Ақтөбе облысының табиғи алқаптарында және мәдени егістерінде аса қауіпті зиянкестер шегірткелердің түрлерін анықтау және олармен күресу шараларын дер кезінде және жүйелі жүргізілуі қажет.
Италияндық шегіртке Ақтөбе облысы жағдайында сәуір айынан бастап шығады. Мамырдың екінші онкүндігінен бастап егістікке шабуылы басталады, яғни зиян келтіру кезеңі. Маусымның екінші онкүндігінде өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Сәуірдің бірінші онкүндігінен маусымның бірінші онкүндігіне дейін күбірше ішінде қыстайды. Мамырдың екінші онкүндігінен тамыздың бірінші онкүндігіне дейін дернәсіл фазасында болады. Кейін маусымның екінші онкүндігінен қыркүйектің екінші онкүндігіне дейін ересек күйге көшеді. Шілденің екінші онкүндігінен бастап қыстауға кетеді.
Италиян шегірткесінің имагосын, дернәсілін жою үшін Диурон с.к - 0,05л/га, Даклоприд,20% - 0,06л/га, Комбат 550 – 0,15л/га мөлшерде бүркілді. Аталған препараттардың ішінен Комбат жоғары биологиялық тиімділікті(85,3%) көрсетті.
Ақтөбе облысы жағдайында табиғи жайылымдардың шаруашылықтық тиімділігі есептелді. Диурон препартын қолданғанда өнімділік 6,1 ц/га, Даклоприд,20% 6,5 ц/га, Комбат 550 к.э. 7,2 ц/га. Олар сәйкесінше бақылау нұсқасымен – 12,2%,13,0% және 14,4% болды.
Химиялық препараттарды италия шегірткесінің дернәсілдерін жоюға пайдалану экономикалық жағынан тиімділігімен ерекшеленді.Өндірілген өнімнің өзіндік құны да пішен өнімділігі жұмсалған шығынмен тікелей байланысты екені белгілі. Егер өндірілген өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болса, онда өндірістің рентабельділік деңгейі артады. Біздің өндірістік тәжірибеден алынған ең арзан препараттар Даклоприд, 20% бен Комбат, 550 бүркілген нұсқада 873,6-1140тг аралығын көрсетті. Өндірістің рентабельділігі 14,0-48,8% аралығында болып, ең жоғарғы көрсеткіш Комбат пен Даклоприд бүркілгенде 48,8% бен 38,3% болды.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть