Адам анатомиясы. Іштің бұлшық еттері презентация

Жоспары: 1. Бұлшық еттердің анатомиялық бөліктері мен атқаратын қызметтері 2. Іш бұлшық еттерінің түрлері

Слайд 1Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


Биология кафедрасы
Жаратылыстану-математика факультеті

Адам анатомиясы
Іштің бұлшық еттері

Орындаған: Рүстемұлы Мират
Тексерген: Жуманиязова А. Ж

Слайд 2Жоспары:


1. Бұлшық еттердің анатомиялық бөліктері мен атқаратын қызметтері
2. Іш бұлшық еттерінің

түрлері



Слайд 3Бұлшық еттің анатомиялық бөліктері. Бұлшық ет (musculus) мүше ретінде үш бөліктен

тұрады. Олар: бұлшық еттің басы (caput musculi), бұлшық еттің құрсағы (venter musculi) және бұлшық еттің құйрығы (cauda musculi). Бұлшық еттің басы — қозғалмайтын сүйектен басталатын сіңір бөлігі. Ал оның құрсағы ет талшықтарынан тұратын бұлшық еттің ортаңғы бөлігі. Ол негізінен жиырылу қызметін атқарады. Бұлшық еттің құйрығы деп - екінші қозғалатын сүйекте аяқталатын оның сіңір бөлігін айтады.

Слайд 4Бұлшық еттер дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе-теңдігін сақтаумен қатар, организмдегі тыныс

алу, құрсақты қатайту, шайнау, несеп шығару және тағы басқа қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар қанмен келген органикалық қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) құрамындағы химиялық қуаттың (энергияның) 70,0 % -ын жылу энергиясына,  тек 30,0 %-ын ғана механикалық жұмысқа айналдырып, дене  қызуын реттеуге қатысады.

Слайд 5Біліктік қаңқаның бұлшық еттері өз кезегінде: бастың, тұлғаның және құйрықтың бұлшық

еттер топтарына бөлінеді. Тұлғаның бұлшық еттері төрт бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Олар: І.Иық белдеуінің бұлшық еттері немесе алдыңғы аяқты тұлға мен бас аумақтарына бекітетін бұлшық еттер; 2. Омыртқа бағанының бұлшық еттері; 3. Көкірек керегесінің бұлшық еттері; 4. Құрсақ қабырғасының бұлшық еттері.

Слайд 6Іштің сыртқы қиғаш  бұлшық еті бесінші және алтыншы қабырғалардан бастап, соңғы

қабырғаға дейінгі, олардың төменгі төссүйектік ұштарының сыртқы жиектерінен басталып, етті бөлігі сербекке қосымша бекиді. Одан соң ол каудо-вентральды жаққа қарай қиғаштала бағытталып, жалпақ сіңірге (апоневроз — лат.ароneurosis) айналады да, бекіп аяқталатын аумақтарына сәйкес құрсақ, сан, жамбас бөліктеріне бөлінеді. Жалпақ сіңірдің құрсақ бөлігі қарсы жақтың аттас сіңірімен қосыльш, құрсақтың төменгі бетіндегі ақсызықты құрайды. Апоневроздың жамбас бөлігі мықын және шат сүйектерге бекиді. Сан бөлігі шат төмпегінен басталып, ортан жіліктің медиальды бетіндегі шандырмен қосылып кетеді


Слайд 8Іштің ішкі  қиғаш бұлшық еті  құрсақтың бүйір қабырғасының ортаңғы ет қабатын

құрайды. Ол сербектен басталып, бұлшық еттік бөлігі қабырға доғасының ішкі бетіне бекіп, бұлшық еттің жалпақ шандыры құрсақтың вентральды бетінде қарсы жақтың аттас бұлшық еті шандырымен байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады. Еркек жануарларда аталмыш бұлшық еттің каудальды жиегінде шап өзегінің ішкі сақинаша тесігі орналасады.

Слайд 9Іштің тік бұлшық еті көкіректің тік бұлшық еті сіңірінен, төртінші және

алтыншы қабырғалар шеміршектерінен және төссүйектен басталып, құрсақтың вентральды бетіндегі ақсызықтың екі қапталымен бойлай созылып, шат сүйектің шат қыры мен шат төмпегінде аяқталады. Құрсақтың тік бұлшық еті құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш бұлшық еттері аралығында орналасады. Құрсақтың тік бұлшық етінде көлденең өтетін сіңірлі аралықтар болады. Жылқыда бұл еттің соңғы бөлігінен жұмыр сіңір бөлініп, жамбас-ортан жілік буынына бағытталып, оның қосымша байламына айналады да, ортан жілік басының шүңқырында аяқталады.

Слайд 10Іштің көлденең бұлшық еті бел омыртқалардың көлденең өсінділерінен және қабырға доғасының

ішкі бетінен басталып, бұлшық еттің жалпақ сіңірі қарсы жақтың аттас бұлшық еті сіңірімен байланысып, ақ сызықты түзуге қатысады. Аталмыш бұлшық ет құрсақ қабырғасындағы бұлшық еттердің ең ішкі қабаты.

Слайд 11Пайдаланылған әдебиеттер


Кузенбаева Әмина Оспанқызы, Адам анатомиясы, Алматы 2015 ж
А. Рақышев «Адам

анатомия», 151-159, 200-212 беттер




Слайд 12Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика