгоның классификациясы
Гинкгоның өмірлік цикілі
Гинкгоның қолданылуы
ІІІ.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер



Слайд 3Гинкголар класы
Гинкголар класы бір қатардан (Ginkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегі флорада

кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Ginkgoaceae). Тұқымдас екі қалақшалы гинкго (гинкго двулопасный – Ginkogo biloba) деген жалғыз түрмен белгілі. Шыққан жері Қытайдың Оңтүстік – Батысы. Ерте уақыттан бері оны Жапонияда және Қытайдың барлық жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш ретінде, мәдени жағдайда арнайы өсіреді. Бұл биіктігі 40 м дейін баратын, бөрік басы пирамида тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш.

Слайд 4Гинкгоның классификациясы
Бөлім: Гинго (гинкговидные)-Ginkgophyta
Класс: Гинкголар (гинкговые)-Ginkgoopsida
Қатар: Гинколар (гинкговые)-
Ginkgoales
Тұқымдас: Гинкголар (гинкговые)- Ginkgoaceae


Слайд 5Гинкго
Гинкго (лат. Gínkgobilóba)  Қытай, Жапон елдерінен таралған,кейде қылқанжапырақты, кейде жалпақжапырақты ағашқа

жатқызылатын, құпиясы көп, ғажайып өсімдік!

Гинкго - динозаврлар дәуірінен келе жатқан ағаш. Сол заманнан бері бұл ағаш аса өзгеріске ұшырамаған. Ыстық пен суыққа, газ бен отқа төзімді ағаш. Ғалымдардың зерттеуі бойынша гинкгоның кейбір түрлері 3000 жыл өмір сүреді.Көгалдандыру саласында 1691 жылдан бері қолданылып келеді. Көгалдандыруда кең қолданылғанымен табиғатта жоғалып бара жатқандықтан, 2000 жылы оны дүниежүзілік «Қызыл кітапқа» енгізген. Жапырақтары жүрек тәріздес болғандықтан, қытай, жапон елдерінде оны «махаббат ағашы» деп атап кеткен. Оның жапырақтарын жас ғашықтар бір-біріне сыйға тартады екен.


Слайд 6Гинкгоға сипаттама
Гинкго - биік агаш (биіктігі 30 м,

диаметрі 3 м), кабығы қошкыл-сүр түсті, моноподиальды бүтактанған, жапырактарының сағағы ұзын. пішіні үшбүрышты (желпуіштәрізді, веертәрізді). Жапырақ тақтаы жалпақ верр тәрізді болып келеді және сағағы болады .Жапырак тақтасынын ортасындағы жүйкесі жапырақты 2 симметриялы бөлікке бөледі.Ұзарған өркендерінде олар екі қалақты ,ортасы ойық болып келелді. Екі түрлі өркен болады:төбелік ұзарған және бүйірлік қысқарған.

Слайд 7Гинкгоның көбеюі
Гинкго екі үйлі өсімдік.Аталық стробилдері қысқарған өркендеріндегі

Жапырақтардың қолтықтарында пайда болады .Микроспорофилдері жоғарғы жағында Сорилері бар тіркестен тұрады.Ол көп жағдайда тек жарқышақтары арқылы қақырайтын,екі салбырап тұрған микроспорангиден тұрады.Аналық стробилдері де қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтығында орналасады.Әрбір стробилде екіден тұқымбүрі болады,олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады.Ұрықтануы
саговниктердегі секілді сперматозойдтардың көмегімен жүзеге асады.

Слайд 8Гинкгоның маңыздылығы
Гинкгоның жапырағы мен жемісін дәрілік мақсатта қолданады. Жемісі жеуге

жарамды, дәмі тұздылау, бірақ иісі жағымсыз. Елімізде бұл ағаш сәндік өсімдік ретінде танымал. Гинкгоның жапырағы мен ағашында зиянкестер мен ауруға ұшырамайтын қасиет бар. Оның кепкен жапырақтарын көне қолжазбалардың арасына салу арқылы кітап құртынан сақтаған. Хиросимадағы атом бомбасынан кейін гинкгоның тірі қалғандығы, оның өміршеңдігін білдіреді

Слайд 9 Гинкгоның маңыздылығы
Тұқымы пісірлген,
қуырлған күйінде жеуге жарамды.


Тұқымы арқылы арнайы жылыжайларда көбейтеді. Алғашында тұқымнан өскен көшет жай өседі де, биіктігі 1,5 - 2 метрге жеткен соң өсуі жылдамдайды. Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.


Слайд 10Қортынды:
Елімізде бұл ағаш сәндік өсімдік

ретінде танымал. Көгалдандыру саласына шет елден әкелініп жерсіндірілуде. Күзге таман барлық жапырағы алтын түстес сарыға боялады. Қос үйлі өсімдік болғандықтан гүлі тозаңдану үшін бір еркек, бір аналық гинкго ағаштарын қатар отырғызу керек.Сондай-ақ ағаштың құндылығы қарағайлармен бірдей!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика